Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ұлттық киноның БАҚ-тағы насихаты

Автор:   •  Апрель 2, 2018  •  Реферат  •  3,521 Слов (15 Страниц)  •  906 Просмотры

Страница 1 из 15

Ұлттық киноның БАҚ – тағы насихаты

Кино – өмір айнасы. Ұлттық идеялогияны қалыптастырушы, халықты тәрбиелейтін пәрменді құрал . Кино бүгінде телевизияның ғана емес, барша адамзат өмірінің бір бөлшегіне айналып үлгерді десем қателескенім емес. Оның қоғам өмірінде алар орны да ерекше. Сол себепті осы орынға талас та аз емес. Енді киноны жасап халыққа ұсынуды киногерлерге берсек, біздің міндетіміз – санын азайтсақ та сапасын арттырып көрерменге көрері мен берері мол дүниелерді насихаттау. Жоғарыда айтып өткендей, кино – ұлттық идеялогияны қалыптастырушы пәрменді құрал, бізге осы қасиетті тиімді пайдалану қажет. Шет елдің кинотуындыларын насихаттасақ, жат жұрттың салт – санасын өз халқымызға сіңіргеніміз емес пе?!

Жұмыстың мақсаты: көлеңкеде қалып келген ұлттық кинотуындыларды насихаттау. Ұлттық кино арқылы ұлттық идеялогияны қалыптастыру.

Жұмыстың барысы:

Киноның өзі жарнама. Халық кинодан не алады және нені үйренеді. Көпшіліктің киноны жарнама құралы ретінде пайдалануы және ұлтттық идеялогияны насихаттаудағы мүмкіндіктеріміз.

Қазақ киносының әлемдік аренадағы орны және шет ел фильмдерінің қазақ мәдениетіндегі рөлі.

БАҚ- тағы ұлттық кино насихатының нақты көріністері мен негізгі проблемалары.

ҚОРЫТЫНДЫ.

1 – бөлім

Кино туралы не білеміз?!

Әлемдік киноның даму жолын үлкен 4 кезеңге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезеңі – тұңғыш киноның шыққан жылы. Әрине, кино пайда болысымен түрлі түсті, дыбысты болып шыққан жоқ. Ол көптеген асулардан өтіп, дәл қазіргі қалпына келді. Оның дүниеге келуімен, «театрлар жабылады» дегендер де болды. Алғаш кино “жанды фотография” түрінде пайда болып, көп кешікпей көркем фильм, деректі кино және ғылыми-көпшілік кино деп аталатын үш салаға бөлінді. Тұңғыш фильмдерде баяндалатын оқиға таспаға ірі бөлшектермен түсіріліп, бір-бірімен астына жазылған мәтіндер арқылы ғана жалғасты. Кинода дыбыс болмағандықтан, актерлер сөйлейтін сөздің орнын театрлық шебер ойынымен, бейнелі ыммен толықтырды. Кино өнері дамуының екінші кезеңі – 20-ғасырдың басынан басталды. Бұл дыбыссыз (“мылқау”) киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезі. КСРО-да С.М. Эйзенштейннің “Потемкин” бронды кемесі” (1925), “Қазан” (1927), В.И. Пудовкиннің “Ана” (1926), “Санкт-Петербургтің ақыры” (1927), А.П. Довженконың “Арсенал” (1928), т.б. фильмдері дүниежүзілік кино өнерінің дамуына ықпал етті. Германияда “көңіл жұбату” және экспрессионистік фильмдермен қатар демократиялық бағыттағы кинокартиналар, АҚШ киносында Ч.Чаплиннің, Э. Штрогеймнің, К.Видордың фильмдері дүниеге келді. Кино өнері дамуының үшінші кезеңі 20 ғ-дың 30-40-жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде кинотаспаға дыбыс жазу техникасы игерілді. Кинодраматургия қауырт өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлер шығармашылығына кең жол ашты. Кеңес кинематографистері Ф.М. Эрмлер мен С.И. Юткевичтің “Жолығыс” (1932), Г.Н. және С.Д. Васильевтердің “Чапаев” (1934), Г.М. Козинцев пен Л.З. Траубергтің “Максим туралы трилогия” (1935 – 39), Е.Л. Дзиганның “Біз Кронштадтанбыз” (1936), А.Г. Зархи мен И.Е. Хейфицтің “Балтық депутаты” (1937), А.П. Довженконың “Щорс” (1939) секілді фильмдерінде кеңес идеологиясы басты орын алды. Неміс-фашист басқыншылары КСРО-ға шабуыл жасаған кезден бастап деректі киноның рөлі артты. Соғыс жылдарындағы кеңес азаматтарының ерлігін бейнелеген “Ауком секретары” (1942, реж. И.А. Пырьев), “Ол Отанын қорғайды” (1943, реж. Ф.М. Эрмлер), “Кемпірқосақ” (1944, реж. М.С. Донской), “217-адам” (1944, реж. М.И. Ромм), “Шапқыншылық” (1945, реж. А.М. Роом) атты фильмдер шығарылды. Бұл дыбыссыз (“мылқау”) киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезі. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, кино өнері дамуының жаңа кезеңі басталды(төртінші кезең). Бұл жылдары кинотехниканың жетіле түсуімен бірге

...

Скачать:   txt (49.9 Kb)   pdf (87.4 Kb)   docx (27.2 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club