Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Гидросфера және оның құрамдас бөліктері,қасиеттері

Автор:   •  Апрель 29, 2018  •  Анализ книги  •  899 Слов (4 Страниц)  •  805 Просмотры

Страница 1 из 4

Сәлеметсіздерме құрметті әділ қазылар алқасы және бүгінгі жобаға қатысушылар!!! МЕН номер 58ЖБББОМ-нің 10-А сынып оқушысы Нақып Нұрсая боламын.Бүгінгі шығармашылық жобамның тақырыбы:Қыз ұзатуға арналған әшекей-бұйым. Жобамды қорғауды бастамас бұрын әуелі мынаған тоқталып өтсем деймін.

1.Бүгінгі шығармашылық жобамның мақсаты:

Қазақ халқының көнеден келе жатқан салт-дәстүрі мен қолөнерін жаңаша сипатта зерттеу.

2.Зерттеу кезеңдері:

1)Қазақ халқының салт-дәстүрі мен қолөнері жөнінде кең таралған ғылыми деректерді,кітапшаларды жинақтап,жалпы шолу жасау.

2)Зергерлік бұйымдар және олардың түрлерімен танысып, жеке жеке тоқталу.

3.Эксперимент әдістемесі:

Газет,журнал,әдебиеттерді қолдана отырып,мәлімет жинау.

4.Зерттеу жаңалығы мен дербестік нәтижесі:

Салт-дәстүр мен қолөнерді сақтай отырып, заманауи нұсқада ұсыну.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арналған кезекті Жолдауында «Біз өз мәдениетіміздің құндылықтарын, бірлігімізді, ұлтаралық және дінаралық татулығымызды, саяси тұрақтылығымызды сақтай отырып, байыппен алға жылжи беретін боламыз» деп атап көрсеткен болатын. Қоғамдағы болып жатқан бетбұрыстар, саяси көзқарастар аясында қазақ елінің тарихын шынайы тұрғыда танып-біліп, салт-дәстүріне, рухани мұрасына қасиетпен қарау ерекше маңызға ие болып отыр. «Болашақ – өткен тарихты білуден басталады» дейді, Баласағұн бабамыз, ал әлемнің екінші ұстазы атанған Әл-Фараби: «Халық өткен өмір тарихын білмесе, өзінің өмір сүріп жатқан дәуірінің қадірін бағалай алмайды» – деген екен. Олай болса, тарихқа, тарихи бастауларға, мәдени мұраларымызға қаншалықты терең үңілсек, қоғамдағы қазіргі жағдайларды соғұрлым жақсы түсінетін, әрі білетін боламыз. Сондай қажеттіліктің бірі – халықтың қолөнері. «Өнерден қуат алмаса, тіршіліктің шырағы өшеді» деп  М.Әуезов айтқанындай, мына өсіп келе жатқан ұрпағымыздың бойына осы бастан-ақ өз халқының өнерін сіңдірген жөн деп ойлаймын.Сол себепті де бүгінгі шығармашылық жобамда қазақтың салт-дәстүрлерінің ішіндегі ең ерекшесі- «Қыз ұзатуды» арқау ете отырып, қазақ қолөнеріне тоқталып өтпекпін.

Қыз ұзату- ертеден келе жатқан екі елдің арасындағы байланыс болар ер адам мен әйел адамның ағайын мен халықтың алдында бата алып, отау құруға бастау болар салт-дәстүр. Қызды үйінен ұзатып салу ата-ана үшін өте үлкен бақыт.Сол себепті де қандай ата-ана болмаса да бұл күнге өте мұқият дайындалады. Ұзатылған қыз баланың тұрмыс-тіршілігіне керекті көрпе-төсек пен киім-кешектерін, кілем және әшекей бұйымдарын, т.б. жасап, өзімен бірге аттандырып жібереді. Осы жерден қазақтың салт-дәстүрлерінің өзіндік ерекшеліктерін байқаймыз. Соның бір дәлелі ретінде қай дәстүрді алып қарасақта,қолөнердің алатын орны ерекше.

Қолөнер – халықтың ұлттық мұрасы. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып келе жатқанына мәдениеттердің үлгілері дәлел бола алады. Қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, үйсін, қыпшақ, ғұн, қарлұқ тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады.

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнер жиынтығын айтады. Дегенмен,бүгінгі мен тоқталып өтетін қолөнер түрі-зергерлік бұйымдар жасау.

Зергерлік өнер – сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік әшекей бұйымдар тек байлық пен сәндік үшін ғана емес,ол киім-кешек мәдениетінің ажырамас атрибуты.

Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі алты түрге бөлінеді:

1)шаш немесе бас;

2)мойын және кеудеге;

3)иыққа;

4)белге;

5)қолға;

6)аяққа тағылатын бұйымдар.

...

Скачать:   txt (13.4 Kb)   pdf (107.5 Kb)   docx (16.2 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club