Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тіл біліміндегі сын есім шырайларының түрлеріне қатысты тұжырымдар

Автор:   •  Май 2, 2022  •  Курсовая работа  •  18,966 Слов (76 Страниц)  •  363 Просмотры

Страница 1 из 76

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

1 СЫН ЕСІМ ШЫРАЙЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ.................................................7

1.1   Жалпы түркі тіл біліміндегі сын есім шырайларының зерттелуі...............7

1.2  Қазақ тіл біліміндегі сын есім шырайларының зерттелуі..........................11

2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ СЫН ЕСІМНІҢ ШЫРАЙЛАРЫН ТАНУДАҒЫ ҰСТАНЫМДАР....................................................................................................28

2.1  Қазақ тіл біліміндегі сын есім шырайларының түрлеріне қатысты тұжырымдар...........................................................................................................28

2.2 Қазақ тіл біліміндегі шырай категориясының жалпы сипаты....................37

ҚОРЫТЫНДЫ ......................................................................................................49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ...........................................................50

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісінің кеңейіп, жанжақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып, өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы қарастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым-қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық, синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады. Сөз мағынасы өзге сөздермен тіркескенде әр қырынан көрінеді. Қазақ тілінің сөздік байлығынан ерекше орын алатын заттың сын, сапа, белгі, қасиеттерін білдіретін сын есім сөздердің қолданыс аясы өте кең. Жалпы әр сөз табының өзінің ерекшелегі, яғни сөз таптарының ішінде өзінің алатын орны болады. Бұған сөз табының жауап беретін сұрағы, анықтамасы, грамматикалық белгілері, жалпы категорияльды мағынасы (егер болса) , сөйлемде атқаратын қызметі т. б. қызмет етіп, әр сөз табының өзіндік белгісін танытады. Бұл жерде айтайын деп отырғанымыз – есім сөз таптарындағы сын есімнің ерекшелігі.

 Шырай мәселесі қазақ тіл білімінде 1950 жылдарда зерттеліп, ол бойынша қазақ тіл білімінде алғашқы кандидаттық диссертациялардың бірі ретінде диссертация қорғалып, соның негізінде 1951 жылы F.F. Мұсабаевтың монографиясы жарияланғаны белгілі. Содан бері қазақ тіл білімі өркендеп өсті. Ол кезде бірді-екілі ғылым докторы мен ғылым кандидаты, тек мектеп грамматикасы ғана болса, қазір жүздеп ғылым докторы, мыңдап ғылым кандидаты бар. Ол ғалымдардың бірі қазақ тіл білімін дамытты, қазір академиялық грамматикалар, жоғары мектепке арналған теориялық оқулықтар бар. Бұл – қазақ тіл білімінің қарыштап өскенінің белгісі.

Шырай мәселесінің көп назардан тыс қалуынын нәтижесінде қазір шыраймен байланысты пікір алалығы күшті екені, көп мәселелердің шешілмей жүргені анықталды, сондықтан шырай маселесін зерттеу қажеттігі анықталды. Қазір қазақ тіл білімінде шырайдың грамматикалық категория деп танылуына карсы пікірлер пайда болды. Сондықтан шырайдың қандай категория екенін шешу қажеттігі туып отыр. F.F. Мұсабаев жай шырайдың салыстыру мәні жоқ деп, оны шырайдан шығарғанмен, оқулықтарда жай шырай беріліп келді. 2002 жылғы «Қазақ грамматикасында» жай шырай танылмаған. Бұл грамматикада шырайдың екі түрі ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) танылған. 1964 жылдан бастап үш рет қайта басылып, жоғары оқу орындарында қазақ тілі мамандарын дайындайтын құрал ретінде қолданылып келе жатқан «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында шырайдың төрт түрі берілген. Ал, 2007 жылы шыққан «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы» атты профессор Н. Оралбай авторлығымен шыққан жоғары мектепке арналған оқулықта жай шырай танылып, шырайдың үш түрі берілген. Тек осы жағдайдың өзі-ақ шырай мәселесін зерттеп, шырайдың түрлерін анықтаудың қажет екенін дәлелдейді.

Шырай жасайтын көрсеткіштер мәселесінде де пікір алалығы күшті. Ж. Шакенов, Ы. Маманов сынды ғалымдар салыстырмалы шырай керсеткіштері ішінде сөзжасамдық жұрнақтар косылып жүргенін дәлелдесе де, ол көрсеткіштер 2002 жылғы «Қазақ грамматикасынан» да орын алған. Осы сияқты шырай мәселесінде даулы, шешілмей жүрген мәселелер өте көп, олар өте маңызды, өзінің шешімін күтіп жүрген мәселелер. Сондықтан шырайды тіл білімінің қазіргі дәрежесіне сай зерттеу өте қажет және маңызды, өзекті мәселе саналды.

Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақ тіліндегі сын есім шырайларын танудағы ғалымдардың ұстанымдары.

...

Скачать:   txt (252.8 Kb)   pdf (479.7 Kb)   docx (78.4 Kb)  
Продолжить читать еще 75 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club