Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Этнология негіздері

Автор:   •  Февраль 19, 2024  •  Лекция  •  14,340 Слов (58 Страниц)  •  105 Просмотры

Страница 1 из 58

[pic 1]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Келісілген

Институт кеңесінің төрағасы

___профессор_Кежебаев Ғ.Қ.__

                   (аты-жөні)

__________________________________________

                                         (қолы)

 «____»____________2023 ж.

Бекітемін

 

 Кафедра меңгерушісі  

_ профессор  Жангуттин _ Б.О.  

                   (аты-жөні)

________________________________________

                                         (қолы)

 «____»____________2023 ж.

 «Этнология негіздері »

(пәннің атауы)

Пәні бойынша дәрістің қысқаша мазмұны

6B01601-Тарих;    6B01604-Тарих және құқық

Алматы, 2023

Лекция № 1

   1.Этнология пәні мақсаты және міндеттері

   2. Этнос және этникалық ұғымдары

   3. Дүние жүзі халықтарының классификациясы         

Этнология халық туралы ілім-ғылыми пән ретінде 150 жылдан астам Европа мен Американың кейінірек басқа елдердің университетінде оқу пәні ретінде жүре бастады. Ресейде 1880 ж  бастаса, (Москвада) Петербургте 1890 ж. жүрді. Осыдан 4  млн. жыл бұрын жер планетасының-биосферасында антропогенездік процесс жүрді. Адамзаттың әрекеті, еңбегі, дамуы  дүние  жүзілік процеске  де ықпалын тигізді .

Қоғамның  келесі әрбір дәуірінде  сол дәуірге лайық этностың  әртүрлігі болады. Мысалы: ежелгі шығыс және антикалық  типке, ортағасыр,т.с. Әр кезеңдегі халықтардың өзіндік ерекшелігі, белгілері бар. Сонымен этнологияның зерттеу  обьектісі этностар мен этникалық қауымдастық..

Этнос теориясы  орыс ғалымдардың да назарынан тыс қалған жоқ. Ресей ғылымында  өмір сүріп жатқан обьекті ретінде этникалық  қауымдастыққа деген көз қарас жоғары  болды.

        

Этнография гректің “этнос”- халық “графия”- жазу, үйрену деген сөзінен құралған. Этнография белгілі бір халықтың шығу тегін, өзара қарым-қатынасын,  заттай  және рухани мәдениеттерін  зерттейді. Этнография ғылымының негізгі зерттеу  обьектісі  дүние жүзі халықтары болып табылады.

Этнос (халық) дегеніміз адамдардың еркі бойынша емес, табиғи – тарихи  процесс  нәтижесінде пайда болған әлеуметтік  топтасудың айрықша бір түрі. Әр этностың белгілі бір  ішкі  бірлігі болады,  сондай-ақ оны осындай типте пайда болған  басқа барлық  этностардан  айырып тұратын өзгеше сипаты болады.

Этнос мүшелері тұрмыс салтының әр түрлі салаларында  көзге түсетін ортақ белгілер мен айырма  ерекшеліктер. Сол салалардың  ішіндегі  аса маңыздысының  бірі –тіл. Тіл  тиісті этносқа жататын адамдардың  негізгі қарым-қатынас  жасау құралы ретінде қызмет етеді, сонымен  бірге ол әлгі адамдарды бір-бірінен бөліп тұрады. Этнография дегеніміз тарих ғылымының  бір саласы болып, дүние жүзіндегі  халықтардың қоғамдық  тұрмысын және  мәдениетін түбегейлі  зерттейді.

Ал тұрмыс дегеніміз  әрбір халықтың  ғасырлар бойы қалыптастырған  сан  саласы тіршілігі, салт санасы, әдет-ғұрып, күнделікті қоғамдағы  өмірі, жалпы ұлттық ерекшелігі. Тұрмыс  кең мағынада  этнографияны зерттейтін проблемаларының бірі- мәдениеті.

Жалпы  мәдениетті  екіге бөлуге болады-заттай және рухани. Адамдардың физикалық еңбек  етуінің   нәтижесінде  жасалған  бұйымдарды  заттай мәдениет. Әр этносқа тән белгі – олардың елеулі тұрақтылығы,әдетте  олар  аса көптеген   жүз жылдықтар  бойы сақталады. Әр этностың  белгілі бір ішкі бірлігі болады,   сондай- ақ  оны осындай типте пайда болған басқа барлық этностардан  айырып тұратын өзгеше сипаты болады.

...

Скачать:   txt (184 Kb)   pdf (367.8 Kb)   docx (281.9 Kb)  
Продолжить читать еще 57 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club