Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Колледждің бүгіні, ертеңі, болашағы!

Автор:   •  Апрель 3, 2018  •  Доклад  •  1,675 Слов (7 Страниц)  •  693 Просмотры

Страница 1 из 7

                      Колледждің бүгіні, ертеңі, болашағы!

Армысыздар, құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар!Отбасының қос шынары болған – Алатаудай әкелер мен, ақ жүректі аналар! Бүгінде сан ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп өмірге талай түлекке қанат қақтырған білім ордасы – Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжіне қош келдіңіздер!Келген 2018 Жаңа жыл құтты болсын! Өткен жыл, мерейлі тауық жылы, өзендер өрнектеген Жетісудың бас қаласы –Талдықорған үшін, оның ішінде біздің колледжіміз үшін ауыз толтырып айтарлық жетістіктерге мол жыл болды. Ендеше, келген ит жылы да, жетістіктерге толы болып, баршаңыздың отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық, мол ырыс, бақ-береке әкеліп, халқымыз аман, еңсеміз биік, еліміз берекелі, күніміз мерекелі болсын! Қыстың көзі қырауда, алыс-жақын аудандардан көк тайғаққа қарамай бауыр еті балаларыңыз үшін осы жиналысқа келгендеріңізге рахмет айтқым келеді. Отбасы – бала тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта болғандықтан, әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі, қыз бала – ертеңгі ана, ол шешесіне қарап бой түзейді.Ата-ана балаларына үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз».Сондықтан да, әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады деген ойдамын. Бүгінгі ата-аналарды біріктіріп, осы ата-аналар жиналысын өткізудегі басты мақсат, ол « ата-ана – колледж – білімгер» болып, үш жақты тығыз қарым-қатынас орнату. Өйткені біздің пікіріміз, мақсатымыз, көздегеніміз бір. Ол егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтар тәрбиелеу. Оқу орны, ата-ана, топ жетекшісі қоғамдасқанда ғана бала тәрбиесі өз нәтижесін бермек. Ендеше, бүгінгі жиналыста жалпы колледждің тұрмыс тіршілігі, материалды-техникалық базасы, білімалушылардың оқу үлгерімі, тәртібі мен жетістіктері жайында айтып өтпекпіз.Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжі республикамызда өзіндік орны бар сан мыңдаған мамандар тәрбиелеп, ел экономикасын көтеруге өзіндік үлес қосып, үнемі ізденіспен жұмыс істеп келе жатқан білім ордасы.Колледж қабырғасында еліміздің экономикасын қалыптастырып көтеруде әр түрлі салаларға қажетті он мамандық бойынша 336 жас жеткіншектер мемлекеттік тілде білім алуда.Колледждің материалды-техникалық базасы жайында айтар болсам; Колледждің материалдық-техникалық базасы жыл сайын толықтырылуда. Қазіргі заман талабына сай жабдықталған оқу бөлмелері мен шеберханаларда болашақ мамандықтарының қыр-сырын оқып үйренуден жастарға бар мүмкіндіктер жасалған.

- заманауи оқу-зертханалық базамен жабдықталған оқу корпустары;

- оқу залы мен электрондық каталогтары бар кітапхана; - интернет желісіне қосылған компьютер сыныптары;

- заманауи түрде жабдықталған асхана.

 - жылы да жайлы жатақхана

 - студенттердің сабақтан тыс уақытта үйірмелерге қатысуына, спортпен шұғылдануына арналған спортзалы,

- жеке тұлға ретінде өз дарындарын дамытуына арналған актзалы бар.

            Колледжде санитарлық нормаларға сәйкес безендіріліп жабдықталған 4 – компьютерлік аудитория бар. Кабинеттердегі 63 компьютер бір жүйемен байланысып Интернет желісіне қосылған. Жалпы компьютерлер саны нормативке сәйкес жеткілікті. Бүгінгі күнде колледж бойынша 8 интербелсенді тақта, 20 принтер, 114 дана компьютер, 3 моноблок, 3 ноутбук бар. Колледжде 10 мамандық бойынша жалпы 14 топ бар, оның он екісі – 9 сынып негізінде, ал екеуі - 11 сынып негізінде оқытылады. Мамандықтарға байланысты барлық топтар өндірістік оқыту шеберханалармен қамтамасыз етілген. Кейіннен ашылған «Автогрейдер» мамандығы бойынша материалдық-техникалық базасы өте жақсы, жаңадан құрылып жабдықталған. Жыл бойы колледж әкімшілігі өндірістік оқыту жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында керекті құрал-жабдықтармен, материалдармен қамтамасыз етіп отырады. Атап айтсақ «Автогрейдер машинисі» мамандығына УАЗ автокөлігімен, Luo Yang автогрейдер техникасы, өздігінен жүретін асфальт тегістегіш катогі алынды. «Электргазымен дәнекерлеуші» мамандығының шеберханасы орталық желдеткішті және шаң-тозаңды сору құрылғысымен жабдықталды. 6 дана дәнекерлеу станогы және БИМАрк дәнекерлеу аппараты орнатылды. «Жиһаз жинақтаушы» мамандығының шеберханасына автоматты жақтау жабыстыстырғыш станогы, ағаш жонуға арналған токарлі станогы және бағасы 3,500 миллион тұратын соңғы үлгідегі сандық бағдарламалық басқару мен фрезерлі гравировальді станокпен жабдықталды.Сонымен қатар «Сылақшы-бояушы» шеберханасына шетелдік бояу шашқыш құрылғысы алынды. Колледжде даярланатын мамандықтар бойынша материалдық негізі толығымен жеткілікті.Түлеп ұшқалы отырған бітіруші топтардың оқу сапасы жоғары деңгейде деп айтуға болады. Жоғары білімді ұстаздар мен өндірістік оқыту шеберлерінің өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарап, әрбір өтетін сабаққа тиянақты дайындалып, сабақты инновациялық жаңа әдістерді пайдалана отырып өткізуі болашақ мамандық иелерін дайындауда оң нәтижелерін беруде. Біздің оқу орнын бітіруші түлектеріміздің әр жылы 70-80 пайызы еліміздің жоғары оқу орындарының студенті атануы біздер-ұстаздар үшін үлкен қуаныш. Жалпы оқу орнының басты мақсаты білікті маман даярлау болғандықтан біз өндірістік оқудың сапасын арттыру үшін арнайы машықтану жұмыстарына жіберуіміз қажет. Алайда оны іске асыру үшін оқу орны қаладағы мамандықтарға қажет әлеуметтік серіктестікке қол жеткізуі керек. Осы жұмысты жүзеге асыру мақсатында біз қаладағы «Азия электрик», «Мақсат», «Ал-ЖЭ-ТЭН», «Өнер», «Ғаламат», «Жетісу жарнама», «Жетісу-су», «Қазақтелеком» секілді ірі кәсіпорындармен келісімшартқа отырдық. Аталған серіктестіктермен тығыз жұмыс жүргізіліп жүзеге асырылуда. Сәуір-мамыр айларында 3 курс студенттері өз мамандықтары бойынша білімдерін растайтын кешенді тестілеуден өтеді.Осыған орай қазір оқытушылар тест сұрақтарын дайындап қызу дайындық үстінде.Студенттеріміз осы тестілеуде өз білімдерін растап, жоғары нәтиже көрсетеді деген үміттеміз. Оқу орнының артықшылығы жайында айтып өтсем; - Оқу озаттары мен үздіктерге шәкіртақы төленеді. - Студенттер толығымен ақысыз жатақханамен, қала автобустарында тегін жүру билетімен қамтамасыз етілген. - Әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балаларына асханада бір уақыт тегін ыстық тамақ беріледі. - Колледж бітірген түлектерді жұмысқа орналастыруға ықпал етеді. - Колледж базасында мамандыққа қосымша 50 пайыз жеңілдетілген «ВС» категориялы ақылы автомобиль жүргізушілеріне арналған курс ашылған.

...

Скачать:   txt (25.2 Kb)   pdf (123.5 Kb)   docx (17.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club