Шетелдік тәжірибені қолдана отырып, ұлттық экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсыну
Автор: 021209500888 • Февраль 12, 2021 • Реферат • 3,071 Слов (13 Страниц) • 892 Просмотры
[pic 1]
Мемлекетіміздің жалпылама жағдайына қарап отырып, өзге мемлекеттер тамсанатындай кең-байтақ жер мен қазба байлықтарының дарыған мекенін айтып мақтанамыз. Алайда, осы біз осы бізге ата-бабаларымыздан бізге мұра болып жеткен байтақ жеріміз бен асыл байлықтарымызды дұрыс пайдаланып жүр ма екенбіз? «Ең басты құны бар байлық ол жаныңдағы әйелің емес, астыңдағы атың емес, астыңдағы туған жерің» деген түсініктің қалыптасуына ықпал еткен ұлы Мөденің өзі, сонау замандардан-ақ жер мен оның байланыстырушы құрылымдарын өзгеше құрметтегенін байқауға болады. Соған орай, туып-өскен жерімізді қорғау мен оны қолымыздан келгенінше аялап білу әрқайсысымыздың мақсатымыз бен міндетіміз болуға тиісті. Ал жалпылай ғылым әлемінде мұндай түсініктің жеке бір басқаша ілім екендігі де адам көңілін қуантады. Алайда, қазіргі таңдағы әлемдік ареналар және дүниежүзілік бетке ұстар елдер мен одақтардың табиғаты мен оның әл-ауқаты адам қараса таңғаларлықтай жағдайда емес екендігі барлық дүйім жұртқа аян болар. Өзгеге қарап бойыңды түзе демекші, еліміз жылдан жылға барынша өз табиғаты мен оның қорына барынша дұрыс назармен қарауды үйреніп, дамып келеді. Еліміздегі экологиялық проблемалар олардың барынша дұрыс жағынан және нәтижелі түрде шешілгенін талап етеді. Еліміз өз экологиясын жақсартуы үшін әлемдік алпауыт елдердің осы проблемамен қасқая күресуін мысал ретінде қарастырып, алға қарай адымдауы тиіс. Соның негізінде, мысалыға Америка Құрама Штаттарын (АҚШ) алуымызға болады. Әсіресе, елдің өнеркәсібі экологиялық тұрғыдан теріс әсер етеді. Дамыған және бәсекеге қабілетті болуына байланысты Америка Құрама Штаттары авто, кеме және машина жасау, фармацевтика және ауыл шаруашылығы, сондай-ақ тамақ, химия, тау - кен, электронды және басқа да салаларда жетекші орын алады. Мұның бәрі қоршаған ортаның жағдайына теріс әсер етеді және әсіресе үлкен мөлшерде зиян келтіреді. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың басты проблемасы атмосфераға зиянды улы заттардың шығарылуы болып табылады. Рұқсат етілген шекті нормадан бірнеше есе асып кетуден басқа, химиялық шығарындылар үлкен қуатқа ие және олардың аз мөлшері де айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін. Тазалау және сүзу өте нашар (бұл кәсіпорынға ақша үнемдеуге көмектеседі). Нәтижесінде хром, мырыш, қорғасын және т. б. сияқты элементтер ауаға енеді. Ал, Қазақстанда Қоршаған ортаны зиянды заттармен, техногенді қалдықтармен ластауда Қазақстанның мына кәсіпорындары ерекше "үлес қосып" отыр: Батыс Қазақстан мұнай, газ, конденсат кең орындары, Өскемен қорғасын-мырш комбинаты, Өскемен титан-магний комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зыряновск полиметалл комбинаты, Жамбыл суперфосфат заводы, Жамбыл фосфор заводы, Балқаш тау-кен комбинаты, Жезқазған тау-кен комбинаты, Павлодар алюминий заводы, Ақтөбе хром қосылыстары мен химия заводы. Екібастұз энергетикалық кешені, Қарағанды металлургия заводы, "Фосфор" Шымкент өңдірістік бірлестігі, Шымкент қорғасын заводы, т.б. Мысалы, Қазақстанда 1988 жылы стационарлы қондырғылардан ауаға 5,4 млн. т зиянды заттар лақтырылып тасталған, ал авто-транспорттардан шыққан улы заттардың мөлшері - 2,9 млн.т болыпты. Сонда, Қазақстандағы әрбір адамға жарты тонна өмірге қауіпті улы заттар тиесілі екен. Кейінгі кездерде Балхаш тау-кен комбинатында өндірістен бөлініп шыққан күкірт диоксиді, түгел дерлік ауаға лақтырылып тасталып жатыр. 2001 жылғы мәліметгер бойынша Балхашта тұратын 70 мың тұрғындардың әр қайсысының басына 6 тоннадан күкірт диоксиді келеді екен. Комбинатта бұдан басқа да улы заттар, көп мөлшерде қоршаған ортаға түсіп жатыр. Осылардың салдары болу керек, Балқаш қаласындағы ағаштардың басындағы жапырақтардың түгел дерлік жоғалуы және құстардың жаппай өлуі байқалған. Жапырақтардың жоғалып кетуін, құстардң кырылып, жапырақ жейтін құрттардың көбейіп кетуімен де түсіндірілуде. Ағаш басында жапырақ жеп жүрген құрттардың көбейіп кеткенін адамдар өз көзімен көріп те жүр. Атмосфераны ластағыш заттардан бір ғана мультипликатор - қорғасын ингредиентін мысалға алайық. Қорғасын - политропты у. Оның организмдегі азғантай ғана конценфациясы, органдар мен тканьдарды, қан жүйесін, орталық нерв жүйесін, иммун жүйесін зақымдап, бүлдіреді. Қорғасынның жоғары мөлшері - Өскемен, Зыряновск, Лениногорск қалаларының атмосфералық ауа құрамында байқалады.
...