Халықаралық деңгейдегі теңсіздік көрсеткіштері
Автор: Елигай Нуртаева • Март 24, 2021 • Реферат • 934 Слов (4 Страниц) • 8,010 Просмотры
Жоспары:
1. Теңсіздік дегеніміз не?
2. Теңсіздіктің түрлері, аспектілері.
3. Әлеуметтік теңсіздік мәселелері.
4. Қазақстандағы әлеуметтік теңсіздік мәселелерін шешу жолдары.
Əлеуметтану ғылымының негізі қаланғаннан бері, теңдік пен теңсіздік мəселесі зерттеліп келеді. Қазіргі таңда зерттеліп отырған теңсіздіктің бірнеше бағыттары бар – материалдық теңсіздік, рухани теңсіздік, саяси теңсіздік, сонымен қатар жыныс теңсіздігі.
Теңсіздік – экономикалық ресурстарға, әлеуметтік құндылықтар мен саяси билікке қол жеткізу үшін әлеуметтік топтардың әртүрлі мүмкіндіктері. Теңсіздік ғылыми және қоғамдық дискурстың мәні болған кезде ғана түсініледі. Сонда теңсіздік өмір сүре бастайды деп айтуға болады.
Теңсіздік мемлекеттер арасында, сондай-ақ мемлекеттердің ішінде де кездеседі.
Теңсіздіктің түрлері:
Жан-Жак Руссо барлық тік жіктемелерді екі топқа бөлді:
1. Табиғи теңсіздіктерге негізделген жіктеулер.
2. Негізі саяси, мәдени сипатқа ие жіктеулер.
Әлеуметтік теңсіздік әрдайым болды. Әлеуметтік теңсіздік – бұл тек әлеуметтік ғана емес, сонымен қатар мәдени өнім. Яғни, қоғамдағы теңсіздіктің болуын мойындау адамдардың қандай да бір қарым-қатынаста қандай мағынаға салатындығына байланысты.
Әлеуметтік теңсіздік мәселе ретінде XVIII ғ. буржуазия көтерілісі кезінде белсенді түрде түсіндіріле бастады.
Әлеуметтік теңсіздік позитивті және негативті аспектілерге ие:
1. Позитивті жағы бұл сыйақы теңсіздігінің адамдарды білімін кеңейтуге, ынталы жұмыс істеуге, инвестиция салуға және инновациялар енгізуге ынталандырады.
2. Негативті жағынан, мысалы, нәсілдік және гендерлік кемсітушіліктің салдары болып табылатын материалдық саралау бар.
Әлеуметтік теңсіздіктің көздеріне түрлі көзқарас:
• Теңсіздік адам табиғатында кездеседі. Кейбір адамдар басқаларға қарағанда, анағұрлым қабілетті және талантты болып келеді, сәйкесінше, табысқа жету үшін өмір жарысынан жоғары болады.
Табиғаттан бір адам жақсы физикалық қасиеттерге ие, ол тез жүгіреді және кейіннен ұлттық құраманың құрамына кіріп, бұл қабілеттілікті тиімді сата алады. Немесе басқа адам болашақта оған жоғары ақылы жұмыс алуға мүмкіндік бере алатын феноменалдық математикалық қабілеті бар.
Адам табиғатына байланысты теңсіздік жайлы теориялардың кемшіліктері:
Генетика адамдарға көмектесе алады немесе кедергі келтіруі мүмкін, бірақ ол үнемі белгілі бір әлеуметтік контексте жұмыс істейді. Табиғи деректер қоғамдағы адамның жағдайын өздері анықтамайды.
Кез келген жағдайда табиғи қасиеттер дамытылуы тиіс, бұл адамның әлеуметтену жағдайына (оқыту, еңбек ету, мемлекет саясаты және т.б.) толық байланысты.
• Теңсіздік – бұл әлеуметтік құрылым, өткен және қазіргі кездегі адами әрекеттердің нәтижесі. Әрбір қоғам әлеуметтік теңсіздіктің белгілі бір деңгейі мен түрін жасайды және жаңғыртады.
Халықаралық деңгейдегі теңсіздіктің ұдайы өсуі – әлемдік шеңберде танылған жайт. Мысалы, АҚШ-та жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 47 094 АҚШ долларын құрайды, ал Сьерра-Леонеде – 809 АҚШ доллары ғана. Америка Құрама Штаттарында орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 80 жыл, Сьерра-Леонеде – 48 жыл ғана. Жаппай теңсіздік құбылысы табыс пен денсаулыққа ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік пен әділеттілікке де тән болып, қазіргі халықаралық қатынастардың қозғаушы күшіне айналды.
Жаппай теңсіздік саяси тұрақсыздыққа, салауатты және бақытты өмір сүру мүмкіндігін әділетсіз теңсіздікке әкеп соқтырады. Сондықтан әр мемлекет бай болсын, кедей болсын, халықаралық деңгейде теңсіздікті бәсеңдетуді қолдайды. Олай болса,
...