Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Оңтүстік өңірлері тұрғындарының (заманауи) отбасыларындағы құндылықтар жүйесін рәміздік талдау

Автор:   •  Май 13, 2023  •  Реферат  •  1,344 Слов (6 Страниц)  •  288 Просмотры

Страница 1 из 6

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті.

Тақырыбы: Оңтүстік өңірлері тұрғындарының (заманауи) отбасыларындағы құндылықтар жүйесін рәміздік талдау.

Орындаған: Пайзрахманова Айсұлу

Тексерген: Әбікенов Жарқынбек

Қызылорда, 2023

Оңтүстік өңірлері тұрғындарының (заманауи) отбасыларындағы құндылықтар жүйесін рәміздік талдау.

Кіріспе
Сыр өңірі - тарихының тамыры кең жайылған қазақ елінің орны бөлек бөлігі. «Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ  қасиетті жерлері болады, оны халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі», – деген еді Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындa [1].

Соның ішінде Сыр өңірінің Қазақстан бойынша ғана емес, әлем бойынша қасиеттілік жағынан маңызы зор. Сыр өңірі қауымдастығы толықтай қазақ ұлтынан тұратындықтан бұл өңірде ұлтымызға тән құндылықтарымыз , оның ішінде материалдық құндылықтарда,рухани құндылықтарда көркем сақталған[2]. Алайда заманның ағымымен өзгеріске ұшырап жатқан дүниелерді көру бізге үйреншікті затқа айналды. Кейбір елдер үшін кей құндылықтар маңызын жоғалтса, кейбірі үшін адамзат тарихында болмаған дүниелер приоритетке айналуда. Ал осындай өзгерістер «Сыр өңірінде орын алып жатыр ма?» деген сұрақ ұлтымызға жаны ашитын әрбір қазақ бауырымызды алаңдатыны сөзсіз.

Зерттеу әдістері

Ғасырлар бойы қалыптасқан Сыр өңірінің құндылығы әлі күнге дейін өзектлігін жоғалтпаған. Кейбір өңілерге қарағанда Сыр елі қазақ жұртының салты мен дәстүрін нық ұстанып, отбасыдағы құндылықтарды биік қойған. Осы отбасы құндылығын зерттеу бойынша көптеген тұжырым жасауға болады.  Яғни келесі зерттеулердің нәтижесінде отбасы құндылығының маңызын анықтап,баға беретін боламыз. Себебі отбасы-қоғамды құрайтын бөлшектер. Біздің болашағымыз осы отбасының беріктігіне,татулығына, сыйластығына тікелей байланысты. Сондықтан отбасы ішіндегі құндылықтарды талқылау- жарқын болашаққа деген бір қадам деп есептейміз.

Талқылау және нәтижелер

Халық арасындағы «Отан отбасынан басталады» деген қағидаға айналған сөз қай кезде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес. Елбасымыз «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің «негізі» деп бұл мәселенің қоғам үшін қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп берді. Отбасы - кез келген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі[3]. Туған ұясы атанған отбасы қажеттілігін ешқашан жоғалтпайды. Өйткені, ол белгілі бір әлеуметтік институт. Тәрбиенің негізі жанұядан бастау алатындықтан, оған немқұрайлылық таныту мүмкін емес. Жоғарыда атап өткеніміздей , отбасы қоғам үшін маңызды фактор. Көңілге қаяу түсіретіні, қазіргі заман ағымына сай осы маңызды фактордың берекетінің қашуы. Себебі біздің мемлекет отбасылардың шайқалуы, ажырауы бойынша антирекорд жаңартуда. Оның ішінде антирекордты бастаушы Сыр өңірінің астанасына айналған Алматы қаласы. Қала бойынша 2022 жылғы статистика бойынша 66 мың 426 жұп өз жолдарын екіге бөліп, қасиетті ақ некелерін бұзған болатын[4]. Бұл өте өкінішті әрі қасіреті мол оқиға. Осы фактордың бірден-бір себебі отбасы арасындағы құндылықтардың сақталу не сақталмауына аса мән бермей, оны маңызды етіп санамау. Өйткені құндылықтар отбасы мүшелерінің өз орнын біліп, баланста ұстауына көмектесетін, шаңырақтың берік болуын қамтамасыз ететін фактор. Бұл дегеніміз халық арасындағы отбасы жайлы құндылықтардың өзгеріске ұшырауы үлкен қасірет әкеледі деген сөз.

 Ең алдымен дәстүрлі отбасыдағы құндылықтарды талдайық.  Отбасылық құндылықтарының әуелгі бәйтерегі ол ана. Бір ананың қолында білдей шаңырақтың болашағы болады. Ана сәбилеріне жол сілтеп, қасындағы жарына қолдау әрі сүйінері болуға дәрменді. Анаңның көңіл-күйі жақсы болса қалған отбасы мүшелерінің жайдарлы болып жүрері сөзсіз. Бұл сөзімізбен әкенің рольін кемітпейміз. Өйткені анамыздың біздің анамыз болып жанында отыруы біздің жарық дүниені көруіміздің себепкері әрі таңдаушысы ол- асқар тау әкеміз. Ата – ананың сыйлау – отбасы құндылығының түпкі тамыры. Шаңырақ құндылықтарының екінші бір сатысы жақындарымен жалғасын табады. Яғни бізді арқасына отырғызып алып, бар жиғанын аузымызға салатын атамыз бен әжеміз. Ол кісілердің отбасы үшін маңызы зор болып саналады. Отбасы — адамның жаны тыныштық тауып, рахатқа бөленетiн, бойға қуат, ойға шуақ алатын құтты мекенi. Ол имандылықтың ұясы, өзара келiсiм мен сүйiспеншiлiктiң тұрағы. Отбасы — үлкен  тәрбие мектебi. Ал қазіргі заманауи отбасының құндылығында үлкенінде, кішісінде басқа дүниелер тәрбиелеп жатқандай. Олардың бірі кейбір отбасында дертке айналған- ғаламтор желісі. Кезінде барлық отбасы мүшесі қараңғы бөлмеде бір майшамның астында отырып жұмыстарын атқарған, кішілері сабақтарын оқыған. Сонымен қатар бірге көп уақытын өткізіп, ата-анасы баласының тәрбиесімен айналысқан , бірге сырласқан, әкесі баласына өмір жайлы кеңес берсе, анасы қызының болашағы туралы сөйлесіп,ақылдарын айтқан. Ал қазір бұл құндылық жойылып барады. Барлығының бас басында бір-бір гаджет оларды бір-бірінен алыстатуда. Сол қара жәшіктің кесірінен ата-ана мен баланың арасында байланыс болмайды. Бала бір жағымен, ата-ана өз жағымен қала береді, бір-бірінің өмірі,айналысып жүрген ісі, уақыт өткізетін ортасы жайлы бейхабар болады. Осындай жағдайдан кейін қоғамда небір оқыс оқиғалар орын алуда. Ата-ананың мейірімін толық алмаған бала ол мейірімді сырттан іздеп, дұрыс емес ортаға тап болып, айналасына қатыгез болып өседі. Міне бұл қазіргі заманда қарттар үйінің көбеюіне әкеліп соғады. Ерте заманғы адамдар қазіргі замандағы «қарттар үйі» деген өте берекесіз жердің барын естісе жағаларын ұстары анық. Себебі бұл қазаққа мүлде тән емес қылық. «Анаңның қарызын Меккеге 3 рет арқалап апарсаңда өтей алмайсың» деп қазағым бекер айтпаған. Бұл сөзімен қазақ халқы ата-ананың баланың өмірінде ең басты рольдерді сомдайтынын жеткізеді. Ал қартайған кездерінде оларды тастап кету – қазіргі заманның үлкен қасіреті. Бұл жағдай отбасы құндылықтарының өзгеруіне тікелей байланысты.

...

Скачать:   txt (19.2 Kb)   pdf (74.2 Kb)   docx (201.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club