Ақпарат тез тарауы – бұл заманның талабы
Автор: Аяулым Утарова • Декабрь 6, 2020 • Эссе • 292 Слов (2 Страниц) • 426 Просмотры
Эссе
Ақпарат тез тарауы – бұл заманның талабы
Тоқсаныншы жылдарда таршылық көрседе мемлекетіміз бүгінгі уақытта БАҚ қызметі жағынан барлық мемлекетпен тең. Ақпараттың тарауы ұшқан құстан да тез болатын, кешегі күн үшін ертегідей заманда өмір сүреміз. Ал бұл өзгеріс күнделікті өмірімізге өзгеріс алып келді ме?
Барлық кішіден үлкенге дейін білетін қазір әлеуметтік желілер, ғаламтор, теледидар нағыз ақпарат көздеріне айналып кетті. Оның қатарында газет-журналдар да бар, бірақ біз оларды да бұрыңғыша қолданудан қалып бара жатырмыз. Қазақстанның БАҚ-ы дамыған кезде негізгі ақпарат газет-журналдардан болатын, бүгінде солай, бірақ, біз электронды түрде ақпарат алғанды «ұнатамыз» десек те болады. Ақпарат керек болса кітаптан да ізденуге болады, бірақ бізге электронды түрде «қолайлы». Неге? Міне, біздегі өмірге келген үлкен өзгеріс осы! Біз сан алуан жаңалықты спорт журналынан, саяси газеттен алуымызға болатынын білсекте біз оны не теледидар, не телефон арқылы білеміз. Себебі, онла барлығы бар, бәрін бір жерден әрі тез біле аламыз. Жаңалық пен хабардан тыс қарапайым мысал келтірейін. Мысалға, қолымызда кітап пен телефон. Бізге бір ақпарат керек болады, ал кітап сол ақпаратқа қатысты екенін білеміз, бірақ біз оны телефон арқылы тез ала саламыз. Міне, бізге келген «ыңғайлы» кедергі осы. Ертең не боларын білмесекте бәрібір тиімділік іздейміз. Сол үшін де қазір газет-журналдар кітаптар қалды десекте болады. Керісінше өзімізге залалы тиерін еске алған жөн.
Бұның барлығы заман талабымен орын алып жатқан жағдай деп қарай қояық. Бірақта сонымен бірге, бүгінгі бәсекелі заманда тек «оқырман» кейіпінде жүре беру бізге жараспайды. Еліміздің алға қойған мақсаттары жетерлік. Сол үшін ақпаратты және ақпарат құралдарын жетілдіру әрбір көзі ашық азаматтар мен азаматшалардың қолдарынан келеді. Сондықтан бүгіннін өзінде ертегі болып көрінетін нәрсеге ертең тағы жетейік десек, ізденейік, зерттейік. Дүниедегі ең жылдам нәрсе ақпарат дамуы болса сонымен бірге уақыттың өтуі де көзді ашып-жұмғанша. Уақытымыз қазірмен тоқтап қалмайды.
...