Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жастар кадрлық резерві Қазақстаннан

Автор:   •  Февраль 15, 2023  •  Реферат  •  5,288 Слов (22 Страниц)  •  181 Просмотры

Страница 1 из 22

Ресми деректерге сүйенсек, соңғы жеті жылда Қазақстаннан 300 мыңнан аса адам көшіп кеткен. Олардың 70%-ы еңбекке қабілетті жастағы азаматтар екен. Соның ішінде жоғары білімді эмигранттар көш бастап тұр. Шетел асқан қазақстандықтардың басым бөлігі Ресейге қоныс аударғанды қолай көреді. Мәселен, Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018 жылы елден 41 894 адам кетсе, оның 36 796-сы Ресей асыпты. ТМД елдерінен тыс Қазақстан азаматтарының жиі көшетін мекені – Германия. Ол жаққа былтыр 2 691 адам кетіпті. Одан кейін эмигранттардың біразы бағыт алған елдер АҚШ (339), Израиль (138), Канада (128) және Қытай (122) екен

Ал енді келтірілген сандардың мәніне зер салсақ, көшіп кеткендердің көбі көшелі екеніне көз жеткіземіз. Яғни, эмигранттардың денін білімді де білікті азаматтар құрайды. Сөзіміз дәйекті болуы үшін мына деректерді сөйлетейік: 2018 жылы жоғары білімді 12 360 және орта кәсіптік білімі бар 10 306 адам шетелге кеткен. Жалпы белгілі бір саланың мамандарының есебі – 22 666. Осылардың ішінде ең көбі техникалық мамандықты игергендер (7362) екен. Одан кейінгі орында экономистер (3900), педагогтар (2478), медицина мамандары (1225). Сондай-ақ заңгерлер (1080), архитекторлар (516) және ауылшаруашылық мамандары (398) да аз емес. Басқа елде тұрақтап қалу үшін шекара асып жатқан азаматтардың арасында осындай білікті кадрлардың көптеп кездесуі бүгінде бас қатырар мәселеге айналып отыр.

2022 жылы Қазақстанда ең сұранысқа ие мамандықтар қандай?  Egov.kz және Jobs NUR.KZ порталының деректеріне сүйенсек, биылғы жылы ең көп сұранысқа ие мамандықтар бағдарламашылар, логистиктер және сәулетшілер болмақ.  Жыл сайын жоғары кәсіби бағдарламашыларға қажеттілік артып келеді, ал IT саласындағы еңбек нарығындағы бос жұмыс орындарының саны тұрақты түрде жоғары болып қалуда.  Бағдарлама кодын жазумен және бағдарламалық жасақтаманы жөндеумен айналысатын «классикалық» бағдарламашылардан басқа, веб-дизайнер мамандығы сұранысқа ие және көзге түседі.  Себебі, бүгінгі таңда жеке сайтсыз компанияның имиджін қалыптастыру және қызмет көрсету мүмкін емес.

Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылға барған жас мамандардың 944-і келісімшартын бұзыпты. «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша соңғы үш жыл ішінде диплом алған 714 түлектің 71-і ғана тұрақтап қалған.

Жастардың көбі ауылда қалмаған себебі-кейбір ауылдардың тұрмыс тіршілігі ұнамаған.Мысалға дәрігер мамандығын алатын болсақ. Ауылдарда адам ауырып дәріханаға барғанда көбінесе ауданға жібереді . Себебі.Ауылда көп құрал саймандары жоқ .

Адам капиталын дамыту экономиканы, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқарады. Дүниежүзілік банктің бағалауынша, мемлекеттің экономикалық даму деңгейінің 30%-ы адам капиталының сапа­сына байланысты екен. Сон­дық­тан миграция мәселесін реттеу кез келген мемлекеттің басты назарында болып келеді. Мәселен, 2015 жылы көшіп-қонушылар АҚШ экономикасына – 2 трлн доллар, Германияға – 550 млрд доллар, Аустралияға – 330 млрд доллар, әлемдік ішкі жалпы өнімге 6,7 трлн доллар пайда әкелген. Халықаралық мигранттар халықтың 3,4%-ын құрағанымен, олардың жаһандық ІЖӨ-ге қосқан үлесі 10%-ға жетеді екен. Осы деректерге қарасақ, «басқа ошақтың отын жаққан», яғни елден көшіп жатқан азаматтар өзге мемлекеттің экономикасын көтеруге едәуір септігін тигізеді. Дамыған елдердің бірқатары өздерінің кадр­ларын дайындаудан гөрі шетелдерден білікті, болашағы бар адамдарды көптеп тартуды құп көреді

ТОП 10 мамандық

 Үміткерлердің түйіндемесіндегі ең көп таралған мамандықтар:

 1. Сату менеджері, тұтынушыларға қызмет көрсету бойынша менеджер (8,9%);

 2. Сату бойынша көмекші, сатушы-кассир (8,7%);

 3. Бухгалтер (5,5%);

4. Әкімші (5%);

5. Жүргізуші (4,7%);

 6. Мұғалім, оқытушы, педагог (3,7%);

 7. Даяшы, бармен, бариста (3,3%);

8. Курьер (2,8%);

9. Бағдарламашы, әзірлеуші ​​(2,7%);

10. Байланыс орталығының операторы, байланыс орталығының маманы (2,3%).

Жо­ғарыда айтқанымыздай, шетелге кеткендердің 90%-ы Ресейге қо­ныс­та­нады. Бұл мәселенің мәнін Елбасы қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Айман Жүсіпова былай түсіндірді: «Қазақстандықтардың шетелге көшуіне ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторлар әсер етеді. Көптеген жастар білім алу үшін шекара асып, кейін сол елде тұрақтап өмір сүріп қалады. Эмигранттардың басым бөлігі жұмысқа орналасу, жоғары еңбекақы мәселелерімен кетеді. Ал азаматтардың Ресейді бетке алуына бұл мемлекетке тез бейімделіп, жерсінуі, ондағы сапалы білім алуға қолжетімділік және жұмысқа орналасу факторлары үлкен рөл атқарады. Негізінен бұл жаққа білікті кадрлар, техникалық мамандар және экономис­тер қоныс». [pic 1] [pic 2]

...

Скачать:   txt (77.8 Kb)   pdf (366.3 Kb)   docx (378.1 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club