Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ғарыштық геодезияның мазмұны, мəні жəне əдістері

Автор:   •  Апрель 26, 2022  •  Контрольная работа  •  1,201 Слов (5 Страниц)  •  485 Просмотры

Страница 1 из 5

Жоспар

1. Ғарыштық геодезияның мазмұны, мəні жəне əдістері.

2. Ғарыштық Геодезияның басқа ғылым салаларымен байланысы.

3. Ғарыштық геодезияның даму тарихы.


1.Ғарыштық геодезияның мазмұны, мəні жəне əдістері.

Ғарыш араб тілінде – кеңістік, космос деген сөздің мағына сын білдіреді.

Ғарыштық геодезия (ҒГ) – Жердің жасанды серіктерінің, ға рыштық кемелер мен аппараттардың көмегімен жер беті нүк-телерінің геометриялық арақашықтықтарын, Жердің гравитациялық өрісін, жер бетіндегі табиғи жəне адамның инженер лік əре кеттеріне байланысты өзгерістерді зерттейтін геодезияның бір саласы. Ғылым мен техниканың кейінгі жылдарда қарқын-ды дамуы координаталар мен координаталар өсімшелерін анық-таудың ең дəл ғарыштық əдісін жасауға мүмкіндік туғызды. Бұл əдісте геодезиялық тораптардың бекітілген (қозғалмайтын), ко-ординаталарын кез келген уақытта есептеп алуға болатын жыл-жымалы серіктері пайдаланылады.

Ғарыштық геодезияның негізгі талаптары:

Жердің, Айдың жəне планеталардың тəуліктік қозғалысын, өлшемін жəне пішінін сипаттайтын іргелі тұрақты шама-арын жəне олардың уақыт бойынша өзгеруін анықтау;

арнайы тірек пункттерін құру жолы арқылы геоцентрлік жəне планетоцентрлік координат жүйесін құру;- планеталардың сыртқы гравитациялық өрісін зерттеу;

əртүрлі мақсаттар үшін қолданылатын планета мен Жер-дің ғарыштық суреттерімен байланысты қолданбалы есеп-терді шешу.

ҒГ-ның есептерінің геодезияның есептерімен толық ұқсастығы бар. ҒГ-ның артықшылығы геодезияның есептерін қысқа уақыт аралығында ең жоғары дəлдікпен шешетіндігі. ҒГ-ның есептері екі əдіс бойынша шешіледі.

Бірінші əдіс геометриялық деп аталады жəне ол ЖЖС-ның жұлдызды аспанда, ең аз дегенде Жер бетіндегі екі пункт бойын-ша синхронды түсіруге негізделген. Бұл осы пункттерді қосатын вектор бағытын анықтауға мүмкіндік береді. Осындай вектор-лар торы ғарыштық триангуляцияны (ҒТ) қалыптастырады. Геометриялық əдістің бірден-бір ерекшелігі – ЖЖС-нің қозғалыс теориясын пайдалана отырып, ғарыштық геодезия есептерін шешу.

Екіншісі – динамикалық əдіс, ол уақыт аралығында ЖЖС эволюциясын зерттеуде ғарыштық геодезия есептерін шешеді. Динамикалық əдіс Жер массасының орталығында бастау ала-тын координаттар жүйесінде барлық планетаға біркелкі пункт-тердің координаталарын алуға мүмкіндік береді. Бұл фактор динамикалық əдістің басты артықшылығы болып табылады. Əдістің кемшілігі – есептеудің қиындығы, орбитада ұшу процесі кезінде ЖЖС қозғалысының жəне өлшемі мен күшінің моделін құру қажеттілігі. Проблемалар компьютерлік технологияның дамуымен шешіледі. Соңғы кездегі кенеттен дамуға байланысты қазіргі кезде ерекше мағынаға орбитальды əдіс ие болып отыр. 

2. Ғарыштық Геодезияның басқа ғылым салаларымен байланысы.

Ғарыштық геодезияның негізгі ғылыми пəндермен тығыз байланысты, ең алдымен, геодезия пəнімен. Ғарыштық түсіріс кезінде геодезиялық əдістер мен аспаптар қолданылады

[pic 1]

ҒГ-да көптеген мəселерді шешуде математика мен физика кеңінен қолданылады. Аналитикалық статистика, дифференциал-ды есептеу, математикалық статистика, ықтималдық теориясын жəне математиканың басқа бөлімдері жайлы білмей ғарыштық геодезия курсын түсіну жəне шешілетін есептерді практикалық жүзеге асыру мүмкін емес. Жүргізілген өлшеулерді бағалау үшін геодезистер мен картографтар өсімшелер теориясы мен квадрат-тар əдісін кеңінен қолданады.

ҒГ-ның аспаптары жəне аппараттарымен жұмыс істеу опти-калық физиканы терең меңгеруді қажет етеді.

Геофизика мен геодинамика үшін ғарыштық геодезия əдіс-те рімен шешілген есептердің нəтижелері үлкен рөл атқа рады, өйткені олар Жердің дамуы жайлы, оның уақыттағы гра ви-тациялық өрісі жайлы мəліметтер береді. Бұл мəліметтер құрлық қозғалысының, тектоникалық процесстердің өтуінің заң ды лығын орнатуға мүмкіндік береді.

3. Ғарыштық геодезияның даму тарихы. Геодезиялық есептерде ғарыштық объектілерді бақылау мүмкіндігі ертеден-ақ көңіл аудартты. XIX ғасырдың соңында орыс ғалымы К. Э. Циолковскийдің ғылыми еңбектерінде жердің тарту күшін жеңетін аппараттар жасау, ғарышқа ұшу жай лы мəселелер қамтылған. Ол 1903 жылы жариялаған «Əлем кеңістігін реактивті приборлармен зерттеу» жəне кейінгі еңбектерінде ғарыштық кеменің ұшу кезінде массасының өз-геретіндігін ескере отырып, оның ұшу теориясын жəне ғарышқа ұшудың техникалық мүмкіншіліктерін негіздеді.

...

Скачать:   txt (18.6 Kb)   pdf (259.2 Kb)   docx (184.7 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club