Рыноктық жағдайды талдау. Кәсіпорынның қызметін SWOT – талдау
Автор: Сабина Айтжанова • Сентябрь 19, 2021 • Реферат • 388 Слов (2 Страниц) • 569 Просмотры
Рыноктық жағдайды талдау. Кәсіпорынның қызметін SWOT – талдау
Кез келген кәсіпорын өндіріп отырған тауарын танымал, әйгілі, яғни бренд ретінде қалыптастырғысы келетіні айдан анық. Себебі, олардың тауарлары бренд болса, ол кәсіпорын үшін көптеген кедергілерге төтеп беруге, пайданы жоғарылатуға және т.б. мүмкіндік береді.
Сондықтан бұл параграфта қарапайым тауар таңбасын бренд ретінде қалыптастыру туралы сөз қозғалады. Бұл үрдіс келесі кезеңдерден тұрады:
Рыноктық жағдайды талдау.
Кәсіпорынның қызметіне SWOT – талдау.
Өндірілген тауарларды талдау.
Бәсекелік талдау.
Тұтынушыларды сегменттеу.
Брендті салыстыру және оның артықшылығын айқындау.
Енді осы кезеңдердің барлығын қарастырып өтеміз.
1. Рыноктық жағдайды талдау. Рыноктағы жағдайды талдау келесі сұрақтарға жауап береді:
біз қай жердеміз?
қай жерде болғымыз келеді?
ол жерде болу үшін не қажет?
оған не кедергі жасайды?
Маркетингтік қызмет алғашқы көріністі білу үшін келесі төрт сұраққа жауап іздеу арқылы нарықтық жағдайды талдайды:
Біз қай жердеміз? Бұл сұраққа жауап, компанияның қазіргі таңда нарықтың қай жерінде, толықтырушы және алмастырушы тауарлар нарығын талдау жасауға мүмкіндік береді, бәсекелестер арасында қай орынға ие болып тұрғанын анықтайды. Бұл үлгі нарық динамикасын суреттеуге мүмкіндік береді.
Біз қай жерде болғымыз келеді? Бұл сұрақ мәнді кеңістіктегі брендтің алдағы жылдардағы қойған мақсаты. Екінші сұраққа жауап бере отыра, тұтынушылар тарапынан қабылданған, таңбаның орналасуының қарастырамыз.
Көзделген нүктеге жету үшін не жасау керек?
...