Шеңберді тең жеті бөлікке бөлу
Автор: Amirzhan123 • Сентябрь 9, 2018 • Реферат • 507 Слов (3 Страниц) • 1,091 Просмотры
ШЕҢБЕРДІ ТЕҢ ЖЕТІ БӨЛІККЕ БӨЛУ
Ежелгі заманнан қалған кейбір қолжазбаларда «Архимедтің дұрыс жетібұрышты салу туралы кітабы бар» дейтін ескертпелер кездеседі.Жоғарыда айтылған И.Л.Гейберг осы жөніндегі деректерді жинап,1879 жылы «Архимедке байланысты мәселелер» атты мақала жариялады.Бірақ жетібұрышқа арналған кітаптың мазмұны белгісіз болды.Аты белгілі,мазмұны белгісіз кітап математиктер жұртшылығын елең еткізді.Бұл елеңднеудің айтарлықтай себебі бар еді.
Немістің ұлы математигі Карл Гаусс (1777-1855) өткен ғасырдың бас кезінде дұрыс көпбұрыштар салу теориясын жасаған.Ол циркуль мен сызғышты ғана пайдаланғанда қандай дұрыс көобұрыштарды салуға болатындығын,қандай көпбұрыштарды салуға болмайтындығын анықтап берген.Гаусс теориясы бойынша дұрыс жетібұрыш пен тоғызбұрышты салуға болмайды.Оған қазір ешкімнің шүбәсі жоқ.Ал жетібұрыш жөнінде Архимед не айтты екен? Егер Архимед те «жетібұрышты салуға болмайды» деген қорытынды жасаса, ол дұрыс көпбұрыштар теориясын Гаустан 2000жыл бұрын білген болады.Егер Архимедтің шешуі қате болса,ғалымдардың ол жөніндегі пікірі өзгереді.Сиракузы ақсақалы тарих төрінен ысырылып, көптің бірі болып қалады.Архимедтен қате шыға қалса, сол қатені талдаудың өзі де бір талай білім берер еді. «Мардымсыз адамдардың дұрыс жазғанын талдаудан гөрі ұлы адамдардың жіберген қатесін талдау пайдалырақ» - деген болатын Лейбниц.
Сөз болып отырған кітапты осыдан 50 жыл бұрын неміс ғалымы Карл Шой (1877-1925) тапты.Шой оңтүстік Германияда мұғалім семьясында туған.Мнюхен университетін
...