Ұлттық болмысты сақтау- рухани жаңғырудың ең басты шарты
Автор: Rai01 • Январь 24, 2019 • Доклад • 275 Слов (2 Страниц) • 2,260 Просмотры
Ұлттық болмысты сақтау- рухани жаңғырудың ең басты шарты
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Рухани жаңғыру дегеніміз жан дүниеміздің рухани бай , сана-сезім, оқу-білім түйсігіміздің терең әрі қазыналы болуы. «Қазақ» деп қазық қаққандай бірқалыпты орықты ел болуымыз үшін ұлттық болмысты сақтауымыз керек. Ең алдымен ұлттық болмыс деген не? Соған тоқтала кетсек. Ұлттық болмыс қазақ халқының көне замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихы, қалыптасу жолдары, материалдық және рухани мәдениеті, салт-дәстүрлері. Біздің ұлттық болмысымызда сонау ата-бабаларымыздың қанымен келген тылсым күш, адуынды нық қадам, тегеурінді сөз, алпауыт ыстық қайрат жатыр. Сол болмысымызды сақтау үшін ғасырлар бойы жинақталған құндылықтарды құрметтеу қажет. Ол негізінен материалдық, мәдени, рухани мұраларды сақтау және салт-дәстүрлерді насихаттауға негізделуі керек.
Салт – дәстүрлерді жандандырып, қаншылықты мән-мағынаға ие екендігін әр қазақ азаматы мен азаматшасы түсінуі керек. Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар, Рухани Жаңғыру» мақаласында көрсетілгендей ұлттық салт-дәстүрді сақтай отырып алға жылжу керек екенін ұқтырды. Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Қазақ елінің бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамуға ұмтылуы заңдылық. Дегенмен, ең бастысы жаһандық өзгерістер кезеңінде біз ұлттық ерекшелігімізді, құндылығымызды
...