Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Киноның біздің өміріміздегі орны

Автор:   •  Октябрь 12, 2020  •  Эссе  •  606 Слов (3 Страниц)  •  2,609 Просмотры

Страница 1 из 3

                                         Эссе

Киноның біздің өміріміздегі орны

     Қазіргі таңда фильмдерді, телехикаяларды, мюзиклдарды көру біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады. Бұл заманда қол жетімді және танымал материалдардың бірі. Киноның маңыздылығы және оның бізге қалай әсер ететіні туралы ой толғайық.

       Кино - 1890 жылдары кинофотокамералар ойлап табылып, фильм шығаратын компаниялар құрыла бастаған кезде басталды. Ағайынды Люмьерлер кинематографияны ойлап тапқаннан кейін, кино бүкіл әлемге кең тарады. 1907 жылы фильмдер әдеби шығармалар негізінде түсіріле бастады. Қазіргі таңда үлкен экраннан көруге болатын фильмдерді, кітап ретінде басылымға шығаруда.

     Біздің өмірімізде фильмдер қандай рөл атқарады?

     Әрине, фильмдердің біздің өмірімізге әсері өте зор және менің ойымша, көпшілігі менімен келіседі деп ойлаймын. Біз бәріміз фильм көруді жақсы көреміз.

     Фильмдер бізге көп әсер етеді: олар бізді қайғыға салады немесе күлдіреді, ойландырады, түрлі эмоциялар мен оқиғаларды тудырады, кейбір сұрақтарға жауап береді, қоршаған әлем туралы түсінік береді, арман мен иллюзия әлеміне қашуға көмектеседі, стрессті жеңілдетеді. Айта берсек көп тізімі шексіз.

     Әр нәрсенің өзіндік оң және теріс жақтары бар. Кино әлемінің де өзінше бір сабақ алар тұстары бар. Пайдалы жағы ұшан – теңіз. Солар жайлы айтайық.

     Ең алдымен ол – жастарға тигізетін әсері. Фильмдердің көмегімен олар өмірлерінде болып жатқан қиыншылықтардан алшақтауға көмектеседі. Және фильдердің арқасында олар көптеген тарихи оқиғалар жайлы білетін болады. Мысалы, Томирис фильмі. Ежелгі тайпалардың тарихы жайлы, сол замандағы билігі бейнеленген.

     Ендігі кезекте – көптеген таңдау жанрлары. Кино әлемінде әр адамның талғамына фильм табылады. Яғни, комедия, роман, драма, ғажайып, детектив және тағы басқа.

     Соңғы артықшылық ол – өмірлік ұстанымын. Белгілі бір фильмді көргеннен кейін, сенің ойында көптеген өзгерушілектер болады. Неге олай? Бұл дұрыс па? Мен бұл жағдайда не істер едім? Деген сұрақтар пайда болады. Осы сұрақтар сенің өмірге деген көз қарасынды өзгертеді.

      Ал, енді кемшіліктерге ой толғайық.

      Бірінші кезекте, жасөспірімдер арасында белгілі жанрдағы танымал фильмдер ерекше алаңдаушылық туғызады. Орта және жоғары мектеп оқушылары өздерін қалай көрсету керектігін білмейді. Олар экрандарда ұсынылған бейнебаяндарды көре отырып, соған електейді, соның кесірінен өздерінің жеке ерекшеліктерін ұмытып, еліктеуге арналған дайын көріністерді қолданады.

...

Скачать:   txt (7.6 Kb)   pdf (49.7 Kb)   docx (9 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club