Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында

Автор:   •  Октябрь 26, 2021  •  Реферат  •  721 Слов (3 Страниц)  •  892 Просмотры

Страница 1 из 3
  1. Қазақстан - 2030. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Қазақстан халқына Жолдауы.

Елбасы 1997 жылдың 16-шы қазан күні «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынған болатын. Бұл бағдарлама елімізді әлемдегі ең қауіпсіз, тұрақты, экологиялық орнықты елге айналуына бағытталған ұзақ мерзімді даму жолын белгілеп берді. Қазіргі таңда «Қазақстан - 2030» стратегиясы тәуелсіз мемлекеттің экономикасы серпінді дамып келе жатқандығын көрсетті. Жалпы «Қазақстан-2030» даму стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
1. Ұлттық қауіпсіздік. 
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы. 
3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу. 
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты. 
5. Энергетика ресурстары. 
6. Инфрақұрылым, әсіресе көлік және байланыс. 
7. Кәсіби мемлекет. 
Бұл басымдықтар елдің дамуының орта және ұзақ мерзімді кезеңге арналған даму жоспарын қалыптастыру үшін негіз қалады. «Қазақстан - 2030» даму стратегиясын іске асырудың алғашқы ұзақ мерзімді кезеңі Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы желтоқсандағы Жарлығымен бектілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болды. «Қазақстан-2030» даму стратегиясының келесі кезеңі - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары болып табылады.

Мемлекет Басшысы Н.Назарбаев 2005 жылғы 16 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарыныңбірлескенотырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын арнады. Жолдаудың тақырыбы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Президент біз неден бастадық, біз қайда бара жатырмыз және бізді не күтіп тұрғанын еске салды. Бұл қаржылық, тұрғын үй, аграрлық мәселелер, отбасы, ана, бала және т.б. мәселелер.

2) Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы (2012 жылғы 14 желтоқсан).

2012 жылы желтоқсанда Мемлекет басшысының ел халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы таныстырылды. Оның басты мақсаты – мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру, Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуы.  

Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін «Қазақстан – 2050» Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады:  

1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты – пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген түгел қамтитын экономикалық прагматизм

2. Кәсіпкерлікті – ұлттық экономиканың жетекші күшін жан-жақты қолдау

3. Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері – әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік

4. Білім және кәсіби машық – заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

6. Дәйекті және болжамды сыртқы саясат – ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі

...

Скачать:   txt (10.8 Kb)   pdf (106 Kb)   docx (10.5 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club