ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасу мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарына ұсыныстарды әзірлеу
Автор: aab110296 • Июнь 1, 2022 • Дипломная работа • 18,534 Слов (75 Страниц) • 230 Просмотры
ТИТУЛКА
Мазмұны
Кіріспе........................................................................................................ 3
- Жоғары оқу орнының түлектерін жұмысқа орналастыруды
зерттеудің теориялық-әдістемелік аспектілері....................................... 6
- Еңбек нарығы мен жұмысбастылықты зерттеудің әдістемелік
тәсілдері...................................................................................................... 6
- Жастар арасындағы жұмыссыздықтың себептері ................................. 12
- Еңбек нарығындағы жоғары оқу орнының түлектеріне сұраныс
ерекшеліктері............................................................................................ 19
- Қазақстандағы жоғары оқу орнын бітіруші түлектердің жұмыспен
қамтылу жағдайын талдау........................................................................ 25
- Қазақстандағы жоғары оқу орнын бітіруші түлектердің жұмыспен
қамтылуының ағымдағы жағдайы........................................................... 25
- Жоғары оқу орнының түлектерін жұмыспен қамту
бағдарламаларының орындалу барысын талдау.................................... 32
- Аймақ деңгейінде жастардың жұмысқа орналасу жағдайын
талдау.......................................................................................................... 41
- Жоғары оқу орны түлектерінің жұмысқа орналасу мәселелерін
шешу жолдары........................................................................................... 52
- Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесі мен еңбек нарығының
өзара әрекетінің тиімділігін арттыру жолдары...................................... 52
- ЖОО түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесін шешудің шетелдік тәжірибесі және оны Қазақстанда қолдану
мүмкіндіктері............................................................................................. 61
Қорытынды................................................................................................ 68 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................ 71
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. «Бүгінде бүкіл әлем жаңа сындармен және қатерлермен бетпе-бет келіп отыр. Әлемдік экономика әлі де жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан айыға қойған жоқ. Қалпына келу өте баяу және сенімсіз қадамдармен жүруде, ал кейбір жерлерде әлі құлдырау жалғасуда»-делінген Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында.
Расында жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс экономикадағы бірқатар жағдайларғы өзінің кері әсерін тигізуде. Соның ішінде еңбек нарығына да әсері байқалуда. Осыған сәйкес Елбасымыз: «Экономиканы дамытуда жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып, бізге іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажет»-деді.
Қазақстан Республикасы президенті жыл сайынғы қазақ еліне Жолдауында негізгі атқарылуы тиіс жұмыстар мен іс шаралардың жиынтық тізімін шартты түрде атап өтеді. Көбінесе халықтың әлеуметтік жағдайына назар аударылады. Мысалы, халықтың денсаулық сақтау деңгейі, білім алу мүмкіндіктері, мәдени іс шаралардың жүргізілуі, әлеуметтік қамсыздандыру және т.с.с. мәселелерге назар аударылуда. Осыған орай халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және жұмыссыздықпен күресу мақсатында халықты жұмыспен қамту бағдарламалары да қабылданып жүзеге асырылуда.
...