Геодeзиялық бөлу жұмыстарының технологиясымен тaныстыpy
Автор: aslandokenov • Май 22, 2023 • Дипломная работа • 11,280 Слов (46 Страниц) • 122 Просмотры
Кіріспе
Қазақстанның автомобиль жолдары- бір-бірімен елді мекендер мен жекелеген объектілерді біріктіретін Қазақстан аумағындағы жолдар желісі және көлік құралдарының қозғалысына, жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған. Күнделікті осы автомобильдік жолдардан мыңдаған жеңіл көліктер, жүздеген ауыр көліктер жүріп жатады. Осындай көлік жүрістерінің себебінен жолдар өзгерістерге ұшырап, жолдарды капиталдық құрылыстан өткізу қажет. Автомобильдік жолдардың капиталдық құрылыстары үшін геодезиялық жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда геодезиялық бөлу жұмыстары аса маңызды жұмыстардың бірі болып табылады.
Бөлу жұмыстары- инженерлік-геодезиялық бағыттың негізгі түрлерінің бірі. Бұл жұмыстарды жобаның жұмыс сызбаларына сәйкес салынып жатқан құрылыс аумағының қатыстық және жазықтық нүктелерінің жоспарлы және биік орналасуын жергілікті жерде анықтау үшін орындайды. Аталған аумақтың мақсаты мен міндеті жобалаудың осы сатысы үшін белгіленген көлемде қайта құру бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін бастапқы деректерді алу болып табылады. Бөлу жұмыстарының негізі құрылыс аумағында құрылатын геодезиялық бөлу желісі жергілікті жердің сипатына, құрылыстың нысаны мен көлеміне, жобаны жергілікті жерге шығарудың талап етілетін дәлдігіне байланысты.
Бұл дипломдық жобада Нұр-сұлтан( Астана) қаласында орналасқан "№26 Тұран даңғылынан № 37 көшеге дейін" автомобиль жолын күрделі жөндеу құрылыс кезіндегі геодезиялық бөлу жұмыстары қарастырылған. Жұмыс жобасы "Астанагорархитектура" ЖШС берген М 1:500 топографиялық негізде орындалды.Жобаланып отырған көше осінің координаттары қолданыстағы жолды және келешектегі құрылысты есепке ала отырып, Астананың бас жоспарына, қиылыстардың бас белгілері мен тік жоспарлау схемасына сәйкес алынды.
Дилпомдық жұмыстың мақсаты: автомобильдік жолдардың капиталдық құрылысы кезіндегі бөлу жұмыстарымен танысу, әдістерін зерттеу, әр бөлу әдісінің артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау.
Диплoмдық жұмыстың өзeктілігі: бөлу жұмыстарының технологиясын орындау.
Диплoмдық жұмыстың міндeті: гeoдeзиялық бөлу жұмыстарының технологиясымен тaныстыpy. Oсы opaйдa Нұр-Сұлтан (Астана) қаласындағы «№26 Тұран даңғылынан № 37 көшеге дейін» авмобильдік жолының капиталдық жұмысы алынды.
1 ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЖОЛДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
- Объект туралы жалпы мәліметтер
Жалпы көлік желісінің мәніне және қозғалыс қарқындылығына қарай жолдарды санаттарға бөлу қабылданған. Автомобиль жолдары бес санатқа бөлінеді.
I-II санаттағы жолдар-бұл аса маңызды экономикалық аудандар мен ірі орталықтарды байланыстыратын жалпы мемлекеттік және Республикалық маңызы бар автомагистральдар. I санаттағы жолдарда қозғалыстың тәуліктік қарқындылығы негізгі есептік жылдамдығы 150км/сағ болғанда 6 мыңнан астам автомобильді құрайды, олардың қозғалыстың әртүрлі бағыттары арасында бөлу жолағы бар төрт және одан да көп қозғалыс жолағы бар.
II санаттағы жолдарда қозғалыстың тәуліктік қарқындылығы есептік жылдамдығы сағатына 120 км және екі қозғалыс жолағы кезінде 3 мыңнан 6 мың автомобильге дейін қабылданады.
ІІІ санаттағы жолдар-1-3 мың автомобиль қозғалысының қарқындылығы және негізгі есептік жылдамдығы 100км/сағ кезінде республикалық және облыстық маңызы бар жолдар. IV-V санаттағы жолдар-бұл қозғалыс қарқындылығы аз және негізгі есептік жылдамдығы 80-60км/сағ жергілікті маңызы бар автожолдар [1,4].
«№26 Тұран даңғылынан №37 көшеге дейін көшенің» капиталдық құрылысы жобалық құжаттама материалдары бойынша әзірленген.
Жұмыс көлемінің басы: ПК 0+00, Тұран даңғылының қызыл сызығы. Жұмыс көлемінің аяғы: ПК 29+76,7 № 37 көшенің қызыл сызығы. Жұмыс шекаралары: Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейін, ПК 0+00,0-ПК 6+70,2; Қабанбай батыр даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, ПК 9 + 80,5-ПК 18+52,6 Түркістан көшесінен № 37 көшесіне дейін, ПК 18+99,2-ПК 29+76,7.
Көшенің жобаланатын учаскелерінде бұрылыстың 2 түзету бұрышы белгіленген, олардың көлемі 68-ден аспайды. Қиылыстарда көлік кептелістері мен кедергілерді алдын алу үшін, жобаланып отырған көшенің бойымен екі жағынан ені 3,0м тротуарлар қарастырылған. Сыртқы жиектің бойымен, борт тасының артына жүру бөлігінің жағына қараған 10‰ еңістігі бар ені 0,80 м техникалық тротуар орнатылады. Негізгі жобалық шешімдер "Астана қаласының сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ 2016 жылғы 9 тамызда келісілген. Тұран даңғылынан Қабанбай батыр даңғылына дейінгі учаске, ПК 0+00,0-ПК 6+70,2 көшенің жүру бөлігінің ені-2х (3,75+4,0)=15,5м. Қозғалыс жолақтарының саны-4. Кіру ені 3,0-6,0м, тротуарлардың ені-3,0 м, жиек жанындағы тротуарлар – 0,8м. Жолдың жүру бөлігі мен тротуар арасындағы жасыл желектердің ені "қызыл сызыққа" дейін- 9,25м; учаске Тұран даңғылы мен Қабанбай батыр даңғылының арасындағы байланыстырушы болып табылады. Аталған жол «Алау» СК мен «HighVill» ТҮК дейінгі кіреберісті қамтамасыз етеді. Жобаланатын учаскенің басталуы жұмыс көлемін есептеу шекарасының сәйкес келетін Тұран даңғылының қызыл сызықтарының тұсындағы ПК 0+00,0 қабылданды. Басталуы № 26 мен Тұран даңғылындағы батыс бағыттағы орналастырылатын көшелер болып қабылданды.
...