Ағылшын тіліндегі сөйлемдердің құрлымы
Автор: lanez • Сентябрь 14, 2020 • Реферат • 5,886 Слов (24 Страниц) • 855 Просмотры
КІРІСПЕ
Тіл екі не одан да көп адамдар арасындағы сөйлесу арқылы көрініс табады. Ал тілдік қарым-қатынас, негізінен, сөйлем түрінде жүзеге асады. Сөйлем ішіндегі барлық сөздер грамматикалық жағынан бір-бірімен байланыста болады, яғни олар белгілі бір ойды, қимылды, іс-әрекетті білдіру үшін бір-бірімен байланысып тұрады жэне осыған байланысты олардың формалары да өзгеріске түсуі мүмкін. Ғылым ретінде грамматиканың негізгі зерттеу объектісі - тілдің грамматикалық құрылымы, яғни сөздердің грамматикалық формаларының жэне сөйлем кұрылымының өзгеру заңдылықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы болып табылады.
Ағылшын тілінде сөз бен сөздің арасындагы байланыс сөйлем ішіндегі сөздердің орын тэртібі мен көмекші сөздер арқылы беріледі: the capital of the country. Кейбір синтетикалық құрылымдар сақталғанымен, қазіргі ағылшын тілі аналитикалық тілге жатады. Мұны сөздің сан алуан болып түрленуінен көруге болады.
Сөздің грамматикалық формалары эртүрлі жолдар арқылы өзгереді. Сөздің грамматикалык формалары деп сөздің өзінің лексикалық мағынасын сақтаи отырып, грамматикалық жағынан түрленуін айтады. Мысалы: pen - pens. Ағылшын тілінде сөздің грамматикалык формасын а) жалғау арқылы, э) сөз құрамындағы дыбыстарды өзгерту арқылы, қосымшалар аркылы, в) аналитикалық формалар аркылы түрлендіру жолдары бар. Жұрнактар сөздің түбіріне жалғанатын сөз түрлендіруші элемент болып табылады. Оларды инфлексия деп атайды. Сөз түрлендірудің бұл түріне төмендегі жұрнақтар жатады: -е (s) { зат есімнің көпше түрінің формасы { белгісіздік осы шақтың үшінші жақгағы жекеше түрі { ашық райдың белгісіздік өткен шақ формасы -е (d) { қалау райдьщ формасы { дұрыс етістіктің көсемше түрі -ing { етістіктің есімше түрі { герундий -er, -est - сын есімнің, үстеудің салыстырмалы жэне күшейтпелі шырайларының формасы.
Сөздің дыбысталуын өзгерту арқылы сөз түрлендіру деп, бір сөздің эртүрлі грамматикалық формада эртүрлі дыбысталуын айтамыз. Сөз ішінде дауысты дыбыс та (write - wrote), дауыссыз дыбыс та (knife - knives) дыбыстық өзгеріске ұшырауы мүмкін. Сөздің дыбыстық кұрамындағы өзгеріс инфлексиямен қатар жүруі де мүмкін: (knife - knives, goose - geese).
Супплетивті формалар - түбір сөздің эртүрлі болып өзгеруі арқылы жасалатын грамматикалық формалар. Бұларға «be -am -is -are -was, were; take-took, her-him, little-less» сияқтысөздердіңтүрленутәсілдеріжатады. Аналитикалық формалар екі компоненттен - көмекші жэне негізгі етістіктерден тұрады. Көмекші етістіктердің өзінің дербес лексикалық мағынасы жоқ, олар сөзді тек грамматикалық жағынан түрлендіре алады, яғни тек қана грамматикалық көрсеткіш болып табылады. Түбір өзінің дербес лексикалық мағынасы бар, сөздің өзгермейтін элементі болып табылады. Аналитикалық формалар етістіктің шақ, рай, етіс формаларын жасауда қолданылады. I have learnt English. He has leamt English.
Қазіргі ағылшын тіліндегі грамматикалық формаларды өзгертудің төрт тэсшшщ екеуі ғана яғни жұрнак және аналитикалық формалар өсімді тәсілдер болып табылады. Бір-бірімен салыстыра қарағанда екі не одан да көп грамматикалык формалардың ортақ, жалпы мағынасы грамматикалық категорияны құрайды. Мысалы: pupil - pupils, pen-pens. «Pupil» жэне «реп» сөздерінің формасы зат есімнің жекеше түрін білдіреді. Ал «pupils», «pens» деген сөздердің формасы көпше түрді білдіреді.
Осы сөздердің екі формасының бір ғана ортақ жалпы мағынасы (зат есімнің көпше түр категориясы) бар. Яғни, көптік жалғаудың грамматикалық мағынасын білдіретін формалар зат есімнің көпше түріндегі грамматикалық категориясын кұрайды. Зат есімнің көптік жэне септік жалғау грамматикалық категориясы бар, яғни зат есім көптеледі, септеледі. Ал етістіктің жақ, шақ, түр, аспект, етіс жэне рай категориясы бар. Сын есім мен үстеудің шырай категориясы бар. Кейбір есімдіктердің жіктік, көптік, тек, септік жэне шырай категориясы бар. Сөздердің грамматикалық формаларының жүйесін парадигма деп атайды.
...