Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Natural Earth ашық геомәліметтер жинағы негізінде оқу карталарын дайындау

Автор:   •  Сентябрь 25, 2018  •  Статья  •  1,271 Слов (6 Страниц)  •  1,018 Просмотры

Страница 1 из 6

NATURAL EARTH АШЫҚ ГЕОМӘЛІМЕТТЕР ЖИНАҒЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУ  КАРТАЛАРЫН ДАЙЫНДАУ

Назарава Г.А., Назарова Г.А.,

М. Өтемісов атындағы БҚМУ, Орал қ., n.gulzira62@gmail.com

Рецензент – И. Д. Жумабаевич, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, география кафедрасының аға оқытушысы, магистр, Орал қ.

        Карталар шағын аумақтан бастап бүкіл жер шарын тұтас қамтып шолу жасай алатын бірден-бір оқыту құралы болып табылады. Ол кескінделген құбылыстардың кеңістіктік кескінін жасап, қажетті мөлшерде сандық жəне сапалық сипаттарын сақтайтындықтан, қамтылған нысандардың координатын, ұзындығын, ауданын, көлемін, биіктігін, олардың үйлесімділігін, бір-бірімен өзара байланысын, ерекшеліктері мен таралу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Географиялық карталарды іс жүзінде пайдаланудың төмендегі басты бағыттарын атап көрсетуге болады:

–  жергілікті жерге, ауданға, елге бармастан картаның көмегімен жалпы танысу;

–  жергілікті жерде, құрлық пен мұхит бетінде əскери құрамалардың қозғалу барысында, туристік жорықтарда, навигация мен моторлы көліктер үшін картаның көмегімен бағдарлау арқылы оны жолбасшы ретінде қолдану;

– картаны көліктік, энергетикалық, өнеркəсіптік жəне ауыл шаруашылық, құрылыстарды инженерлік жобалау, сонымен қатар, аудандық жоспарлау, экономика мен мəдениетті дамытуды жоспарлау, ең тиімді автомобиль мен темір жолдар, құбырлар құрылыстарын салу барысында пайдалану;

–  картаны орта мектептер мен жоғары оқу орындарында білім көзі, сонымен қатар, ғылыми білімді насихаттау, халықты туған елімен, басқа мемлекеттермен таныстыру, жалпы мəдениетін көтеру құралы ретінде қолдану.

Қазіргі нарықтық-экономикалық қатынас жағдайында табиғат байлықтарын шаруашылықтық мақсатта тиімді пайдаланып, географиялық орта жағдайларын қалпына келтіру, экологиялық тепе-теңдігін сақтау, өндіргіш күштерді тиімді орналастырып, экономикалық аудандардың кешенді дамуын қамтамасыз ету мəселелерін шешу сапасы жоғары карталарды дайындауды қажет етеді (Хейвуд Я., Корнелиус С., Карвер С.Географиялық ақпарат жүйелеріне кіріспе, ІІ том  Алматы, 2014).

Мазмұнына қарай карталар жалпы географиялық, тақырыптық немесе арнайы болып бөлінеді. Жалпы географиялық картаның мазмұнының құрамына су нысандары, жер бедері, елді мекендер, жол тораптары, əр түрлі шекаралар, топырақ пен өсімдік жамылығысының кейбір элементтері енгізілген. Арнайы немесе тақырыптық карталардың қатарына төменде көрсетілген карталар жатады:

  1. Жалпы географиялық карталардың бірнеше элементтері енгенімен солардың бірі басым болатын карталар, оған гипсометриялық карта жатады. Өйткені оның басты мазмұны жер бедері болып саналады.
  2. Белгілі бір құбылыстарды сипаттау арқылы жалпы географиялық картаның элементтерінен басқа арнайы деректер берілген карталар. Ондай карталарға экономикалық, климаттық топырақ карталары жатады. Арнайы тақырыптық карталарда жалпы географиялық элементтері толық берілмейді.

Жіктеу тұрғысынан алғанда арнайы карталар үш топқа бөлінеді. Олар: физикалық-географиялық, əлеуметтік-экономикалық жəне техникалық карталар.

Аумақты қамтуына қарай географиялық карталар төмендегідей топтарға бөлінеді:

1. Дүние жүзінің картасы;

2. Жартышарлар картасы (батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік);

3. Материктер мен мұхиттардың картасы;

4. Мемлекеттер тобының картасы (Орталық Азия, Балқан жəне т.б.);

5. Мемлекеттің жəне оның жеке бөліктерінің картасы.

Қызметіне қарай белгілі бір қажеттілікті өтеп, міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін оқу, əскери, навигациялық, теңіздік, жол жəне туристік карталарға бөлінеді.

Масштабына қарай жіктеу масштабы картаның мазмұны мен аумақты қамтуына, картографиялық торына негізделіп анықталады. Барлық географиялық карталар масштабына қарай ірі масштабты (1:200 000 жəне оданда ірі), орта масштабты (1:200 000 нан 1:1 000 000 дейін) жəне ұсақ масштабты (1:1 000 000 ұсақ) болып бөлінеді (Берлянт А.М. Картоведение. М.,2003).

...

Скачать:   txt (16.9 Kb)   pdf (637.6 Kb)   docx (331.4 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club