Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстандағы жануарлардың биоалуантүрлілігі

Автор:   •  Февраль 13, 2019  •  Курсовая работа  •  3,254 Слов (14 Страниц)  •  1,265 Просмотры

Страница 1 из 14

Қазақстандағы жануарлардың  биоалуантүрлілігі

I КІРІСПЕ

Табиғаттың және табиғат байлықтарының адамзат баласы  үшін аса маңызды әрі  материалдық, әрі рухани байлық көздері екенін ескере отырып , табиғаттың әлі де болса бастапқы қалпынан өзгере қоймаған және адамның іс-әрекеттері зардаптарының әсері онша байқалмаған табиғаты  таңғажайып көзтартарлық көрікті аймақтарды сақтап қалу, оны көздің қарашығындай қорғау және келешек ұрпақтар игілігі үшін аялы алақанмен аялап жеткізу адам баласының басты адамгершілік  мақсаты болуы шарт.

Жер бетіндегі әрбір мемлекет, әрбір  халық өздерінің жарық дүние есігін ашып, кіндік қаны тамған қасиетті туған жері мен елінің табиғатының көрірікті орерындарын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ретінде жан-тәнімен қорғай  білуі қажет.

Қазіргі кездегі еліміздің экономикалық тұрғыдан қарқынды дамуы табиғат  байлықтарын кеңінен пайдалануды қажет етеді.Дегенмен де, еліміздің әр түрлі экожүйелеріне тән табиғаты бастапқы қалпынан әлі де болса өзгере қоймаған аймақтарын табиғат  эталоны ретінде сақтап қалу мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар «ЕҚТА» ұйымдастыру және биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалу, әрі қорғау шараларына ерекше көңіл бөлінуде.

Қазақстан биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалу және қорғау Конвенциясына Қазақстан Республикасы Министрлер Кенесінің  19 тамыз 1994 жылғы №918 арнайы қаулысы арқылы қосылғандығы белгілі.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (ЕҚТА) дегеніміз- өзінің ерекше маңызы зор табиғат  алқаптарын түрлі шаруашылық  жұмыстарын жургізуден бөліп алып, арнайы табиғат қорғау ережелері бойынша қорғалатын құрлықтың немесе су айдыңдарының және ауа кеңістігінің белгілі бір телімі деп айтуға болады.

Біздің елімізде де ЕҚТА- ды ұйымдастыру мәселесі соңғы жылдары жедел түрде қолға алынып жатқандығы белгілі.  Қазіргі кезде Қазақстанның жер көлемінің 8,6 пайыз аумағында  түрлі санаттағы ЕҚТА ұйымдастырылған.

Бұл Конвенция Бразилиядағы Рио-де Жанейро қаласында 1992 жылы 29-желтоқсанда қабылданды және 1993 жылдан бастап заңды түрде жұмыс атқарып келеді. Қазіргі кезде бұл Конвенция шешімдерін  жүзеге асыруға 200-ден астам мемлекет қатысып жұмыс атқаруда.

II НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Биологиялық алуантүрлілікті сақтап қалу Конвенциясы  негізінен үш түрлі мақсатты көздейді:

  • Биологиялық алуантүрлілікі сақтап қалу ;
  • Биологиялық алуантүрлілікті тұрақты түрде тиімді пайдалану;
  • Генетикалық ресурстарды тиімді пайдалану барысында биологиялық алуантүрлілікті сақтай отырып, табысқа қол жеткізу.

Биологиялық алуантүрлілік дегеніміз- әртүрлі экожүйелердегі кездесетін саналуан гендерді, түрлерді және табиға бірлестіктерді сақтап қалу деген ұғымды білдіреді. 1992 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейра қаласында қабылданған «Биологиялық алуантүрлілік туралы Конвенцияда» Жер бетіндегі генетикалық қорларды сақтап қалудың стратегиялық бағыттарын нақтылап көрсетіп берді.

Табиғатта кез келген биологиялық түрдің жойылуы сол түр кездесеін табиғи ортадағы қоректік тізбекте болатын басқа 4-5 түрдің жойылуына  әсерін тигізетіні белгілі.  Кез келген биологиялық түрдің санының азаюы немесе мүлдем жойылып кету себептері де әр түрлі жағдайларға байланысты болады. Мысалы, омыртқалы жуануарлардың 60 пайызының түр санының азаюына сол түр тіршілік ететін табиғи орта жағдайларының күрт өзгеруі немесе бұзылуы әсер етсе, 30-35 пайызына шектен тыс аулау, 4 пайызына сол түрге қажетті қоректің  жетіспеуі, 3 пайызына зиянкестермен күрес жүргізу жолдары ,  ал қалған 2 пайызына кездейсоқ жағдайлар әсер ететіндігі анықталған. Кез келген түр санының белгілібір мөлшерден  азайып кетуі сол түрдің  жойылып кетуіне әсер етуі мүмкін.Ірі омыртқалы  жануарлар үшін бұл мөлшер  500-100 дара арылығы болса , ал ұсақ омыртқалы жауарлар үшін бұл көрсеткіш 10 мыңдай дараны құрайды. Омыртқасыз жануарлар үшін бұл мөлшер 50 мыңдай дараны құраса,  ал өсімдіктер  үшін бұл көрсеткіш бірнеше мың дараны құрайды. Соңғы жылдары табиғатта кездесетін  түрлердің  жойылуы  жылдамдығы өте қарқынды жүріп жатқандығы маман ғалымдардың деректері бойынша  күн сайын бір биологиялық түр жойылатыны есептеп шығарылған.

...

Скачать:   txt (36.3 Kb)   pdf (214 Kb)   docx (26.4 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club