Байланыс құрылыстарын сыртқы әсерлерден қорғау
Автор: kamila-98 • Май 10, 2018 • Курсовая работа • 4,558 Слов (19 Страниц) • 1,523 Просмотры
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | 3 | |
1 | Тарату жүйесі,байланыс жолдарының типтері,кабель таңбасы | 4 |
1.1 | Үшіншілік ИКМ-480 | 4 |
1.2 | Байланыс жолдар типтері | 6 |
1.3 | Кабель маркасын таңдау | 7 |
2 | Есептеу бөлімі | 9 |
2.1 | Берілген мәліметтер | 9 |
2.2 | Біріншілік параметрлер | 10 |
2.3 | Екіншілік параметрлер | 11 |
2.4 | Экрандау принципі | 12 |
3 | Байланыс құрылыстарын сыртқы әсерлерден қорғау | 14 |
3.1 | Электромагниттік үйлесімді | 14 |
3.2 | Байланыс құрылыстарындағы тотығу түрлері | 15 |
3.3 | Кабельдерді электрохимиялық тотығудан қорғау | 16 |
3.4 | Байланыс жолдарн сыртқы әсерлерден қорғау | 17 |
4 | Электрлік өлеулер | 18 |
4.1 | Өлшеуіш түрлері | 18 |
4.2 | Өлшеуші | 19 |
5 | Құрылыс трассасын таңдау | 21 |
5.1 | Байланыс кабельдерін ілу және төсеу | 21 |
5.2 | Байланыс кабельдеріне монтаж жасау | 22 |
Қорытынды | 24 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 25 |
КІРІСПЕ
Байланыс жолы— электр сигналының берушіге жеткізілуін қамтамасыз ететін техникалық құрылғылар мен табиғи немесе жасанды орта жиынтығы болып табылады. Байланыс жолы электрлік, дыбыстық (акустикалық) жөне оптикалық болуы мүмкін.
Қоғамдағы өзгерістер мен дамуға, тех. жетістіктерге орай Байланыс құралдары жетіле түсті. 18 ғасырдың аяғында оптикалық телеграф пайда болды. 19 ғасырда сым бойымен тез хабар бере алатын телеграф аппараттары шықты.Электрлік Байланыс құрылымы бойынша сым арқылы және радиотолқын арқылы таралатын байланыс болып, ал ақпарат түрі бойынша телефон, телеграф, фототелеграф, телевизия, т.б. болып бірнеше түрге бөлінеді. Телеграф аппараттары бағанадағы сым, жер асты кабелі, радиорелелік желілер арқылы жалғасады. Телефон Байланысы: халықаралық, қалааралық және жергілікті болып бөлінеді. Қалааралық телефон-телеграф байланысы көбінесе, симметриялық және коаксиальдык кабельдерден тұратын магистралдық желілер арқылы жүргізіледі. Жергілікті жердегі (қаладағы) телефон байланысы автоматты телефон стансалары (АТС) арқылы жұмыс істейді.
Бұл курстық жұмыста байланыс жолдарындағы тарату жүйесі, байланыс жолдарының типтері , кабель маркасын таңдау арқылы біріншілік және екіншілік параметрлері есептелінген. Сонымен қатар байланыс құрылыстарын әсерлерден қорғау , байланыс кабельдерін ілінуі және төселуі байланыс кабельдеріне монтаж жасалуы анықталып қарастырылған.Курстық жұмыстың негізгі мақсаты ретінде, әр түрлі байланыс жолдарына арналған бағыттаушы байланыс жүйелерінің параметрлері мен электрлік сипаттамаларын есептеу және тәжірибелерін жетілдіру болып табылады. Негізгі берілген бастапқы мәліметтерді пайдалана отырып, кабельдің маркасы бойынша құрылымын қарастырып, қоладанылу аймағымен танысып, сызбасы сызылады. Келесі бөлімде байланыс құрылыстарын ішкі әсерлерден қорғау, байланыс құрылыстарын тотығудан қорғау, кейін құрылыс трассасын таңдау арқылы, сол бойынша сызба сызалады. Байланыс кабельдердің төселуі және ілуі жайында және де байланыс кабельдеріне мантаж жасаумен таныстырылады. Кабель түрі таңдалып, оған сипаттама берілді.
...