Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Хәкім Абай

Автор:   •  Февраль 26, 2023  •  Реферат  •  366 Слов (2 Страниц)  •  145 Просмотры

Страница 1 из 2

«Хәкім Абай»

Абай үні, Абай лебі, Абай тынысы – халық тынысы, халық үні.

Мұхтар Әуезов

Бугинги Хаким Абай такырыбындагы  «Хакім»  созинин мағынасын және оның Абайға тиесілi болуынын мәнісін қалай түсінсек болады?        

Хакім сөзі профессор М.Мырзахметұлы­ның «Абай лұғаты» сөздігі кітабында: «әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хәкім – ғалым» деп анықтама береді, яғни кез келген ғалым қанша ұмтылса да, хакім бола алмайды екен. Ал әрбір хакім кез келген уақытта ғалым бола алады. М.Мырзахметұлының шәкірті Сейдалы Оразалиев «Абай шығармаларындағы шет сөздер» деген үш томдық монографиясында: «Абай қолданған «хәкiм», сөздері, арабта бірі – «һоким»  өкімет, билік, аймақ, аудан, қала, мекемені басқарған бастылардың лауазымы. Екіншісі – «хә­ким» сөзі – «білімді», «ғалым». Үшіншісі – «хакім», «данышпан», «дана», «ойшыл» ұғымдарын береді» – дейді. Мен Абайға байланысты «хакім» деп үшінші мағынасын айтып жүрмін.

"Шын хакім, сөзің асыл - баға жетпес,

Бір сөзің мың жыл жүрсе, дәмі кетпес.

Қарадан хакім болған сендей жанды,

Дүние қолын жайып енді күтпес",- деп Мағжан Жұмабаев "Алтын хакім Абайға" өлеңінде айтқандай, Абай мұрасы біз үшін қымбат.

Абай Құнанбайұлы – қазақ маңдайына біткен жарық жұлдыз. Қазақ десе, ойымызға бірден Абай келетіні сөзсіз. Ұлы ағартушы, кемел ойшыл, жазба әдебиетін қалыптастырушы, аудармашы, әлемдік өркениетке ерекше құбылыс боп еніп, қазақ поэзиясының қасиеті мен құдіретін көрсеткен ұлы ақын халықты оятып, қараңғылықтың құрсауынан құтқаруға тырысты. Ағартушы-ғалым, ұстаз әрі ақын «Толық адам» идеясын желеу етіп, еңбек етуге шақырды.

...

Скачать:   txt (4.4 Kb)   pdf (55.7 Kb)   docx (8.1 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club