Бәсекеге қабілеттік – білімнен
Автор: Gauhar17 • Октябрь 23, 2021 • Доклад • 378 Слов (2 Страниц) • 617 Просмотры
Бәсекеге қабілеттік – білімнен.
Күн санап дамыған уақытта кез келген мемлекеттің бәсекеге қабілеттігінің басты белгісі – білім беру жүйесінің мықтылығы. Білім – адамның бойындағы бүкіл қабілеттерді бір арнаға жинап, бәсеке мен сайыста саналы түрде алға бастаушы күш ретінде бағаланады. Білімді болу көп оқу дегенді білдірмейді, ол алған білімді өзіне керегіне жұмсау, орынды түрде және өзгеге де, өзіне де пайда әкелетіндей қолдану. Білімді тек кітаптан алмаймыз, білім аталы сөздерді ойға түю, білімі жоғары адамнан үйрену, көпті көргенді тыңдаудан, сонымен қатар өзін білмейтін білуге, құпия болса ашуға ұмтылу деп түсінемін. Ата-бабадан «Білекті бірді – білімді мыңды жығады» деген өнегелі сөз қалса керек. Демек, өзінің бар күшін білім алуға, оны көркем мінезбен, армен, намыспен елге қызметпен байланыстыра білу нағыз азаматтың белгілері саналады.
Бүгінгі қоғам күш санастыратын емес, ой санастыратын уақыт екені мәлім. Бәсекеге мықты болу адамның біліміне байланысты. Жарыс, сайыс алаңында білімді, жан-жақты, көзқарасы мен дүниетанымы кең, қоғамның ақпаратттық құндылықтарын да игерген сауатты адам ғана бәсекелестікке түсе алады. Білімі сапалы, сауаты жоғары адам ғана парасатты түрде күш сынауға дайын болады. Нарықта тауардың бәсекелестігін оның сапасы мен түрі, тиянақтылығы мен әрленуі ерекшелесе, ой нарығында адамды білімі, жан-жақтылығы, сауаттылығы ерекшелейді. Әлемде әлемдік бәсекеге қабілеттілік елдің білім сапасы, ұлттың зияткерлігі дәржесімен өлшенеде десек, дәл айтамыз. Кез келген қызмет бабының бәсекелестік талабы да – білім деңгейінің жоғары болуында. Сондықтан дамыған АҚШ, Жапон елдері өзінің бәсекелестік күшін білім беру жүйесін дамытудан бастаған.
...