Экономикалық теорияның пәні және әдістері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі
Автор: Aruzzhanym • Сентябрь 29, 2021 • Реферат • 4,085 Слов (17 Страниц) • 486 Просмотры
Қазақстан Республикасының білім мен ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қазақстан мемлекеттік университеті
Реферат
Тақырыбы: «Экономикалық теорияның пәні және әдістері. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі.
Орындаған: Муханбеткали А.
Тексерген: Ақмолда М.Н.
Қарағанды – 2018[pic 1]
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
Экономикалық теорияның құрылымы және атқаратын қызметтері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
[pic 2]
Кіріспе
Әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барлық тұрпаттарының бүгінгі жағдайы мен даму үрдістерін ашып көрсететін қазіргі экономикалық теорияны баяндау болып табылады. ХХІ ғасыр жекелеген елдердің ішіндегі және әлемдік масштабтағы барлық экономикалық қатынастар құрылымының маңызды түрде өзгеруімен сипатталады. Экономикалық қатынастар бара-бара өркениеттік және әлеуметтік бағытталған сипатқа ие болып отыр. Дамыған елдерде аралас экономика және халық шаруашылығын басқарудың жаңа жүйесі қалыптасқан, мұнда мемлекет көптеген әлеуметтік-экономикалық қызметтерді орындайды. Қазақстан және бұрынғы социалистік мемлекеттер 20 жылдан астам уақыттан бері өз экономикаларының жаңа ұлттық құрылымдарын жасай алды.Біз бұл тақырыпта экономикалық өмірдің барлық жақтарын қамтитын көптеген мәселелерді шешудің жаңа теориялық әзірленімдері көрсетілген. Оларға, жекелеген тұрғыдан алып қарағанда, өндіріс пен тұтыну дамуының үш сатысы (индустрияға дейінгі, индустриалдық және индустриядан кейінгі) туралы бөлімдер, меншік категориясының экономикалық мағынадағы тұрпаттары, еркін нарықтық экономикада табыстарды бөлу мәселелері жатады. Қазіргі нарықтық экономиканың негізгі сұрақтары – нарықтар жүйесінің сипаттамасы мен типтеріне, әлеуметтік институт ретіндегі нарықтың анықтамасына, бәсекелестік күрес тәртіптерінің ережелеріне және монополист-фирмалардың мінез-құлықтарына, монополиялық қызмет пен бәсекелестікті мемлекеттік реттеудің тәжірибесін талдауға аса маңызды түрде көңіл бөлінген.Сонымен қатар, оқулықта қазақстандық экономиканың қазіргі жағдайына ерекше назар аударылғандығын да атап өткен жөн. Меншік қатынастарын өзгерткен, нарықтық экономиканы қалыптастырған, шаруашылық құрылымды қайта құрған және экономиканы басқаруды жетілдіре түскен экономикалық реформалардың объективтік қажеттілігі, мазмұны және жүзеге асырылуы ашып көрсетілген. Сондай-ақ, жалақы деңгейі мен қарқыны туралы мәселелер, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дағдарыс, бюджет және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да жақтарына қатысты мәселелер қарастырылған, экономикалық байланыстардың тәжірибелік ұйымдастырылуына маңызды орын берілген. Коммерциялық іс-әрекеттің қағидалары, кәсіпкерліктің қызметтері, өндірістік және сауда фирмаларында, банк ісінде пайда табудың және оны бөлудің тетіктері, жалақыны ұйымдастырудың нысандары, менеджмент пен фирманы басқарудың әдістері және басқалары қарастырылған. Осылардың барлығы аса күрделі экономикалық жағдайларда болашақ мамандардың тәжірибелік жұмыстары үшін өте қажетті болып табылады.
Экономикалық теорияның зерттеу пәні мен әдістері
Адамзат баласының даму тарихында терең қозғаушы күш ретінде материалдық игіліктерді өндіру үдерісі табылған. Қоғам тек осы өндірістік үдерістерді жүзеге асыру және үнемі үздіксіз жаңартып отыру арқылы ғана тіршілік ете алады және дами алады. Сондықтан экономика кез келген қоғамның іргетасы болып табылады. Адамзат әрқашанда экономикамен және экономикалық таңдау жағдайында өмір сүреді. Демек, осының негізінде ғана экономикалық саясат, ғылым мен білім, дін, өнер сияқты салалар жұмыс істей алады.
...