Кәсіпорынның қызметін экономикалық талдау пәні және мазмұны
Автор: nikl • Февраль 26, 2019 • Лекция • 19,772 Слов (80 Страниц) • 1,527 Просмотры
3 Дәрістер конспектілері
1 тақырып Кәсіпорынның қызметін экономикалық талдау пәні және мазмұны. |
Дәріс жоспары
1. Кәсіпорынның қызметін экономикалық талдау пәні туралы түсінік
2. Кәсіпорынның қызметін экономикалық талдау міндеттері мен мазмұны
3. Кәсіпорынның қызметін экономикалық талдау басқару функциясы ретінде
Кәсіпорынның қызметін экономикалық талдау пәні туралы түсінік
Грек сөзінен аударғанда «талдау» - «бөлемін», «бөлшектеймін» дегенді білдіреді. Талдау деп кең мағынада заттар мен қоршаған орта құбылыстарын тану әдісі түсініледі, ол тұтасты бөлшектерге бөлуге және оны өзара байланыстар мен қатынастар тұрғысынан зерттеуге негізделеді. Микродеңгейде экономикалық талдау - шаруашылық қызметті талдау, ол жекеленген кәсіпорындар экономикасын зерттеуде пайдаланылады.
Экономикалық талдаудың пәні экономикалық қызметтің нәтижелерінің өзгеруі мен түрленуінің себептерін анықтау болып табылады. Кәсіпорынның экономикалық қызметіндегі себеп - салдарды байланыстарын тану экономикалық құбылыстардың мәнін ашуға мүмкіндік береді, және соның негізінде жеткен нәтижелерге дұрыс баға беру, өндіріс тиімділігін арттырудың резервтерін айқындауға, жоспарлармен басқарушылық шешімдерге негіз болады.
ШҚТ объектілері шаруашылық қызметтің нәтижелері (өнімді өндіру және өткізу, өзіндік құн, материалды, еңбектік, қаржылық ресурстарды пайдалану, қаржылық нәтижелер мен қаржылық жағдайы) болып табылады.
Осылайша, шаруашылық қызметті талдаудың пәні экономикалық құбылыстар мен процестердің себеп-салдарлы байланысы болып табылады.
2. Кәсіпорынның қызметін экономикалық талдау міндеттері мен мазмұны
ШҚТ ғылыми пән ретіндегі мазмұны басқа қолданбалы экономикалық ғылымдар жүйесіндегі атқаратын қызметтерден туындайды:
- экономикалық заңдылықтардың әсерінің сипатын зерттеу, кәсіпорынның нақты жағдайындағы экономикалық құбылыстар мен процестердің заңдылықтары мен тенденциясын орнату. Мысалы, еңбек өнімділігінің еңбек ақыны төлеуден жылдам артуы тек ұлттық экономика ауқымында ғана емес, әр кәсіпорында да орындалуы керек;
- ағымдық және келешекке жасалған жоспарлардың ғылыми негізін беру. Кәсіпорын қызметінің алдыңғы жылдардағы нәтижесіне терең талдау жүргізбей, негізі жоқ келешектік болжамдарсыз, орын алған кемшіліктер мен қателерді айқындаусыз ғылыми негізделген жоспарды өңдеу, басқарушылық шешімнің оңтайлы жолын таңдау мүмкін емес;
- жоспарлар мен басқарушылық шешімдердің орындалуын, ресурстардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
- алдыңғы қатарлы тәжірибе мен ғылым жетістіктерін саралау негізінде өндіріс тиімділігін арттырудың көздерін іздеу;
- кәсіпорынның жоспарларды орындау бойынша қызметінің нәтижелерін, жетілген экономиканың даму деңгейін, бар мүмкіндіктерді пайдаланылуын бағалау. Кәсіпорын қызметінің объективті бағасы өндірістің артуын, оның тиімділігінің жоғарлауын ынталандырады, және керісінше;
- шаруашылық қызмет барысында айқындалған резервтерді пайдалану бойынша шараларды өңдеу.
Осылайша, шаруашылық қызметті талдау ғылым ретінде арнайы ілімдер жүйесін туындайды, олар шаруашылық қызметті талдау ғылым ретінде арнайы білімдер жиынын туындайды, бұл білімдер шаруашылық даму тенденцияларын зерттеумен, жоспарларға ғылыми негіз берумен басқарушылық шешімдермен, олардың орындалуын бақылау, жетілген нәтижелерді бағалау, өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін іздеу, өлшеу және негіз берумен және оларды пайдалану бойынша шараларды өңдеумен байланысты.
3. Кәсіпорынның қызметін экономикалық талдау басқару функциясы ретінде
Бүгінгі күнде ШҚТ өндірісті басқарудың бір функциясы ретінде қарастырады. Басқару келесі өзара байланысты функциялардан тұратындығы белгілі: жоспарлау, есептеу, талдау және шешім қабылдау.
Жоспарлау кәсіпорынның оның құрылымдық бөлімшелері мен жекеленген жұмыскерлерінің, қызметінің бағыты мен мазмұнын анықтайды. Жоспарлаудың маңызды міндеті кәсіпорын экономикасының, оның әр мүшесінің қызметінің жоспарлы дамуын қамтамасыз ету, өндірістің ең жақсы соңғы нәтижелеріне жеткізетін жолдарды қамтамасыз ету. Есеп беру өндірісті басқару үшін қажет ақпаратты жинауды, жүйелеуді және жалпылауды сонымен қоса жоспарлардың орындалуымен өндірістік процесстің жүруін бақылауды қамтамасыз етеді.
...