Қазып-тиеу машиналары және олардың жұмыс параметрлері
Автор: kit2016 • Апрель 18, 2023 • Реферат • 2,630 Слов (11 Страниц) • 150 Просмотры
Қазып-тиеу машиналары және олардың жұмыс параметрлері
Қазып-тиеу машиналары өнімділігі бойынша технологиялық ағымдағы тау-кен және көлік машиналар жиынтығының ішінде негізгі құрамашы болып табылады. Олардың өнімділігі тау жы- ныстарын қазып алуға дайындау сапасы мен көлік қызметінің атқарылуына байланысты.
Роторлы экскаваторлар – үздіксіз қимылдайтын машина- лардың ішінде өнімділігі ең жоғары болып табылады (14 мың.м3/сағат. дейін). Олар жұмсақ жыныстарды, кесудің меншікті күші жоғары болғанда (8,3-13,7 Н/см) – тығыз жыныс- тарды және көмірді қазып алуда қолданылады. Жұмыс принципі келесідей: ротор доңғалағының тік және жазық жазықтық- тарда айналуы мен жылжуы кезінде оған бекітілген шөміштер жоңқаларды кесіп алып отырады.
Роторлы экскаваторлар негізінде конвейерлер мен үйінді- салғыштармен бірге жұмыс істейді.
Роторлы экскаваторлардың негізгі технологиялық параметр- лері (1.21-сурет): көсіп алу биіктігі Нч, көсіп алу тереңдігі Iч, ең көп көсіп алу радиусы Rmax, ең аз көсіп алу радиусы Rmin, жебесінің созылу шамасы l, түсіру радиусы Rp, ең көп түсіру биіктігі Нp max, ең аз түсіру биіктігі Нp min, ротор доңғалағының диаметрі D.
Шөміштері бар ротор доңғалағы, ротор доңғалағының жебесі, сонымен қатар қарсы жебенің жоғарғы бөлшегі, табаны, шын- жырлы жылжымалы механизм және кемердегі таспалы конвейер- ге түсіретін конвейер немесе тиеу орнымен қосатын көпір ротор- лы экскаватордың элементтері болып табылады.
[pic 1]
1.21-сурет. Роторлы экскаватордың принциптік конструкторлық сұлбасы
1 – ротор доңғалағы; 2 – ротор жебесі қабылдау конвейерімен; 3 – кабина; 4 – пилон; 5 – жоғарғы бөлігі; 6 – түсіру конвейері; 7 – бұрылу платформасы; 8 – шынжырлы табаны
Заманауи роторлы экскаваторлар Ресейден басқа, Чехияда, Польшада, Германияда, АҚШ, Жапонияда және басқа да мем- лекеттерде типөлшемдеріне сәйкес шығарылады. Ең жоғары өнімділікті экскаватор сағатына 20 мың м3 және тәулігіне 240 мың м3 тау-кен жынысын өндіріп шығарады. Оның қазып алуға есептік кедергі коэффициенті 2,1 МПа-ға дейін жетеді, ротор диаметрі 22 м, бір шөмішінің сыйымдылығы – 6,34 м3, жебе ұзындығы 70 м және т.б.
Технологиялық сипаттары бойынша роторлы экскаваторлар былайша бөлінеді:
- қопсытылған қазындылаудағы өнімділігі бойынша; өнім- ділігі көп емес машиналар (630 м3/сағат. дейін); орташа өнімділікті
(630-2500 м3/сағат); өнімділігі көп (2500-5000 м3/сағат) және жоғары өнімділікті (>5000 м3/сағат) машиналар;
- кесудің меншікті күші бойынша: қалыпты (500-1100 Н/см), күші жоғары (1200-2100 Н/см) машиналар;
- кенжарды қазып алу тәсілі бойынша: жоғарыдан және төменнен көсіп алатын машиналар;
- жұмыс жабдығын кенжарға беру тәсілі бойынша: жылжы- малы және жылжымайтын (машинаның жылжуы арқылы) жебелі машиналар;
- жүру жабдығы бойынша: шынжыр табынды, адымдағыш- рельсті, рельсті-шынжырлы және рельспен жүретін машиналар. Ең үлкен роторлы экскаватор – Tenova ТАKRAF (Тенова Та- краф) SRs 8000 (RB 293). Оның салмағы 14 200 т, ол тәулігіне 240000 м3 бос жыныстарды қазып алады, ұзындығы – 220 м, биіктігі – 96 м, шөміштер саны 20, шөміш сыйымдылығы – 15 м3. Экскаватордың тұру деңгейінен төмен және жоғары жатқан қазылып алынатын аракемерлер биіктігі экскаватордың конс- трукторлық мүмкіндіктерімен анықталады. Олар жебедегі конвейердің ең үлкен көлбеу бұрышымен шектеледі: жоғарыдан көсіп алу кезінде ол 27°, төменнен көсіп алу кезінде – 18°. Бұл мөлшерлер оның техникалық сипаттамаларында көрсетіледі. За- манауи шетелдік роторлы экскаваторлардың ең көп жоғарыдан көсіп алу биіктігі 53,5 м, төменнен – 25 м. Ең жоғары кемер биіктігі кезіндегі экскаватордың ең жоғары өнімділігіне экскаватордың
жылжыту уақытын қысқарту есебінен жетуге болады.
Тау жыныстарын қазып алуға арналған үздіксіз қимылдайтын машиналардың басқа бір түрі көпшөмішті шынжырлы экскава- торлар. Оның жұмыс жабдығы арқанды жебелермен бекітілген біртұтас немесе шарнирмен қосылған рама болып табыла- ды. Жұмыс жабдығының жұмыс принципі келесідей: кемердің жоғарғы алаңында жылжыған кезде әрбір шөміш жоңқаны қазып алудың арқасында толады. Жоғарғы барабанды айналған кезде шөміштегі жыныс бункерге түседі, ал одан вагондарға немесе конвейерге тиеледі. Қопсытылған жыныстарды қазып-тиегенде шынжырлы экскаваторлардың өнімділігі сағатына 1400-6030 м3 болады.
...