Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Экономикалық теория пәні және әдістері

Автор:   •  Ноябрь 9, 2022  •  Реферат  •  3,569 Слов (15 Страниц)  •  150 Просмотры

Страница 1 из 15

Тақырып 1.1 Экономикалық теория пәні және әдістері

1.1.Экономикалық теорияның пайда болуы мсн даму сатылары

Экономикалық теория  - қоғамдық ғылым. Қоғам адамзаттық қатынастардың күрделі жүйесін көрсетеді. Осындай қатынастардың бірін — экономика деп аталатын бөлігін экономикалық теория  зерттейді. Дегенмен, экономикакөптеген экономикалық ғылымдардың зерттеу объектісі болып келеді. Осыдан экономикалық теорияның пәні немен ерекшеленеді және ол қалай зерттеледі деген сұрақтар туындайды. Осы сұрақтардың жауабына бірінші такырыпты арнаймыз.

Экономикалық ой өте ертеде пайда болған. Бізге жеткен экономикалық жұмыстардың алғашқылары болып Египет пирамидаларындағы жазулар,  Хаммурапи патшаныңзаң жинақтары және т.б. саналады. Оларда салық жүйелері, қоғамдық жұмыстар,айыппұлдар жазылған.

Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуігеболады: экономия, саяси экономия, экономикс.

Экономикалық теорияалғашында антикалық қоғамдаэкономия, яғни үй шаруашылығы  туралы ғылым ретінде пайда болды. Оның мақсаты мәртебелі адамдарды тәрбиелеу болып табылады.

Алғашқы рет "экономия" термині (грекше oikos - үй, үйшаруашылығы жәнеnomos - заң) біздің дәуірімізге дейінгіІІІ-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт, Платон, Аристотельдің еңбектерінде пайда болды. "Экономия"атауын алғашқы peтКсенофонт ұсынды. Бұл атау өткенніңұлы ойшылы  Аристотельде де әділеттілік туралы  ілім шеңберінде кездеседі. Аристотель шаруашылық іс-әрекеттіңекі түрін ажыратады: экономия - қамсыздандыруға арналған

шаруашылық және хрестоматика байыту максатындағы шаруашылық. Ол әділетті деп, табиғи  шаруашылыққа негізделген  экономияны  санаған. Өйткені ол антикалық қоғамның негізін құраған.

Алайдаэкономика   жеке   ғылым   ретінде,  жаңабуржуазиялық топтың оқуы түріндеXVI-XVIII ғасырлардақалыптасты. 1615 жылы француз экономисі А.Монкретьен"Саяси экономия трактаты" атты еңбегінде осы жаңа ғылымғабірінші peт атау берді. Атау үш грек сөзінен құрастырылды:"политейя"  коі ам. "ойкос" - үй, "намос" - заң. Берілген ат дәстүрліге айналды және қазіргі күні де қолданылуда. "Саяси экономия"шаруашылықтың мемлекеттік және жалпы

ұлттық деңгейдегі даму заңдылықтары жайлы ғылым ретіндепайда болды.

Саяси экономияның алғашқы теориялық мектебі меркантилизм (итальян тілінен аударғанда "мирканте" - көпес,саудагер) болды. Бұл бағыттың өкілдері Г.Ман, Ж.Б.Колбар, Д.Юм  қоғам байлығы тек саудада ғана пайда болады деп санады. Олар өз ғылымының басты пәнін тауар және ақша айналысындағы процесстерден көрді. Бұл  тұжырымдар кездейсоқ болған жоқ. Олар капиталдың алғашқы жиналымына, яғни халықаралық саудаға сәйкес келді. Мұндатауарлар бір елде төмен бағаға сатып алынып, баска елде қымбат бағаға  сатылды. Сондықтан, меркантилистер мемлекетке сауданы  көбейтіп, елдегі алтын қорын толтыруға кеңес берді.

Кейін  Францияда физиократтардың ілімі ("физиократия"'грек тілінен аударғанда - табиғат билігі) пайда болады.Оның негізін салушылар - Ф.Кенэ және А.Тюрго. Олар сауда барысында ешқандай байлықпайда болмайтынын, тек қана акшаның тауарға және керісінше, тауардың ақшаға айырбасы жүзеге асатынын әділетті көрсете отырып, байлыктың пайда болу мәселесін айналыс сферасынан өндіріс сферасынаөткізеді. Алайда, физиократтар байлық өндірісінің сферасы деп өсімі табиғи жолмен жүзеге асып, табиғат сыйы болыптабылатын ауыл шаруашылығын санаған.

Сол уакытта Англияда жаңа мектеп - классикалықсаясиэкономия пайда болды. Оның көрнекті өкілдері XVII ғ. - Уильям Петти, XVIII г. - Адам  Смит, XIX г. - Давид Рикардоұлттық байлық материалдық өндірістің барлық саласындажасалынатынын дәлелдеді. Олар байлықтың  негізгі түрі – тауардыңқұны деп тұжырымдады. А.Смит құн теориясының негізін қалады, еңбек өнімділігінің рөліне кеңназар аударып,табыстар туралы ілімді жарыққа шығарды.

Экономикалық теорияның дамуындағы келесі маңыздысаты - утопиялықсоциализм және марксизм. Утопиялықсоциализм  -  бұл қоғамның социалистік негізде түбегейліөзгсрістері мен әділетті құрылымытуралы ғылым.Бұл бағыттың басты өкілдері - Т.Мор, К.А.Сен-Симон, Р.Оуэн.

...

Скачать:   txt (58.7 Kb)   pdf (954 Kb)   docx (742.7 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club