Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Криминалистикалық идентификация және диагностика

Автор:   •  Май 12, 2018  •  Лекция  •  1,253 Слов (6 Страниц)  •  2,925 Просмотры

Страница 1 из 6

2-тақырып.  Криминалистикалық  идентификация және диагностика

  1. Криминалистік идентификацияның түсінігі жэне гылыми негіздері.
  2. Идентификацияпың объектілері,  жіктелуі. Идентификацияның жеке жэне топтық түрлері.
  3. Идентификациялық белгілер
  4. Криминалистикалық диагностика, оның түсінігі жәые қылмысты ашудағы мацызы.

1.  «Идентификация» термині – латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру», яғни «тепе-теңдікті анықтау», сәйкестендіру деген мағынаны білдіреді.

«Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады:

-идентификация адамның ойлау қаблітінің заңдығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде

-идентификация – танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде

-идентификация – теңдестіру арқылы тану процессінің  белгісі ретінде қарастырылады.

Идентификация ұғымы логика, таным теориясы, психология және басқа да негізгі ғылымдарға сүйенеді.

Криминалистикалық идентификация – дегеніміз қылмысты зерттеу және алдын алу мақсатымен көптеген ұксас объектілердің ішінен тек өзіне ғана тән белгілері мен бейнелері негізінде қажетті объектіні анықтап дәлелдеу.

Криминалистикалық идентификацияның мақсаты – сот өндірісі аясындағы материалды объектілердің тепе-теңдігін, сәйкестігінің бар немесе жоқтығын анықтап дәлелдемелер алу болып табылады және оларға байланысты арнайы әдістемелік талаптар қойылған.

Криминалистикалық идентификацияның маңызы – барынша қысқартылып жинақталған объектілер шеңберінен жекеленген сәйкестікті анықтауда.

Криминалистикалық идентификация процесінің негізінде  идентификациялық белгілер жиынтығын салыстыру және бұл белгілердің сәйкестігі мен айырмашылықтарын бағалау жатыр.

Криминалистикалық идентификациялай нәтижесінде қорытындылар процессуалдық актілер (сарапшының қорытынды актілері, хаттама) түрінде беріледі.

Криминалистикалық идентификация тек заңда көрсетілген тұлғалармен жүзеге асырылады.

Криминалистикалық идентификация теориясы – тарихи жағынан жеке криминалистикалық теориялар арасынан ең алғаш пайда болып, білімді жүйелендіру құралы болып табылады.

Криминалистикалық идентификация теорисының  қалыптасуы мен даму тарихын төмендегідей 3 кезеңге бөліп көрсетуге болады:

  1. кезең – теориялық негізі мен оның негізгі жағдайлары  және қағидаларының пайда бола бастаунан ХХ-ғасырдың 50-ші жылдарына дейінгі кезеңдерді хронологиялық түрде қамтиды.
  2. Кезең – бұл 80-жылдарға дейінгі әртүрлі идентификациялық зерттеу әдістемелерінің қалыптасу кезеңі.
  3. Кезең – криминалистикалық идентификация жағдайлары және т.б. қайтадан қарастырылып нақтыланатын кезеңдер жатады, ол бүгінгі таңда орын алуда.

Криминалистикалық идентификация теориясы -  қылмыстық оқиға туралы дәлелдемелік ақпараттарды, сондай-ақ объектінің тепе-теңдігін анықтауға байланысты әдістемелік ұсыныстар мен тәртіп-ережелерінен тұратын ғылыми ілімдердің жиынтығы.

Криминалистикалык идентификация процессуалдық және процессуалдық емес нысанда қарастырылады.

Идентификацияның процессуалдық емес нысаны: қолданбалы және жедел болып екі түрге бөлінеді. Идентификацияның қолданбалы түрі – мұражай, ғылыми-зерттеу институттарының, азаматтардың талаптары бойынша жүзеге асырылады. Ал идентификацияның жедел түрі қылмыстық іс қозғалғанға дейін орындалады.  Идентификацияның нәтижелері жедел-іздестіру қызыметінде қолданылады.

Идентификацияның процессуалды нысаны:

- Сот сараптамасы

- Тану үшін көрсету

- Объектілерді қарау шеңберінде жүзеге асырылады.

Криминалистикалық идентификацияның ғылыми негіздері материалдық әлемдегі барлық объектілерге келесі мына қасиеттермен анықталады:

-жеке даралық, жекешілік. Материалдық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке даралығы, олардың қайталанбайтындылығы, тек өз-өзімен ғана теңдігі. Табиғатта жүз пайызды ұқсас екі объект жоқ, болуы да мүмкін емес.

-салыстырмалы тұрақтылық. Материалдық дүниедегі объектілердің шамамен тұрақтылығы, белгілі уақытқа дейін өзгермеушілігі. Объектілердің кейбір өзгерістеріне қарамастан белгілерінің жиынтығын сақтау қасиеті.

...

Скачать:   txt (21.7 Kb)   pdf (212.4 Kb)   docx (18.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club