Фирма ақпаратының ағу арналарын анықтау бойынша аналитикалық жұмыс
Автор: Nurbbb • Март 27, 2022 • Реферат • 2,692 Слов (11 Страниц) • 307 Просмотры
[pic 1]
"ЦИФРЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ" ҒЫЛЫМИ-БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ
Есеп
2 Тапсырма
29) фирма ақпаратының ағу арналарын анықтау бойынша аналитикалық жұмыс.
Орындаған: Цифрлық технология мектебінің,
«Программалық инженерия» мамандығының
2-курс студенті
Тексерген: т.ғ.м., «Цифрлық инженерия және деректерді талдау» ҒББД-нің аға оқытушысы
Алматы 2021
Жоспар
Кіріспе
- Ақпарат және ақпараттың ағу арналары
Негізгі бөлім
- Аналитикалық талдау жұмыстарының бағыттары
- Ақпараттың ағу арналарына байланысты бөлімшелер құру және оның функциялары
- Шабуылдар және ақпараттың ағып кету арналары
- Операциялық жүйе деңгейіндегі шабуылдар
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Мақсаты
Коммерциялық ұйымдар, яғни фирмалар үшін ақпарат арналарының маңыздылығы. Фирма ақпаратының ағу арналары көп жағдайда шабуылдарға ұшырап жатады. Сондықтан сол ақпарат ағындарын құрғау үшін жасалынатын іс-шараларды айқындау. Сонымен қатар олардың функциялары мен іс-әрекеттеріне шолу жасай отырып, фирмадағы аналитикалық жұмыстың негізгі бағыттарын анықтау. Соондай-ақ ақпарат ағындарына жасалынатын шабуылдарды, оның ішінде инсайдерлік ақпараттың ағып кетуі туралы талдаулар. Фирманың ақпараттық ағындарына аналитикалық талдау жасау.
Табысты коммерциялық қызметтің негізі сенімді ақпарат болып табылады. Оны жинау, талдау жасау, негізделген шешімге айналдыру және қолайсыз жағдайлардан сақтау маңызды. Сондықтан фирма үшін ақпарат ең алдымен құндылығы жоғары актив болып табылады. Фирманың коммерциялық құпиясы (ақпарат) көбінесе бәсекелестерінің шабуылына айналып жатады. Шағын компанияларға аймақтық нарықтардағы бәсекелестер қауып төндіруі мүмкін. Ірі кәсіпорынның немесе инженерлік фирманың комерциялық құпиялары шетелдік бақталастары мен техникалық барлауды қызықтыруы мүмкін. Қауып-қатер көзіне байланысты ақпараттың ағып кету арналары әр түрлі болады. Хакерлер деректерді ақпараттық желілерден ұрлап, бәсекелес фирма басшыларына бере алады. Техникалық құралдарды – «қоңыздар» және де зиянкестерді жасырын түрде қадағалау үшін кеңселерге салатын жасырын камераларда пайдалану арқылы әске асырылады. Мұндай жағдайды бақылауда ұстау үшін оған қалай қарсы шаралар жасау керектігі туралы нақты түсінік болуы қажет
Негізінен, ақпараттың таралып кетуінің техникалық арнасы деп ақпараттық сигнал таралатын ақпарат көзінің, байланыс желілерінің (физикалық ортаның), байланыс желілеріндегі сигналдың берілуіне кедергі келтіретін шулардың және де ақпараттың ұстап қалудың техникалық және бағдарламалық құралдарының жиыны деп атаймыз. Ақпарат көздері акт-ның (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар) бағдарламалық және техникалық құралдары, адамның тікелей дауыс аппараты, дыбыс күшейткіш жүйе элементтері, баспа құрылғылары, әртүрлі мақсаттағы радиожүйелер және т.б. болып табылады. Өз табиғатына байланысты олар электрлік, электромагниттік, акустикалық және басқа да сигналдар болуы мүмкін. Негізінен электрлік, электромагниттік, акустикалық және толқындардың (тербелістердің) басқа түрлері, ал ақпарат олардың параметрлерінің өзгеруінде болады. Табиғатына байланысты сигналдар қандай да бір физикалық ортада таралады. Жалпы жағдайларда таралу орталары: ауа, сұйық және қатты орта болуы мүмкін. Ондай орталарға мыналар кіреді:
...