Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері
Автор: Aigerim Yessimbek • Апрель 4, 2018 • Курсовая работа • 5,339 Слов (22 Страниц) • 1,330 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.......................................................................................................................2
1 Қоғамдық тамақтану кәсіпорының жалпы экономикалық сипаттамасы........3
2 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері.....................................5
2.1 Кәсіпорынның сипаттамасы.............................................................................5
2.2 Цехтардың сипаттамасы...................................................................................6
2.3 Кәсіпорынның материалды-техникалық базасы............................................7
2.4 Кәсіпорынның әр-түрлі құрал-жабдықтар, жиһаз, ыдыс-аяқ, приборлармен, инвентарьлармен жабдықталуының анализі..............................8
2.5 Ассортимент, өнім сапасы және қызмет көрсету дәрежесі...........................9
2.6 Шикізаттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және оның көздері, шикізаттар мен жартылай өнімдердің сақталынуы...........................................12
2.7 Тағамның технологиялық картасы...............................................................13
2.8 Экономиялық бөлім.........................................................................................15
3 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі........................................................21
Қорытынды............................................................................................................26
Пайдаланылған әдебиеттер..................................................................................27
Кіріспе
Қоғамдық тамақтандыру-халық шаруашылығының бір тармағы болып саналатын, кулинарлы өнімдерді өндірумен айналысатын және өнімдерді тұтынуды ұйымдастыратын кәсіпорындар жиынтығы.
Қоғамдық тамақтанудың заманауи даму кезеңі кәсіпорынның индустриалдық технология өнімін шығарумен сипаттайды.
Қоғамдық тамақтанудың ары қарай дамуы тұрғындардың денсаулығын сақтау мен еңбек ету қабілеттілігін жоғарлату мақсатында профилактикалық рөлін күшейтумен қатар жүруі қажет. Осы мәселені орындау көбіне кәсіпорынның шаруашылығын басқара және оның тиімділгін арттыра алатын білікті мамандарды дайындауға байланысты болады. Ал осы мәселені шешуші рөл қомақты мөлшерде азық-түлік ресурсын өндіретін қоғамдық тамақтандыру орындарына тиесілі.
Индустриалды технологиялы өнім өндіруді енгізу - қоғам дамуына септігін тигізетін маңызды бағыттардың бірі. Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынын өнім өндіруін индустрияландыру дегеніміз жоғары өндірмелі жабдықтарды және толассыз механикаландырылған желілерді пайдалана отырып, пісу дәрежесі жоғары жартылай фабрикаттарды дайындайтын механикалық орталықтандырылған өндірісті ұйымдастыру.
Қоғамдық тамақтандыру-халық шаруашылығының бір тармағы болып саналатын, кулинарлы өнімдерді өндірумен айналысатын және өнімдерді тұтынуды ұйымдастыратын кәсіпорындар жиынтығы.
а) Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының орналасуына байланысты:
- Тұрғылықты зонаны қамтамасыз ететін (микроаудандар, тұрғылықты райондар мен комплекс).
- Толығымен қаланы қамтамасыз ететін.
- Жұмыс және оқу орындарын қамтамасыз ететін.
ә) Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының өндіру централизация сының дәрежесі бойынша ( заготовочные- шикізаттарды әртүрлі дәрежедегі дайындықтағы жартылай өнімдерге өңдейтін кәсіпорын; өндірістік циклы біткен - шикізаттармен жұмыс істейтін; доготовочные – жартылай өнімдермен жұмыс істейтін; өндіріс жоқ – раздаточные (таратушы кәсіпорын)).
б) Контингенттердің қызмет етуіне байланысты (көпшілікті, жұмысшыларды, оқушыларды және т. б. қызмет етуіне байланысты).
в) Специализация типі бойынша (жалпы типті, комплексті, бір өнімдерді шығаруына байланысты).
г) Қызмет ету формасына байланысты (даяшылармен қызмет көрсету, өздеріне- өздері, автоматиканы қолдану ).
ғ) Техникалық қамтамасыз ету дәрежесі бойынша және берілген қызметтің көлемі бойынша (люкс, в /с, I,II,III категориялы).
д) Қуаттылығы мен сыйымдылығы бойынша (ірі, орта және кішігірім).
1 Қоғамдық тамақтану кәсіпорының жалпы экономикалық сипаттамасы
Мейрамхана бизнесінің серпінді дамуы осы сегментті инвесторлар мен кәсіпкерлердің қарамағынан талап етіліп отыр. Осы деректер Қазақстандағы қоға дық кәсіпорындардың жыл сайын өсу санын растап отыр. Қазақстан Республикасының Агенттігінің статистикасы бойынша 2013 жылдың соңына қарай еліміздегі қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының саны 23000-ға жетті. Алдыңғы жылға қараған кезде бұл көрсеткіш 15%-ға артып отыр. Қазақстан Республикасында мейрамхана саны және сапасы бойынша көшбасшы - Алматы қаласы. Мұнда 1356 қоғамдық тамақтандыру орындары бар. Соның ішінде 354-і мейрамхана.
...