Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершіліктің түрлері

Автор:   •  Декабрь 29, 2021  •  Курсовая работа  •  5,093 Слов (21 Страниц)  •  305 Просмотры

Страница 1 из 21

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ        

1.АДАМНЫҢ ӨМІРІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫНА КЕЛТІРІЛГЕН ЗИЯН ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮРЛЕРІ

1.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі

1.2 Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің маңызы

2.ЗИЯН КЕЛТІРУДІҢ ЖЕКЕЛЕНГЕН  ЖАҒДАЙЛАРЫ ҮШІН ТУЫНДАЙТЫН ЖАУАПКЕРШІЛІК

2.1Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің пайда болу шарттары

2.2 Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін мориалдық зиян келтіргені жөнінде жауапкершілік .

ҚОРТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

                                                        КІРІСПЕ

 Менің курстық жұмысымның тақырыбы. Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершіліктің түрлері.Жалпы курстық жұмысымның мақсаты-зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызын,пайда болу шарттарын,зиян келтірудің жекеленген жайлары үшін туындайтын жауапкершілік,адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін жауапкершілік.Адамдардың өзара қарым-қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әр-түрлі іс әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субьектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.Зиян келтіру өндіріс аясында орын алады,ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен,қауіпті заттармен,жануарлармен,тауларды ,жұмыстар мен қызмет көрсету лерді сатудан,лауазымды тұлғалармен мемлекеттік билік мен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т б келтіреді.Міндетіне келетін болсақ-Қазақстан Республикасында адамның өміріне үлкен мән береді адамның өмірі ар ожданы қадір қасиеті бірінші орында деп айтсақта болады .Адамның өміріне қол сұғушылықты алдын алу мақсаттарында қазіргі таңда барлығы жақсартылған адамның психологиясын ойлау қабілеті                                                     

 

  1. Адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін          жауапкершіліктің түрлері.

                 1.1Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі.
Зиян келтіпу салдарынан  туындайтын міндеттемелер.Зиян
 келтіруден туындайтын міндеттемелердің түсінігі мен маңызы. Адамардың өзара қарым-қатынасында бір тұлғаның екіншісіне зиян келтіруге алып келмейтін адам өмірінің бірде бір аясы жоқ.Ол басқа азаматтар мен заңды тұлғалардың әртүрлі іс-әрекеттерінің салдарынан азаматтық-құқықтық қатынастар субъектілеріне тиесілі игіліктер мен құқықтарға келтірілуі мүмкін.Зиян Ёкелтіру өндіріс аясында орын алады, ол автокөліктер мен басқа да көлік құралдарының иелерімен, қауіпті заттармен, жануарлармен, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатудан, лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік билік пен басқару органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен және т.б. келтіріледі.Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарына (игіліктеріне) және заңмен қорғалатын мүдделеріне зиян келтіру заң шығарушының назарынан тыс қала алмайтындығы сөзсіз. Олай болмаған жағдайда қоғамдық қатынастардың реттеушісі ретіндегі азаматтық құқықтың құндылығы елеулі түрде төмендетілер еді. Сол бір немесе өзге субъектілерге зиян келтіру жағдайларын тиісті назардан тыс қалдыру әртүрлі құқықтық және өзге де өзекті мәселелерді одан әрі туындайтын. бір немесе бірнеше құқық бұзушылықтар жасаған құқық бұзушы тарапынан құқық бұзушылықты одан әрі ұшықтыруға алып келуі әбден мүмкін. Бұл, өз кезегінде жәбірленген тарапты озбырлыкқа (рұксат етілген шектен шығуға) және жауап ретінде құқық бұзушылық жасауға итермелеуі мүмкін.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме - бұл зиян келті-рушінің немесе заңнамада аталған өзге де тұлғаның келтірілген зиянды толық көлемде өтеу міндетін қамтыған, жеке немесе заңды тұлғалардың (мемлекеттік немесе әкімшілік-аумақтық бөліністің) заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделеріне құқыққа қайшы іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) мүліктік және (немесе) мүліктік емес зиян келтіру салдарынан тікелей заңнама нұсқауларынан туындайтын міндеттеме.Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелерді жүзеге асырумен азаматтық-құқықтық жауапкершілік және сонымен қатар, оның функциялары жүзеге асырылады. Оның функцияларын компенсациялык, айыппұлдық, тәрбиелік және алдын алушылық ретінде анықтауға болады. Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің компенсациялық функциясы өз мақсаты ретінде бұзылған құқықтар мен мүдделерді олардың бұзылуына тепе-тең түрде қалпына келтіруді көздейді. Аталған жауапкершілікті қолдану құқық бұзушыны, оның сірә өзі деликт жасай отырып байып кетпеген мүліктік аясын кеміту жолымен жазалайды.Оларға азаматтық-құықтық жауапкершіліктің санкцияларын қолдану салдарынан және сот процестеріне негізінен жауапкерлер ретінде қатысқандықтан, құқық бұзушылар азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір тәрбиелік ықпалында сезінері анық. Бұл азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің белгілі бір шамада құқық бұзушыларды одан да ауыр құқық бұзушылықтар жасаудан ұстап қала алатын, алдын алушылық маңызына себепші болады.Зиян келтіруден туындайтын міндеттеменің элементтерін қарастырайық. Міндеттеме субъектісі болып кредитор (жәбірленуші) және борышқор (зиян келтіруші немесе оның әрекеті үшін заң бойынша жауапты өзге де тұлға) табылады. Міндеттеме қатысушыларының көптігі кредитор тарапынан да, борышқор тарапынан да орын алуы мүмкін. Жәбірленуші ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумактық бөліністер бола алады. Объективті түрде өмірі мен денсаулығына зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша кредиторлар ретінде, егер сөз регрестік міндеттемелер туралы болып отырмаса, жеке тұлғалардан басқа өзге субъектілер бола алмайды.

...

Скачать:   txt (75.2 Kb)   pdf (178.6 Kb)   docx (26.3 Kb)  
Продолжить читать еще 20 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club