Өндірістік қорларды жіктеу және бағалау
Автор: Abpaz15 • Март 27, 2018 • Курсовая работа • 20,687 Слов (83 Страниц) • 1,140 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ» ФАКУЛЬТЕТІ
«БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ЖӘНЕ ҚАРЖЫ» КАФЕДРАСЫ
Диплом алдынғы тәжірибеден өту жөніндегі
ЕСЕП
Орындаған студенті ______________ ____________________
(Топ) (қолы, АЖТ)
Кәсіпорыннан тәжірибе
жетекшісі ______________ _____________________
М.О. (дәрежесі ) (қолы, АЖТ)
Университеттен тәжірибе
жетекшісі ______________ ______________________
М.О. (дәрежесі ) (қолы, АЖТ)
АЛМАТЫ, 2018
Мазмұны
Кіріспе 3
1.Компанияның қызметіне жалпы сипаттама 4
1.1 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы: тарихы мен қызметіне сипаттама 4
1.2 «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы: даму стратегиясы 14
2. Қаржылық есеп беру формалары, дайындау және ұсыну 16
2.1 Бухгалтерлік баланс 16
2.2 Пайда мен зияндар туралы есеп 20
2.3 Ақшалай қаржылардың қозғалысы туралы есеп 22
2.4 Капиталдың құрамындағы өзгерістер туралы есеп 25
3. Өндірістік қорларды жіктеу және бағалау 27
3.1 Өндірістік қорлар жайлы түсінік 27
3.2 Өндірістік қорлардың жіктелуі 29
3.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау 31
3.4 Өндірістік қорларды бағалау әдістері 35
Қорытынды 38
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 40
Тіркемелер 41
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Заманауи бухгалтерлік есеп проблемаларын зерттеу барысында міндеттемелер есебін, аудитін жүргізу тәртібін ұйымдастыру өзекті мәселе болып табылады.
Ұйымдар арасындағы өзара есеп айырысудың алуан түрлілігі міндеттемелердің қалыптасу процесін негіздейді. Ұйымның қаржылық қызметін бағалау барысында негізгі критерийдің бірі міндеттемелердің көлемі мен динамикасы болып табылады. Осы мақсатта бухгалтер – талдаушы есеп – талдау жүйесінде қалыптасуы мүмкін болатын сапалы және сенімді ақпаратты меңгеру қажет.
Міндеттеме –жеке кәсіпкердің немесе ұйымның өткен оқиғалардан туындайтын алдында тұрған міндетті,оны реттеу экономикалық пайданы қамтитын ресурстардың шығып қалуына кеп соғады.олар ұзақ және қысқа мерзімді болып жіктеледі. Қысқа мерзімді міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді қарыздары,банктен тыс мекемелерден алынған қарыз, қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер және кредиторлық берешек жатады.
Банктердің және басқада қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары бір жылдан астам мерзімге, әдетте, жаңа техниканы енгізуге шығындарына,өндірісті кеңейтуге,оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және мақсатты бағдарламаларға беріледі. Ұзақ мерзімді міндеттеме бөлімі мынадай кіші бөлімдерді қамтиды. Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер, кредиторлық берешек, ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері, кейінгі қалдырылған салықтар міндеттеме,өзгеде ұзақ мерзімді міндеттеме. Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексергенде,аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағықалдықтың баскітаптың жоғарлыда аталған синтетикалық шоттармен журнал ордердің мәлеметерінің қарап сәйкестігін анықтауға тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуын баса назар аударуы тиіс.
...