Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР-ң экономиканы салықтық реттеуі

Автор:   •  Июль 18, 2020  •  Реферат  •  3,649 Слов (15 Страниц)  •  570 Просмотры

Страница 1 из 15

Мазмұны

   Аннотация

    Кіріспе

   I.            Негізгі бөлім

     1.1.         ҚР-ң экономиканы салықтық реттеуі

     1.2.         Шет мемлекеттердің салықтық реттеуі

     1.3.         Covid-19-дың дамыған елдердің салық жүйесіне әсері

   Қорытынды

   Пайдаланылған әдебиеттер

 





















Аннотация

Мақалада экономиканы салықтық реттеу ұғымы, экономиканы салықтық реттеудің мақсаттары мен міндеттері көрсетілген. Салық экономикасының принциптерін және осы қағидаттардың экономика субъектілерінің қызметіне әсерін егжей-тегжейлі қарастырылды. Мақалада Қазақстандағы қазіргі экономикалық жағдайды есепке ала отырып, қажетті ақпарат көздеріне сүйене, дамыған елдермен салыстыра отырып, Қазақстан экономикасын салықтық реттеудің ерекшеліктері көрсетiлдi.

Кілттік сөздер: экономиканы салықтық реттеу, салық жүйесі, салық функциялары, экономика

Кіріспе

Салық- әрбір елдің негізгі бюджетін құрайтыны бәрімізге мәлім. 2020 жылы коронавирус пандемиясы әрбір елдің экономикасына елеулі түрде әсерін тигізуде, көптеген адамдар жұмыссыз қалып, табыс алмай, орта және кіші кәсіптер жабылып әжептеуір зардап шекті. Халық табысынан айырылып, белгіленген міндетті салықтарды төлей алмады. Сол себептен әрбір ел өздерінің салық жүйелеріне біршама өзгерістер енгізді: салықтық ставкаларды төмендетті, көптеген салық жеңілдіктерін енгізді, жаңадан салық түрлерін қосып барынша халық және ел экономикасының қамын ойлауда. Біз 3 әртүрлі дамыған елдерді Қазақстанмен салыстырдық.

Экономикаға әсерін де атап өтсек, мәселен 2019 жылмен салыстыра қарағанда Қытайдан келетін импорттық тауарлар 2020 жылы 11%-ға төмендеді және де кедендік баждар мен салықтардың түсімі 12%-ға азайды. 

Дамыған елдердің тарихынан салық мөлшерлемелері жөнінде мынаны байқауға болады:

- салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 пайызынан асып кетсе, өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;

- салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 пайызы аралығында болса, жай ұдайы өндіріске әкеледі;

- салық мөлшері салық төлеуші табысының 35-40 пайызы аралығында болса, ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.

  Осылайша, салықтық реттеу процесс ретінде белгілі бір әлеуметтік-экономикалық нәтижелерді алу үшін басқару субъектілерінің еркіне қарамастан, бар салықты реттеу функциясын әлеуметтік, белсенді және мақсатты пайдалануға негізделеді. Демек, салықтардың реттеу функциясы салықтық реттеудің негізі болып табылады.

Мақалада Қазақстан Республикасының қазіргі экономикасын салықтық реттеу мәселелері қаралды. Қолданыстағы салық жүйесіне байланысты, экономиканы салықтық реттеу құралы ретінде автор салықтардың жаңа функцияларын интерпретациялауды ұсынды. Сондай-ақ, мақалада аймақтық бюджеттік-салықтық жоспарлаудың ұйымдастыру механизмі қарастырылады және мемлекеттің экономикалық жағдайына салық саясатының әсер етуінің негізгі факторы көрсетілген.

Салықтық қатынастар, олардың сипаты мен табиғаты, сондай-ақ салықтық қатынастардың жұмыс істеу механизмі барлық уақыттағы ғалым-экономистерді зерттеудің мәні болып табылады, өйткені дәл салықтық қатынастар экономиканы мемлекеттік реттеуге мүмкіндік береді. Алайда әлеуметтік - экономикалық дамуды реттейтін оңтайлы салықтық өзара қарым-қатынасты құру мәселесі экономикалық теорияда да, практикада да өзекті болып табылады, қаражаттың түсуінің әртүрлі көздерінің салықтарымен жай ғана орнықтыру, ал заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық мінез-құлқына әсер етудің жұмыс істейтін тетігін құру.

I.            Негізгі бөлім

1.1.         ҚР-ң экономиканы салықтық реттеуі

Шетелдік және отандық ғалымдар өз еңбектерінде экономиканы салықтық реттеуге көп көңіл бөлді. Олар салықтық реттеудің әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын атап өтті. Д. Риккардо, А. Смит, В. Петти, А. Маршалл, Мэн Енчью, Дж. Кейнс және т. б. салық қатынастарының әлеуметтік - экономикалық табиғатын теориялық зерттеумен айналысты.

Экономиканы мемлекеттік реттеуде салықтар біріншіден, мемлекеттік шығыстарды қаржыландырудың басты көзі, бюджет саясатының материалдық негізі, ал екіншіден реттеудің құралы болып табылады. Бюджеттік органдардың міндеті қоғамның экономикалық өміріне әсер етпейді. Отандық және ресейлік экономистердің арасында табиғатты зерттеуге және салық қатынастарының рөліне елеулі үлес қосқан ғалымдар А. Б. Зейнелгабдинаны, К. К. Ильясованы, М. Т. Оспанова, В. Д. Мельникова М. Н. Соболеваны атап өтуге болады. Шмелев, түрлі жағынан қоғамның экономикалық өміріне салық қатынастарының әсерін бағалады.

...

Скачать:   txt (55.9 Kb)   pdf (361 Kb)   docx (171.3 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club