Экономикалық теория пәні және әдістері. Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселесі
Автор: ulbikeoralbaeva • Ноябрь 11, 2021 • Реферат • 1,456 Слов (6 Страниц) • 451 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «Экономика және бизнес жоғарғы мектебі»
Кафедрасы «Қаржы және есеп»
СӨЖ
Тақырыбы: Экономикалық теория пәні және әдістері. Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселесі
Орындаған: Мәлік Бақдаулет Мәдәліұлы
Тексерген: Табеев Талғат Пазілбекұлы
Алматы, 2021ж
Экономикалық теория пәні және әдістері. Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселесі
- Экономикалық теория пәні
Экономика қайдан шыққан, экономика дегеніміз не? Жалпы «Экономия» ұғымынан түрлене келе «экономика» ұғымы пайда болды. «Экономика» сөзі ежелгі гректің «ойкос», «экос» – үй немесе үй шаруашылығы және «номос» – заң, заңдылық деген сөздерінен құралған. Яғни экономика дегеніміз – шаруашылықты басқару ережелері мен заңдылықтары деген мағына береді.
Көптеген халықтар еңбек етіп, өзара байланыс, қоғамдық өндіріс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келді. Адам өмір сүру жолында басты мақсат – аш-жалаңаш қалмау, үйсіз-күйсіз қалмас үшін еңбек ету, еңбек нәтижиесін тұтыну. Тарихта ең алғашқы экономикалық ой пікір алғашқы адамдардың бірлесе отырып аңдарды аулауы десек те болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттіліктерінен туатыны мәлім. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Грекия ойшылдарының еңбектерінде кездеседі. Мысалы ретінде Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқтала келе оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған болатын. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған. Оның себебі ол заманда тауар, ақша, нарық, сауда дамымады және шаруашылық тұйық натуралды яғни заттай жүргізілді.
Экономикалық ой – пікірлердің тұжырымдала келе қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дамығанына байланысты болған. Оған дәлел тарихтағы «Жібек жолы» арқылы тауар – ақша қатынасының экономикада үстемдік етуінен қазақтың белгілі ақыны Шортанбай былай деген болатын:
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Меркантилистер – XVI – XVIII ғасырлар аралығында еуропалық елдердің көпшілігі меркантилизм деп аталатын экономикалық теория ықпалында болған болатын. Бұл меркантилистердің ойлары бойынша әрбір ұлт саудагерлері сияқты жақсы табыс табу үшін бір – бірлерімен бәсекелестікке түсу керек болған. Олардың ойлары бойынша үкімет жалақыға және т.б. ресурстарға шығындалуды азайтып,экспортты яғни басқа елдерге сатылатын тауарларды көтермелеп, қажетті заңдармен қолдауы тиіс болатын. Солай жасағанда «қолайлы сауда теңгеріміне» жетуге болады деп есептеген. «Қолайлы сауда теңгерімі» ипорттан экспорттың басым түсу жағдайын жасайды. Бұндай басымшылық сатушының таза пайдасына ұқсап, алтын мен күмістің ұлттық қорының өсуіне пайдасын тигізеді. Сол кездің көптеген апталды азаматтары ондай қор елдің хал – жағдайын жақсартудың ең оңтайлы жолдары деп санаған болатын.
Мемлекет қолайлы сауда теңгерімі үшін күресе отырып, феодальды үкімет импортқа барынша тосқауыл қойып, экспортқа жол ашып отыруы қажет дейтін адамдар қазіргі кезде де бар. Сондықтан да оларды неомеркантилистер немесе «жаңа» меркантилистер деп көп айтып жатады.
Физиократтар – XVIII ғасырдағы француз экономистері мен философтарының ұсынғаны бойынша қоғам өнеркәсіп пен бизнесті қолдау практикасынан бас тарта отырып, оларға көңіл аудармаулары керек болған.
Физократтар ауыл шаруашылығы өнімдерін және де басқа табиғи ресурстарды байлықтың шынайы көздері деп түсінді.
...