Эндокринді жүйеге жалпы шолу
Автор: Айгуль • Февраль 6, 2024 • Реферат • 1,254 Слов (6 Страниц) • 117 Просмотры
Эндокринді жүйеге жалпы шолу.Жіктелуі. Эндокриндік жүйенің орталық, шеткі және аралас бездері.Гормон туралы түсінік, организм үшін маңызы.
Ішкі секрециялық бездер (эндокринология). Адам денесіндегі бездерді сыртқы және ішкі секрециялық бездер деп екіге бөледі. Сыртқы секрециялық бездерге секрецияларын шығарып отыратын түтікшелер бар бездер жатады. Сол түтікшелері арқылы секретін арнайы ағзалар қуысына, кілегейлі қабықша бетіне бөліп отырады.
Ішкі секрециялық бездердің сыртқы секрециялық безденден айырмашылығы олардың бөлген сұйықтығын шығаратын түтікшелері болмайды. Сондықтан сұйықтығын тікелей ішкі ортаға, қанға, лимфоға бөледі. Осының салдарынан олар өте қан тамырлы келеді. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөліп отыратын ерекше химиялық құбылыста келген сұйықтығын гормон деп атайды. Гормондар организмдегі түрлі тіршілік процестеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуіне т.б.) өте қатты әсер етеді. Оларды не үдетіп, не тежеп отырады.
Осы гормондар арқылы оргнизмге, ағзаларға тиетін химиялық әсерін гуморальдық ретеу жолы деп атайды.
Төменгі сатылы жануарларда организм қызметтері тек гуморальдық әсерімен, жоғары сатылы жануарларда, адамда, гуморальдық реттеумен бірге жүйке жүйесінің әсеріне байланысты жүйкелік реттелу процесі де жүреді. Мұны организмнің нейро-гуморальдық реттелуі деп атайды.
Химиялық заттардың әсерімен өтетін гуморальды реттелу жүйке серпілісінің әсерімен өтеді. Қорыта айтқанда, бұл екі процесс бір-бірімен өте тығыз байланысты келеді.
Гормондар - өте күшті белсенді заттар. Олардың қанға бөлініп отыруы ыегетативтік жүйке жүйесімен жоғары ми қызметіне байланысты. Бұл бездердің көлемі өте шағын, бәрін жинағанда жалпы салмағы 100 г аспайды. Бірақ олардан бөлініп шығатын гормондарәсері жалпы оргнанизмге, ағзалар жұмысына маңызы зор. Сонымен бірге ішкі секреция бездер жұмысы өзара өте күрделі байланыста. Сол себепен бір бездің қызметтерінің бұзылуы басқа бездердің де жұмысына әсер етеді.
Эндокринді бездер топографиялық жатқан жағдайларына, шығу тегіне қарай бес топқа бөлінеді.
1.Нейрогенді бездер тобы. Гипофиз немесе мидың төменгі қосалқысы: ми сыңарларының астыңғы жағында , түрік ершігінің үстіңгі ойысында орналасқан. Аралық ми мен оның жұмысы да, құрылысы да өте тығыз байланысты. Оның орташа салмағы 0,7г. Гипофиз сыртын қатты ми қабығы жауып өтеді, оның өзі алдыңғы, артқы жәәне аралықдеп аталатын үш бөліктен тұрады. Бұлар үш түрлі без тәрізді қызмет атқарады.
Гипофиздің көлемі кішілеу келгенімен, қызметі өте күшті, әсері әрқилы. Оның әрбір бөлікшесі жеке без маңызын атқарып, жалпы қанға жиырмадан астам гормон бөледі. Мұның алдыңғы бөлігі адамның жалпы дамуына, өсуіне әсер етеді. Сонымен қатар басқа ішкі секрециялық бездерінің жұмысын реттейді.
Ересектердің гипофизі ісік ауруына ұшырап, қызметі өзгерсе, акромегалия науқасына тап болады.
Ол жағдайда адамның бет сүйектері, төменгі жақ сүйектері, қол, аяқ басының сүйектеріәдеттен тыс өсіп, дене сыны бұзылады. Ал егер гипофиз қызметі баланың жас кезінде өзгерсе, соматотропты гормон қанға көп бөлінсе, бала әдеттен тыс алып болып өседі. Егер осы гормонқанға өте аз бөлінсе, бала аласа бойлы, ергежейлі қалпында қалады. Осы ауруға 16 жастан кейін душар болса, бойы дұрыс өскенімен, жыныстық жетілуі жағынан артта қалады. Бірақ ми қызметтері ергежейлілерде де кемімейді.
Сөйтіп, гипофиздің алдыңғы бөлігінен бірнеше гормондар түзіледі. Өсу гормоны бойдың өсуін қадағалайды. Жыныстық гормон жыныс бездерінің қызметін реттейді. Үшінші гормон қалқанша бездің қызметін басқарады.
Эпифиз (мидың жоғарғы қосалқысы) аралық мидың таламус бөлігінде ІІІ қарыншаның арт жағында, төрт төмпешік үстінде орналасқан. Ұзындығы 7-10, көлденеңі 5-7мм. Бұл без жасөспірімдерде ересек адамға қарағанда ірілеу келеді. Өсіп-даму жағынан кемел көлеміне жеті жасқа таман жетеді.
Бронхиогенді бездер тобы. Қалқанша безі ішкі секрециялық бездердің ішіндегі ең үлкені. Түсі сарғыш қызыл, жұмсақ, салмағы 30-40г, ені 50-60мм. Мойынның алдыңғы жағында қалқанша шеміршекті жауып, мойын еттерінің астында жатады. Бұл без екі бүйір бөлігінен және сол бөліктерді қосып жатқан көлденең бөліктен тұрады.
...