Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар

Автор:   •  Декабрь 13, 2021  •  Реферат  •  1,057 Слов (5 Страниц)  •  370 Просмотры

Страница 1 из 5

                                                                                                     Орындаған:Ж.Рахматулла

                                                                                                               Тобы:ФҚӘ-111

                                                                                                          Қабылдаған:Ж.Исаева

                      3.Әртүрлі күрделілік деңгейдегі тапсырмалар (сұрақ-жауап):

 Деңгейлік тапсырмалар:

Жеңіл деңгей: Тілдік таңба мен жалпы таңбаның айырмашылығын  айтып беріңіз.Тіл таңбалардың коммуникативті жүйесі болып саналады, сондықтан, тілдің таңбалық сипаты оның басты ерекшеліктерінің бірі. Тілді басқа таңбалар жүйесімен салыстыра қарастыра бастаған Ф.де Соссюр болатын. Ол «Тіл дегеніміз идеяларды білдіретін таңбалардың жүйесі, демек оны жазумен, мылқаулар үшін жасалған әліпбимен, сыпайылық формаларымен, әскери сигналдармен және т.б. салыстыруға болады. Ол (тіл) тек осы жүйелер ішіндегі өте-мөте маңыздырағы». Қазіргі кезде әр түрлі ғылым саласының қызметкерлерінің басты проблемасы таңба мен мағынаның арақатысын ажырату. Тілдік элементтердің төрт түрлі қызметіне: белгілеу (таңбалау) қызметі, жалпылаушы қызметі, коммуникативті қызметі және прагматикалық қызметіне қарай ажыратуға болады.Жалпы таңба атаулының бәрінің айрықша белгісі таңбаның екі жақтылығы – таңбалаушы және таңбаланушы. Тілдік таңбалардың белгілерінің бірі – еріктілігі (произвольность). Бір зат немесе ол туралы ұғым әр басқа тілде әр басқа дыбыстық комплекспен аталуы мүмкін. Тілдің таңбалық табиғаты шартты таңбалар жүйесінен басқаша болады. Себебі, тіл – ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасаудың құралы. Ал басқа таңбалардың қолдану жүйесі әлде қайда тар, хабарлау мүмкіндігі аз болады. Тілден басқа барлық таңбалар жүйесі қолдан жасалады, келісім бойынша өзгере алады. Дыбыстық тіл бұлайша өзгертуге келмейді. Барлық таңбалар жүйесі, сайып келгенде, дыбыстық тілге негізделеді. Шартты таңбалардың барлығының да мағынасы тіл арқылы айқындалады және дыбыстық тілге аударылады. Қандай бір таңбалардың жүйесі болсын, ол сөйлесіп, пікір алысатын құрал – тілді ауыстыра алмайды. ілдік таңба мен шартты таңбалардың арасында ұқсастық : екеуінде де форма мен мазмұн бар, екеуі де – бірдеме жайында“хабарлаудың” құралы. Ал айырмашылықтары:

1. Тіл – ойды білдірудің, пікір алысудың, қатынас жасасудың кең көлемде қолданылатын жалпылама құралы. Шартты таңбалардың қолдану өрісі тілге қарағанда әлдеқайда тар, хабарлау мүмкіндігі анағұрлым аз.

2. Тіл мазмұнды ғана білдіріп қоймайды, сонымен бірге, адамның хабарлайтын жайға қатысын, қалай қарайтынын, ұнатуын немесе ұнатпауын, қуанышын немесе қайғысын да білдіреді (эмоциялықэкспрессивтік қызмет). Мұндай қасиет таңбалардың басқа жүйелерінде (мысалы, жол белгілерінде) жоқ.

Орташа деңгей:Таңбаның дыбыстық тілден айырмашылығын, Тілдік таңба және таңбаланушы арасындағы байланысты түсіндіріңіз.

Күрделі деңгей: Ғалымдардың тілдік таңбаларды білдіретін мағыналарының мәндеріне карай симптомдар, сигналдар, символдар деп үшке бөліп қарастыруы.тұжырымдаңыз

Таңба алғашқы емес, екіншілік қызметін атқарады; Жіберушісі мен қабылдаушысы бар. Белгілі бір әлеуметтік хабардың көрсеткіші болып табылатын материалдық дене. Таңба (знак) дегеніміз — басқаларға білдіруге, хабарлауға арналған  белгілі бір ұғымның шартты белгісі. Мысалы, бағдаршамның (светофордың)  қызыл жарығы — «жүруге болмайды» деген, шеберхананың маңдайшасына ілінген теледидардың немесе жазу машинкасының суреттері – «көрсетілген  зат осында жөнделеді» деген мағынаны білдіретін таңбалар. Лингвистикалық әдебиеттерде таңбаның өзін — таңбалаушы деп, ал ол білдіретін мағынаны — таңбаланушы деп атайды. Таңба мен таңбаланушының арасындағы қатынас шартты болады. Ол алдын ала келісуге байланысты. Мәселен, «жүруге болмайды» деген мағынаны білдіру үшін бағдаршамның кызыл жарығын алмай, басқа бір жарықты, айталық, көк немесе сарыны алуға әбден болатын еді. Өмірде кездесетін таңбалар лингвистикалық таңбалар, лингвистикалық емес таңбалар делініп, екі топқа бөлініп қарастырылып жүр.Лингвистикалық таңбаларға дыбыс тіліне тән элементтер жатады да, линвгистикалық емес таңбаларға бағдаршам жарықтары, жол белгілері, түрлі сигналдар, гудоктар, маяктар, бакендер, математика, физика ғылымдары қолданылатын шартты белгілер, т.б. жатады.Таңбалардың ішіндегі ерекше гүрі - тілдік (лингвистикалык) таңба.. Тілдік таңбаларды лингвистикалық семиотика ғылымы зерттейді. Лингвистикалық семиотиканың негізгі мақсаты - тілдік таңбаларды қарастыру, тілдік элементтердің таңбалық сипатын ашу, олардың құрылымдық, функционалдық ерекшеліктерін, мағыналарын айқындау.Ф. де Соссюр: «Таңба екі жақты болады: оның бірі — материалдық жағы да (яғни, дыбыстық жағы — акустикалық бейне), екіншісі — идеялық жағы (мағынасы). Материалдық жағы таңбалаушы (сөз) болады да, идеялық жағы таңбаланушы (зат, ұғым, мағына) болады. Бұл екі элемент өзара тығыз байланысты. Таңба дегеніміз — осы екеуінің бірлігі», - дейді. Демек, таңба дегеніміз - сезім мүшелерінің бірі арқылы қолданылатын, бірдемені білдіретін, хабарлайтын материалды элемент, ал таңбаланушы дегеніміз —сол таңбаның білдіретін мағынасы. Ғалымдар тілдік таңбаларды білдіретін мағыналарының мәндеріне карай симптомдар, сигналдар, символдар деп үшке беледі.Симптомдар - хабар берушінің ішкі психикалық күйін білдіретін таңбалар дейді де, оған уһ, аһ, паһ деген тәріздес одағай сөздерді жатқызады. Олардың қызметін тілдін эспрессивтік қызметі дейді.3 Сигналдарға дыбыс беру (ей), шақыру (моһ-моһ), өзіне қарату (ата! қарындас!) мәнінде қолданылатын қаратпа сөздерді жатқызады да, оларды таңбалардың (тілдің) апетятивтік қызметі дейді.Тілдік таңбалардың ішіндегі ең маңыздысы - символдар.Адамдардың бір-бірімен сөйлесуін, пікір алысуын қамтамасыз ететін- осы символдық таңбалар. Көбінесе сөйлем түрінде көрінетін символдық таңбалардың қызметін қатынас құралы (коммуникативтік немесе  репрезентативтік) қызметі деп атайды.Тіл – белгілі бір құрылымы мен қызметі бар, бір бүтін жүйелі құбылыс. Бүтіннің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы – құрылым деп аталады. Ондай элементтер – дыбыс, морфема, сөз, сөйлем. Жүйе дегеніміз –құрылым мен субстанцияның (латынша: substontis – мән) және қызметтің (функция) ұштасуынан пайда болатын, өзара шарттас, өзара байланысты біртектес элементтердің бірлігі. Мысалы, «дауысты дыбыстар жүйесі», «септеулер жүйесі» т.б. Құрылымдық қасиет пен жүйелік қасиет тілге тән. Осы айтылған екі түрлі қасиетін, яғни қызметі мен құрылымдық белгісін қоса алғанда: «Тіл дегеніміз - қатынас құралы, зкспрессивтік қызмет атқарушы таңбалардың тарихи калыптасқан жүйесі» болып табылады. Тіл адамдардың катынас құралы ретінде барлық қоғамға қызмет етеді. Сондықтан да, ол қоғамдық құрылыстың жойылуына байланысты жойылып кетпейді. Себебі оны белгілі бір тап жасамайды. Ол сол тілде сөйлейтін барлық ұрпақтың күшімен жасалынады Тіл, негізінен алғанда, өзінің нысандық (объективтік) заңы бойынша дамиды. Бірақ оның дамуы қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Өйткені қоғам өмірінде болған өзгерістер белгілі бір мөлшерде тілге де әсерін тигізеді, онда ізін қалдырады.

...

Скачать:   txt (12.4 Kb)   pdf (68.9 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club