Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Литосфералық тақталар тектоникасы ілімге жалпы шолу жасау

Автор:   •  Октябрь 21, 2021  •  Реферат  •  2,413 Слов (10 Страниц)  •  417 Просмотры

Страница 1 из 10

              Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

               Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

                                         [pic 1]

              Факультеті «География және табиғатты пайдалану»

              Кафедрасы «География,жерге орналастыру»

        СӨЖ

                 Тақырыбы: «Литосфералық тақталар тектоникасы ілімге жалпы шолу жасау»

 

                     

                                                        Орындаған: Атчыбай Мөлдір  

                                                       Тексерген: Дүйсенбеав Салават

                                            Алматы-2021ж.

        Жоспар :

1.Кіріспе.

2.Негізгі бөлім.

3.Қорытынды.

           Кіріспе. Ғылыми геологияның қалыптасуынан , яғни XVI ғасырдың ортасынан бас тап , негізгі мәселелерінің бірі жер қыртысының қозғалыстарын , оның құрылымдарының өзгерулерін және магматизм құбылыстарының себептерін түсіндіру еді . Осы мақсатқа байланысты түрлі болжамдар ( гипотезалар ) пайда болды , атап айтсақ , жер қыртысының көтерілу және лүпілдеу ( пульсация ) тезасы , контракция және ротациялық гипотезасы , Жердің кеңеюі және тереңдік дифференциясына байланысты қозғалыстар , құрлықтардың жылжу болжамы . Осы болжамдардың әрқайсысы белгілі бір тектоникалык үдерістерге , сол кездегі ғылымның деңгейіне байланысты  Жер планетасының құрылысы мен кұрамы және қалыптасуы мен даму ерекшеліктері жайлы жан - жақты зерттеліп , қанағаттандыратын жауап бермеді . Мәселен , Жер қыртысының көтерілу болжамы оның тербелмелі қозғалыстарына байланысты таулардын көтерiлуiн және басқа бөліктерінің төмен ойысуын назарларына алып қатпарлану үдерістердің пайда болуын толық түсiндiре алмады .
    Құрлықтардың жылжуы немесе мобилизм болжамын алғаш рет неміс гео- физигі Альфред Вегенер ( 1880-1930 ) өзінің 1915 жылы « Құрлықтар мен мұ хиттар тегі » деген атпен шыққан кітабында ұсынды . Ол Атлант мұхитының қарама - қарсы жағалауындағы континенттер жиектерінің , яғни Еуропа мен Солтустік Американың шығыс жиегінің және Африка мен Солтүстік Амери- каның шығыс жиегiнiң бiр - бiрiне өте ұқсас екендігіне назар аударған . Бұған қоса Бразилия мен Африкада кездескен палеонтология қалдықтарының   ұқсастығы , екi континент арасында көне геологиялық кезеңдерде байланыс болғандығын дәлелдеді.
  Вегенердің болжамы бойынша , күн мен айдың өзіне тарту күшiне және жердің айналуынан туатын ортадан тепкіш күш пен полюстен экваторга бағытталған ортаға тартқыш күштердің әсеріне байланысты жер кыртысының гранитті қабатының жиырылып қалыңдауынан палеозой эрасының бастапқы кезiнде Жердiн солтүстік жарты шарында Лавразия , оңтүстік жарты шарында Гондвана мегакұрлықтары қалыптасқан . Олардың аралығында Тетис атты ұлан - ғайыр мухит болған . Осыдан шамамен , 250-300 млн жылдар бұрын , ягни палеозой эрасының соңында құрлықтар бiрiгiп, « Пангея » деген супер континент құрған . Бұл континенттің жағалауларын жалғыз ғана алып мұхит « Панталасса» шайып жатқан , ал Атлант , Үнді мұхиттары ол кезде болмаған . Мезозой дәуiрiнiң ортасына қарай , яғни юра кезеңiнен бастап , ipi геотектоникалык айырылымды бұзылымдар нәтижесінде бұрынғы бiртұтас континент бiртiндеп бөлшектеніп , жеке кұрлықтар дараланып , қазіргі кездегі орындарына қарай ауыса бастаған . Ең алдымен , Үндістан тақтасы солтүстікке , яғни экваторға қарай жылжыса , одан кейiн бор кезенде Оңтүстік Америка Африкадан , Солтүстік Америка Еуропадан бөлініп , батысқа қарай ығысты да , олардың аралығында Атлант мұхиты пайда болды . Ал Антарктида оңтүстікке карай , Австралия оңтүстік шығысқа қарай ығысты . А. Вегенер өзінің идеясын дәлелдеу үшін көптеген геологиялык - геофизикалық және т.б. мәліметтер келтірген . Мәселен , континенттер өңiрiндегi геологиялық құрылымдардың ұқсастығынан басқа палеозой кезiндегi жәндіктер мен өсімдіктер түрлерінің өзара ұқсастығы Африка мен Оңтүстік Американын , Еуропа мен Солтүстік Американын , Африка мен Мадагаскар арасындағы құрлықтық байланыстарын анықтаған .
  А. Вегенердің тұжырымы бойынша , Тынық мұхит дүниежүзілік ең алғаш -қы мұхиттың қалдығы болып саналады . Үнді және Атлант мұхиттары кейіннен пайда болған . Жер бетіндегі қатпарлы және қатпарлы - жақпарлы аймақтардың түзілуі , континенттердің бір - бірімен соқтығысу әрекеттеріне байланысты деп түсіндірілген . Айталық , Гималай таулары мен Үндістан тақтасы Азия құрлығымен соқтығысу нәтижесінде пайда болған , ал Кордильер және Анд зәулім тау жоталары Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлықта батысқа қарай ығысуы кезінде олардың алдыңғы жақтары қатпарлнып , биік тауға айналған . Сөйтіп , мобилистер гранит тектес тау жыныстарынан құралған ірі континентті массивтер , өздерінің меншікті салмағының жеңілдігіне байланысты су бетінде қалқып жүрген « айсбергтер» сиякты ақ қышты астеносфера қабатының бетімен жылжи отырып , орын ауыстырады  деп саналған .
   Литосфералық тақталар тектоникасы туралы ғылыми мәселені зерттеуде Ресей ғалымдары Монин ( 1977 ) , Серохтин ( 1974 , 1979 ) , Ушаков ( 1974 ) және т.б. үлкен үлес қосты . Бұл орайда Н. Сейітов , А. Авдеев сияқты белгілі қазақстандық ғалымдардың еңбектерiн де айтып өту орынды . Атап кететін бiр жайт , осы тараудың негiзгi ұстанымдары Х. Такеучи , С. Уеда «Движутся ли материки ? » , 1970 ; С. Уеда « Новый взгляд на Землю » , 1980 , К. Оллиер « Тектоника и рельеф » , 1984 , В.Е. Хаин , М.Г. Ломизе « Геотектоника с основами геодинамики » , Н. Сейітовтің 1991 жылы шыққан « Жұмыр жердің ты нысы » атты кітаптардың негізінде жазылған . A. Вегенерден кейiн такталар тектоникасы тұжырымдамасын жасақтау шылардың жарқын өкілдері : А. Холмс ( 1929 ) , Г. Хесс ( 1962 ) , Р. Дитц ( 1962 ) , Дж . Т. Уилсон , Д. Мак - Кензи мен Р. Паркер ( 1967 ) , У. Дж . Морган ( 1968 ) , Ле Пишон ( 1969 ) . Олар өздерінің еңбектерінде планетамыздың даму заңдылық тарын одан әрі дамыта түсті .
 

...

Скачать:   txt (22.9 Kb)   pdf (171.6 Kb)   docx (64.6 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club