Қазақ жастары неге жұмыссыз?
Автор: Balnur Jumadilla • Апрель 19, 2023 • Реферат • 531 Слов (3 Страниц) • 128 Просмотры
Қазақ жастары неге жұмыссыз?
Қазіргі технологиялар мен жасанды интеллект дамып тұрған заманда қолында дипломы бар жоғарғы оқу орнын бітірген жас мамандардың жұмыссыз жүргенін көп көреміз. Жастардың жұмыссыздығы елімізде белең алып тұрған белді мәселелердің бірі. Жұмыссыздықпен күресу үшін енгізіліп отырған барлық реформа, жаңашылдықтарға қарамастан, ахуал ешқандай езгеріссіз қалуда. Бұл жағдайдың шешімі бар ма? Кім кінәлі? Жастардың жалқаулығы ма, әлде мүмкіндіктің жоқтығы ма?
Ұлттық статистика бюросының 2022 жылдың ІІІ тоқсанындағы статистикаға сүйенсек, жұмыссыз жастар деңгейі 3,8%. Көрсетелген сандардың қаншалықты дұрыс екені белгісіз, себебі айналамызға қарасақ жұмыссыз жүрген жандар қаншама. Оқыған мамандықпен жұмысқа тұра алмаудың себептерін қарастырып көрдік. Сонымен, біріншісі және ең маңыздысы, ол тәжірибенің аздығы немесе мүлде жоқ болуы. Көптеген жекеменшік кәсіпорындар, жұмысқа маман іздеу барысында, талаптар қатарына үш немесе одан да көп уақыт жұмыс тәжірибесі керек екенін жазып қояды. Ал, мемлекеттік мекемелер туралы мүлде әңгіме бастамай-ақ қояйық. Төрт жыл оқып, қолына екі беттік көк кағазды енді ғана алған жас маманның тәжірибесі қайдан болсын. Тәжірибе жинау үшін жұмысқа орналасу қажет, ал тәжірибесіз жұмысқа қабылдамайды. Бұл бір айналым секілді. Мейлі, онда мансапты студент кезден бастау керек делік. Ал, студентті жұмысқа кім алады? Сонда сабақты кім оқиды?
Барынша барлық жолдарды іздеп көрдік, табылған мүмкіндіктердің бірі – оқудан кейін жарты күндік тағылымдаман өту. Қазіргі уақытта кез-келген нәрсеге белгілі бір мөлшердегі қаражат керек. Егер, тағылымдамадан өтемін десе, күнделікті барып-келуіңе, тамақтануыңа қаражат керек. Студенттерге берілетін стипендияны есепке алмасақ та болады, өйткені, оның мөлшері еліміздегі ең төменгі күнкөріс бағасына да жетпейді. Ата-анадан алады дейтін болсақ, барлық отбасының жағдайы жете бермейді. Бірінші жалақыдан екінші жалақыға әзер жеткізіп
...