Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Адамның сыртқы пішінін криминалистикалық суреттеу

Автор:   •  Май 1, 2025  •  Лабораторная работа  •  473 Слов (2 Страниц)  •  152 Просмотры

Страница 1 из 2

№1 Лабораториялық жұмыс

АДАМНЫҢ СЫРТҚЫ ПІШІНІН КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СУРЕТТЕУ

Адамның сыртқы пішінін криминалистикалық суреттеудің мақсаты мен міндеті

Жұмыстың мақсаты:

Көптеген жедел іздестіру іс-шараларымен тергеу әрекеттері барысында, тергеуден және қылмыстық жауапкершіліктен қашып жүрген қылмыскерлерді анықтауда, іздестіруде және ұстауда, тануға ұсыну барысында, із-түссіз жоғалған және белгісіз мәйіттерді есептер бойынша тексеру, өзі туралы мәлімет айта алмайтын тұлғаларды, олардың құжаттарын тексеру барысында, бір немесе бірнеше фотосуреттердегі азаматты теңестіру үшін пайдаланылады.

Студентерді «ауызша суреттеу» әдістерімен таныстыру және оны жұмыста дұрыс пайдалануды үйрету.

Қажетті заттар мен құралдар: Ақпаратты іздеу картасы (болмаған жағдайда А4 фоматтағы ақ қағаз).

Адамды ауызша суреттеу әдісі бойынша бейнелеу ережесі

Адамның сыртқы пішінін ауызша суреттеу барысында, арнайы «ауызша суреттеу» әдістердін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

1. Алғашқыда, аданың сырткы жалпы физиологиялық белгілері бекітіледі: жынысы, жасы, ұлты, бойы, дене құрлысы, содан кейін, дене құрлысының жеке анатомиялық белгілері сипатталады. Осыдан кейін функционалдык белгілері сипатталады.

2. Адамның сыртқы пішін «жалпыдан жекеге» және «жоғарыдан төмен карай» принципімен сипаттау жүзеге асырылады. Алғашқыда, бас пішінінің жалпы түрі, беттің жалпы түрі, жеке элементер, мойын, иық, арқа, төс, қол, аяқ сипаттамалары жазылады.

3. Осы анатомиялық элементтер сыртқы пішіні бойынша, мөлшері және орналасуы, ал кейбірі-түс бойынша сипатталады.

4. Адамның сыртқы пішінін суреттеу кезінде геометриялық фигуралардың аттары (дөнгелек, сопақ, тік төртбұрыш, шаршы (квадрат), үшбұрыш және т.б.) мен геометриялык сызыктарды (түзу, ирек, доғал, сүйір) аттары қолданылады.

5. Элементтердің өлшемдері абсолюттік шамамен емес, сыртқы келбеттің басқа элементерімен өз ара катыста бейнеленеді. Ол кезде элементтің биіктігі, ұзындығы, ені және мөлшерімен сипатталады. Шаманың градациясы көбінесе үш мөлшерлі болып келеді: үлкен, орташа, кіші. Кейде бес өлшемі (градация) колданылады: өте үлкен және өте кіші өлшемдер қосылады.

6. Адамның анатомиялық белгілері, екі ракурста түсірілген фотосурет бойынша жүргізіледі (алдынан (анфас) және оң жақ қырынан).

Адамның сыртқы пішіні бойынша суреттеудің схемасы:

...

Скачать:   txt (7.5 Kb)   pdf (88.5 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club