Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Кәсіпорын қызметін ақпараттандыру принциптері

Автор:   •  Апрель 13, 2018  •  Курсовая работа  •  15,696 Слов (63 Страниц)  •  640 Просмотры

Страница 1 из 63

                                                  КІРІСПЕ

Кәсіпорын жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі. Кәсіпорындардың, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы - тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс.

Сонымен бірге кәсіпорындер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді, яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Кәсіпорындар елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, кәсіпорындық емес қаржылық салаға, мемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шарушылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.

Қазірде кәсіпорын өз қаржылық операцияларын есептеуіш техникасынсыз атқару мүлде мүмкін емес.  Өйткені есептеуіш техникалары мен желілері және қолданбалы кәсіпорын программалары  көптеген артықшылықтарды береді. Мысалға, тек кәсіпорынның автоматтандырылған жүйесін ғана алайық. Кәсіпорын желілерінің түйіндері арасында ақпарат санаулы секундта жетеді. Мұның бәрі әрине есептеуіш желілері арқылы жүзеге асады.    

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, дипломдық жұмыста төмендегі мәселелер қарастырылады.

Дипломдық жұмыс ақпараттық және компьютерлік технология аймағындағы, дәлірек айтсақ, олардың қосымшаларының адамзат қызметі саласындағы өзекті мәселелердің бірін шешуге арналған, яғни жаңа технологияларды қолданып, жұмыс орнын автоматтандыру есебі қарастырылған.

Дипломдық жұмыстың негізгі мәселесі – клиент- сервер технологиясы негізінде «наубайхана» ақпараттық жүйесі.

Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - кәсіпорынның ақпараттық  жүйесі,   автоматтандырылған ақпараттық жүйе, автоматтандырылған ақпараттық технология, кәсіпорындық ақпараттық жүйе, оның құрылымы, сипаты, мәліметтер қорын басқару жүйесі және оны құру мәселелері

 Дипломдық жұмыстың өзектілігі: қызметкерлердің жұмысын реттеу, ақпаратты өңдеу, толықтыру және іздеу жұмыстарын жеңілдету.

Дипломдық жұмысты құру нәтижесінде автоматтандырылған ақпараттық жүйе, автоматтандырылған ақпараттық технология, кәсіпорындық ақпараттық жүйе, оның құрылымы, сипаты ашылып, анықтамасы берілді.

1. КӘСІПОРЫНДЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРОГРАММАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

1.1. Кәсіпорын қызметін ақпараттандыру принциптері

Кәсіпорындық жүйеде ақпараттандыру дұрыс жасалуын тексерудің бірнеше принциптері бар.

Келісімділік принципі. Бұл принцип бойынша ақпараттандыру келесідей жүреді: жүйені даралап білу оны толық тануға әкеледі, яғни жүйе бір кілт арқылы құрылуы керек.

Ортогональды принцип бойынша жүйеге тек қажетті функциялар ғана қосылуы керек, және олар тәуелсіз болуы тиіс.

Толық және тиімділік принципі бойынша жүйедегі функциялар қайталанбауы тиісті және енгізілген функциялар қолданушының қажеттілігін толық қамтамасыз етуі қажет.

Ашықтық принципі. Программалық комплекстерді өңдеу және енгізуде бірқатар келісімдерді ұстану керек. Ондай келісімдер құрылды, ал осы келісімдер арқылы жасалынған жүйе ашық принципті болады. Ашық жүйе стандарттарына сүйеніп жүйені өңдеуді жақсартуға болады:

  • Стандартқа сәйкес келуі, оның ішінде: халықаралық; мемлекеттік; өндірістік;
  • Басқа жүйелермен байланысы;
  • Тасымалдануы (аз шығын жұмсап, жұмысшы программалық өнімді басқа техникалық платформаға, операциялық ортаға ауыстыру);

Техникалық шешімдерді жасау кезінде келесі ережелерге сәйкес келуі қажет:

  • Қолданушының программалық ортасы;
  • Қолданушының графикалық интерфейсі;
  • Құрудың қолданбалы құралдары;
  • Операцияның орындалуы (транзакция);
  • Желіде жұмыс істеуі;
  • Басқа мәліметтер қорымен бірігіп жұмыс жасауы;
  • Қолданушы операциялық жүйелер;
  • Қолданушы техникалық платформалар.

Ашық жүйенің берілген ережелері оны сатып алу мүмкін есемтігін көрсетеді, оны осы ережелерге сүйеніп құру қажет.

1.2. Кәсіпорындық электрондық жүйелерге қойылатын талаптар

Компьютерлік жүйелерге талаптар қоймас бұрын, алдымен ол жүйені кім қолданады, ол жүйеден қандай пайда түседі, ол жүйеде қандай ақпараттар өңделінеді тағы сол сияқты талаптарды анықтап алуымыз керек.

Егер компьютерлік жүйе – библиотека жұмысын автоматтандыруға құрылған болса, онда оған қойылатын талаптар, авиабилеттер сататын компьютерлік жүйелерден өзгеше болады. Осы тұрғыдан кәсіпорындық электронды жүйелерді талдайық. Жүйені қолданушы және онымен жұмыс істеуші есептеуіш техника немесе информатика облысынан арнайы білімі жоқ кәсіпорын қызметкерлері. Компьютер оларға негізгі жұмысты орындаудағы көмекші құрал. Сондықтан, негізгі бір талап – қайсібір дұрыс емес іс қимылдардан қорғау. Бір жағынан, мұндай жүйелерде қолданушымен достық интерфейсі болуы керек. Кәсіпорындық жүйедегі сақталынатын және өңделінетін ақпараттар ақшалар деп айтуға болады. Сондықтан кәсіпорындық электрондық жүйе қайсібір ақаулардан және қатерлі адам қимылынан максимальды қорғалуы қажет.

...

Скачать:   txt (194.8 Kb)   pdf (1.7 Mb)   docx (678.4 Kb)  
Продолжить читать еще 62 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club