Туризм және қонақжайлық индустриясының Қазақстанның экономикалық дамуындағы рөлі
Автор: Dakenzo_YT • Февраль 11, 2021 • Лекция • 298 Слов (2 Страниц) • 681 Просмотры
Туризм және қонақжайлық индустриясының Қазақстанның экономикалық дамуындағы рөлі
Туризм-Қазақстандағы экономикалық байланыстардың ерекше түрі ретінде дамып келе жатқан жас сала. Халықаралық зерттеулер туризмді әлемдік экономика салаларының негізіне жатқызады. Осы тұста туризм және қонақжайлық индустриясы Қазақстанның негізгі табыс көздерінің бірі десек те болады. Себебі соңғы 5 жылда елімізге келіп-кетер туристтердің саны әлдеқайда артқан. Менің ойымша бұл көрсеткіштер EXPO-2017 көрмесі және де блогер(жұлдыздар)дың Қазақстанның көрікті жерлерін көрсетуі арқылы көттерілді деп ойлаймын. Және де туристтер елімізге көптеп келсе, әрине еліміздің экономикасына, индустриясына үлкен пайда. Осы жерде бір мәселе бар. Біз қаншалықты көрікті жерлерімізді жарнамалап, әлемге танытсақ та, кейбір көрікті жерлердің әлемдік стандарттарға сай келмеуінің кесірінен туристтерді жоғалтып жатамыз. Егер де мемлекет бюджетінен ақша көптеп бөлініп, шет жақтағы көрікті жерлерімізді жақылап дамытатын болсақ, сол жөндеу жұмыстарына шыққан шығынды тез ақ ақтап аларымыз анық. Осы арқылы турист саны да, бюджет көлемі және де еліміздің абыройы көптеп көтерілер еді. Мен қазір UIB университетінде 1-курс оқимын. Мен қазіргі оқып жатқан оқуымда таңдау себебім, 7-11 сынып аралығында – 5 жыл ғылыми жобамен айналыстым. 3 түрлі жоба жазып, Қазақстанның туризмін зерттей бастадым. Бір түсінгенім көп жерлердің стандарттарға сай келмеуінің кесірінен турситтер көп келмейді екен. Және де мен зерттей келе, саяхаттап келген шет елдіктердің номерін таптым. Хабарласып, ойларын сұрағанда, «табиғаты керемет, бірақ та сол керемет табиғатты тамашалауға жағдай жақсы жасалмаған деп жауап берді». Бұл сөздер Ақсу-Жабағылы қорығына қатысты айтылған еді. Міне, қарап тұрсақ, туризм және де қонақжайлық индустриясының арқасында еліміздің бюджетін көптеп жамытуға болады. Бірақ бұл тұста көптем жұмыстар жасалуы керек. Сонда ғана біз туризм арқылы елімізді шет елдерге танымал ете аламыз. Мысалы, Швейцарияны алып қарайықшы. Солардан біздің табиғатымыз 2-3 есе мықты деп айта аламын. Бірақ ондай деңгейге жеті үшін бізге әрекет ету керек. Сол үшін де мен осы мамандықты таңдадым. Яғни, елімнің туризмін дамытып, шет елде жүргенде мақтанып айтқым келеді. Және мен бұл мақсатыма жетем деп ойлаймын.
...