Ертеңіме сенемін, ел басшысына сенемін
Автор: aishyrak • Февраль 28, 2022 • Эссе • 320 Слов (2 Страниц) • 441 Просмотры
Ертеңіме сенемін, ел басшысына сенемін
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтар күнгі жасаған мәлімдемесі барлығымызға жаңа бір дем беріп, мемлекетіміз үшін жаңа бір кезеңнің басталатынан аңғартқандай болды. Елде болған дүрбелеңнен абдырап қалған халыққа жол сілтеп, бағындырар белестеріміздің әлі алда екеніне сендірді. Президентіміз еш кедергіге қарамастан ел болашағы үшін ұтымды шешімдер қабылдап, осы уақытқа дейін қордаланып қалған бірнеше мәселенің басын ашып, оны атқарушы билікке арнайы тапсырма ретінде жүктеді. Біз президенттің бастамасын толықтай қолдап, оны жүзеге асыру үшін өз тарапыздан бар күш-жігерімізді саламыз. Президент өз жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін, күнкөріс жағдайының қалыпқа келіп, дамуға ұмтылуы үшін көптеген оңтайлы шешімдер ұсынды. Еліміздің экономикалық, әлеуметтік, білім салаларының әрқайсысына бөлек-бөлек тоқталып, ондағы орын алып келе жатқан мәселелерді ашық мәлімдеп, шешудің жолын ұсынды. Соның бірнешеуін атап айтар болсақ;
- Жастарға жаңа жұмыс орындарын ашу;
- Техникалық мамандықтарға басымдық беру. 5 жаңа оқу орнын ашу;
- Жеке тұлғалардың банкроттық туралы заң жобасы қолға алынды;
- Самұрық-Қазынаны қайта реформалау туралы;
- Бюджет қызметкерлерінің айлығын өсіру;
- 2025 жылға дейін инфляция дәлізі 3-4% қылу;
- Қағазбастылықтың азайтып, толықтай цифрландыруға көшу;
- Халықтың тұрмысын жақсартуға арналған бағдарламаны дайындауға Үкіметке тапсырма берді т.б.
Осылайша халық көкейінде жүрген түйткілді мәселелерді қадап айтып, мемлекетіміздің дамуы үшін көптеген реформалар ұсынды. Кішкентай ғана ауыл тұрғындарының өзі ел үмітін арқалаған ел басшысының сөзін ұйып тыңдап, ендігі кезекте Президент тарапынан берілген тапсырмалар бойынша жаңа Премьер-Министрдің қандай шешімдер ұсынатынын асыға күтуде. Ауыл тұрғындары да қол қусырып отырмасы анық. Жаңа белеске жаңа күшпен білек түре кірісуге дайын отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуы үшін тек басшылар ғана емес, әрқайсысымыз жауапкершілікте болып, үлес қосуымыз керек деп есептеймін. «Елім маған не береді деп емес, мен еліме не бере аламын?» деген сұрақ әр қазақстандықты толғандыруы керек. Сонда ғана бәсекеге қабілетті, саналы қоғам құра аламыз деп ойлаймын. Біз Президентке үміт артсақ, ел басшысы халқына зор үмітпен қарайды. Осындай қиын-қыстау кезеңде ел бірлігін сақтай біліп, тәуелсіздігіміздің тұғырын берік ұстап, дәл уақытында нық қадамдар жасай білгені үшін Қазақстан Респубикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға зор алғыс білдіреміз! Біз еліміздің ертеңіне сенеміз, болашағымыздың жарқын болатынына сенеміз!
...