Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Өзгерістер енгізу заман талабы

Автор:   •  Октябрь 7, 2020  •  Реферат  •  7,263 Слов (30 Страниц)  •  490 Просмотры

Страница 1 из 30

Өзгерістер енгізу заман талабы.

   Бәсекеге қабілетті ұрпақты алға жетелеп  шығатын нәрсе тек білім ғана. Сондықтан саналы тәрбие, сапалы білім алатын ұрпақтан салиқалы ой, парасатты пайымдау күту үшін  мұғалім өзі де «45 жыл мұғалім болса да, 45 минуттық сабағына дайындалып келуі керек» (орыс педагогы А.С. Макаренко)

Негізгі мақсатым-бағдарламаның жеті модулін сабақта қолданып ықпалдастырсам деймін.  Себебі баланың  есте сақтау қабілетін, зерделеу, бақылау, пайымдау, түсіну, ерекше идеяларды табатын, проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылатын тұлға тәрбиелеу.  Мен басымдықты «Диалогтік оқуға» берсем деп отырмын. Себебі оқушының ойын ашық айтуға, ортамен қарым-қатынас жасауға,  оқушылардың сын тұрғысынан  ойлауына ықпал етеді. Өзімнің мектептегі тәжірибемде жеті модулді табысты қолдануда Бағдарлама мен ғалымдар ұсынған  нұсқауларды  пайдалана отырып сабақ өтсем деп жоспарлаудамын.Сындарлы оқытудың мақсаты –оқушы пәнді терең түсінеді, қабілеті дамиды, алған білімін өмірде де тиімді пайдалануға ықпал етемін.Осы мақсатты сабақ өту барысында оқушылармен бірлесе отырып жүзеге асырсам деп отырмын.

Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып , оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Ғылыми- зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті.  Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. «Мұғалім-оқушы», сондай-ақ «оқушы-оқушы» арасында шығармашылықпен өтетін өз пікірін  негізді, тұжырымды түрде білдіруге жетелейтін әңгімені ынталандырып, қуаттайтын оқыту әдістерін «диалогтік  оқыту» деп атауға болатынын оқушымен жұмыс барысында дәлелдеп көрсем.

Диалогтік оқыту баланың қабілеті мен талантын ашуға көмектеседі. Кез –келген жастағы баланың қызығушылығын арттыратын тапсырмалардың барлығы сұрақ-жауап әдісіне құрылады. Сондай-ақ диалогтік оқытудың «әңгіме-дебат» түрі де оқытуда жиі пайдаланылады.Өзара пікірсайыста, пікіралмасуда әңгімелесудің бұл түрінің оқушылар шығармашылығын арттыруда пайдасы мол. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса , оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес , вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Сабақта оқушылармен  диалог құра отырып оқыту арқылы жаңа әдіс-тәсілдер пайдаланып , талантты және дарынды балалардың жұмысымен көшбасшыларды анықтауда оларды сыни тұрғыдан да ойлантуға болатынын байқауға болады.

 Осы орайда менің мақсатым диалогтік оқыту арқылы  оқушылар белсенділігін арттыра отырып сабақ барысын басқа модулдермен ықпалдастырсам  деп жоспарлап отырмын. Өз сабағымда нәтижеге қол жеткізу үшін  нақты орта мерзімді жоспарымда  5 «Ә» -сынып оқушыларымен 4-бөлім «Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі»  тақырыбы бойынша тізбектелген төрт сабағымда «Төрт түлік», «Жалқау жануарлар», «Қызғалдақ», «Еңбекқор ара»  сабақтары барысында  тәжірибеден өткізсем, көзім нақты бір озгеріске қол жеткізем деп ойлаймын. Орта мерзімді жоспардағы мақсатым :  Мәтін мазмұнын меңгерту арқылы одағай сөздерді, ауыспалы сөздерді тиімді қолдана отырып диалогқа түсіру. Орта мерзімді жоспарлауда мынадай әдіс-тәсілдерді қолданамын. «Айналмалы бекет», «Әлемді шарлау», «Ыстық орындық», «Жариялау»,  «Салыстыру кестесі», «Екі жақты күнделік» әдіс-тәсілдерін сабағымда баланың ойын шыңдау үшін, еркін ойын айту үшін қолданамын.   Сабағымда  бағалаудың   ынталандыру, өзара бағалау   « Білім қоржыны» кері байланыс, «Бас  бармақ»  арқылы бағалауды ықпалдастырамын. Себебі, оқушылар өзіндік оқуға белсенді қатысуына, оқуға деген ынтасы мен өзін –өзі бағалауына терең ықпал етеді.

...

Скачать:   txt (76.7 Kb)   pdf (262.1 Kb)   docx (47.4 Kb)  
Продолжить читать еще 29 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club