Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Микроскоппен жұмыс істеу ережесі. клетканың морфологиялық құрылысы. прокариоттар және эукариоттар

Автор:   •  Январь 31, 2019  •  Лабораторная работа  •  10,725 Слов (43 Страниц)  •  8,224 Просмотры

Страница 1 из 43

Ы.Алтынсарин атындағы арқалық мемлекеттік педагогикалық институты

Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті

Химия, биология және география кафедрасы

                                                 «Бекітемін»

                                                     Кафедра меңгерушісі

              Султангалиева К.У[pic 1]     

                                                      «20» маусым 2018ж.

Зертханалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулық

Цитология және гистология пәні бойынша

5В011300 «Биология» мамандықтарына арналған

               № 1 Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Микроскоппен жұмыс істеу ережесі. клетканың морфологиялық құрылысы. прокариоттар  және  эукариоттар

Мақсаты:

Микроскоп бөлшектерінің аттары мен олардың атқаратын жұмысын білу және цитологиялық препараттарды зерттеуде оларды қалай пайдалану керектігін меңгеру.

Клетканың жалпы морфологиялық құрылысын және клеткасыз құрылымдарын зерттеу.

1-ші тапсырма: Микроскоптың түрлерімен және оның құрылысымен танысу. Жұмыс істеу төртібін үйрену. Дайын  препараттармен жұмыс істеу.

2-ші тапсырма: Жануарлар организміндегі әр түрлі құрылыстық пішінде кездесетін клеткалары: куб, призма, сопақша т.б. түрлерімен танысу.

3-ші тапсырма:Дайын препараттарды және таблицаларды пайдалана отырып, прокариотты және эукариотты организмдердің  клетка        құрылысымен танысу, ерекшеліктерін түсіну.  

       Цитологияда қолданылатын әдістердің бірі - жарық микроскопы /затты тек жарықтың көмегімен көрсететіндіктен осылай аталады/ затты 56, 100, 3500 есе үлкейтеді. Микроскоп көзге көрінбейтін заттарды үлкейтіп көрсететін аспап.

Микроскоптың құрылысы:

Тубус, окуляр, обьективтер, линза, штатив, зат столы, айна, табаны, макро және микровинттер.

Микроскоппен жұмыс істегенде мынадай ережелерді естен шығармау керек:

а/   Микроскопты бір орынға   орнықтырып  қойғаннан кейін      жұмыс істеп   біткенге  дейін  екінші орынға  жылжытуға       болмайды;

б/   Алдымен айнамен жарық түсірген соң кіші обьективпен      көреді;

в/   Микроскопты бірқалыпты темтературада сақтау керек;

г/   Ауық-ауық  жұмсақ, құрғақ шүберекпен окуляр мен обьективтің сыртқы линзаларын сүртіп тазалайды;

д/   Микроскопты химиялық реактивтер, улы химикаттармен     қатар қоюға болмайды.

Бақылау сұрақтары:

Цитология  ғылымының дамуына микроскоптың қандай ролі   болды?

Электронды микроскоп  клетканың қандай  структурасын анықтай алады?

Бірінші рет микроскопты кім құрастырған жөне "клетка" -деген терминді кім енгізген?  Микроскоптар заттарды неше рет үлкейтіп көрсетеді? Ол неге байланысты?

Клеткалардың қүрылысы мен қызметін зерттеу үшін қазір қандай приборлар қолданады?

Прокариотты организмдердің эукариоттарға карағанда қандай негізгі айырмашылығы бар?  

                 

                                    № 2 зертханалық жұмыс

Тақырыбы:  Өсімдіктер және жануарлар  клеткаларының құрылысы, ерекшеліктері

Мақсаты: Өсімдіктер, жануарлар  клеткаларының құрылысын зерттеу, ерекшеліктерін  ажырата білу.

1-ші тапсырма: Өсімдіктер клеткасының жалпы морфологиялық құрылысы.Пияз қабықшасы.Микроскоптың кіші көрінісіне қойып препартты зерттегенде, пияз қабықшасының клеткалары төрт бұрышты болып келеді. Тығыз орналасқан клетка  қабықшасы, сонымен қатар ядросы бірден көзге жақсы көрінеді. Ядросы клетканың шетіне қарай ығысып орналасқан. Микроскоптың үлкен көрінісіне ауыстырып зерттеп суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) клетка қабығы; 2) цитоплазма; 3) ядро.

...

Скачать:   txt (137.5 Kb)   pdf (226.4 Kb)   docx (67.8 Kb)  
Продолжить читать еще 42 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club