Салық төлеуден жалтарудан қылмыстық-құқықтық күресудің негізгі механизмдері
Автор: Совет Курмангалиев • Июнь 16, 2018 • Курсовая работа • 18,802 Слов (76 Страниц) • 900 Просмотры
Қазақстан Республикасындағы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
ӘОЖ:
Диплом жұмысының тақырыбы:
«САЛЫҚ ТӨЛЕУДЕН ЖАЛТАРУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІСІ»
«Заңтану» мамандығының ЮР-307 топ 4 курс студенті
Ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., доцент
Семей-2017
Мазмұны:
Кіріспе 3
1 Салық төлеуден жалтарудың құқықтық жағдайы 7
- Салық төлеуден жалтарудың теориялық негіздері 7
1.2 Салық төлеуден жалтарудың заңнамалық реттелуі 17
2 Салық төлеуден жалтарудан қылмыстық-құқықтық күресудің негізгі механизмдері 24
2.1 Салық төлеуден жалтарудағы қылмыстық-құқықтық күресудің шетелдік тәжірибелері 24
2.2 Салық төлеуден жалтарудан қылмыстық-құқықтық күресудің құқықтық жағдайы 37
3 Салық төлеуден жалтарудың қылмыстық – құқықтық аспектісі 43
3.1 Салық төлеуден жалтаруды алдын-алудағы сот практикасы (тәжірибесі) 43
3.2 Салық төлеуден жалтарудағы қылмыстық-құқықтық күресу
негізіндегі алдын-алу шаралары 70
Қорытынды 77
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 81
Қосымша А - Қазақстандағы әкімшілік салықтық заң бұзушылықтар 86
Қосымша Ә- Камералық және құжаттық тексерулердің артықшылықтары мен кемшіліктері 87
Қосымша Б - Бірқатар шет елдердегі салықтық мөлшерлемелер 88
Қосымша В - Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенциялар 89
Кіріспе
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Cалық мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі ретінде қабылданады. Бұл әр мемлекетің дәулеттілігі және өсіп-өркендеуі. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (мемлекеттік баждар, алымдар, төлемақылар) мемлекеттік кірістін тұрақты көзі ретінде:
– елдің бюджетін, мемлекеттің қаржылық негізін қамтамасыз етеді, қоғам үшін әлеуметтік-экономикалық орны бар;
– мемлекеттік бюджетті толтыруды ғана емес, қоғамдық қатынастарды реттеуде де аса маңызды рөл атқарады;
– өндірістің үлғаюына жағдай туғызып, жұмыс орындарының санын көбейтеді, сол арқылы инвестициялық қызметке ықпал етеді, көлеңкелі экономиканы ығыстырады және т.б.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35 бабында заңды түрде белгiленген салықтарды, алымдарды және өзге де мiндеттi төлемдердi төлеу әркiмнiң борышы әр мiндетi болып табылады деп айтылған [1].
Зерттеу жұмысының өзектілігі.Тәуелсіздік алғаннан бастап, құқықтық сала сияқты экономикалық салаға да түбегейлі өзгерістер қажет болды. Кез келген елдің экономикалық жағдайы салықтық жүйені тұрақты дамыту үшін салық саясатын қалыптастыруды талап етеді. Қазіргі таңда Қазақстанның салық жүйесі тұрақты күнделікті жетілдіруді талап етуде. Сонымен қатар, Қазақстандық салық саясатындағы ең негізгі және ауқымды мәселелердің бірі – ол салық төлеуден және басқа да төлемдерді бюджетке төлеуден жалтару болып табылады.
...