Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бағалаудың өлшемдік технологиялары туралы ұғым

Автор:   •  Сентябрь 14, 2021  •  Реферат  •  3,979 Слов (16 Страниц)  •  2,216 Просмотры

Страница 1 из 16

[pic 1]

   РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Бағалаудың өлшемдік технологиялары туралы ұғым»

                                                              Орындаған: Адаман М.Е.

                                                                        Тобы: 1505-10

                                                              Қабылдаған:Халикова Г.С.

КІРІСПЕ

1. БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ. БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН САПАСЫН БАҒАЛАУ.

2. ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ЖАҢА ҚҰРАЛДАРЫ.

3. БАҚЫЛАУ ТҮРЛЕРІ (КІРУ, АҒЫМДАҒЫ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ). БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ. БАҒАЛАУ, ОНЫҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ.

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бағалау жүйесі оқыту және оқу үдерісі туралы интегралдық және сараланған ақпарат алуға, жоспарланған нәтижеге жетудегі оқушылардың жеке ілгерілеушіліктерін; білім бағдарламасының тиімділігін бақылауға, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналарға арналған кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді..

12 жылдық білім беруге көшу білім беру жүйесін модернизациялауға әкеледі, бұл ретте әр ұстаз педагогикалық құндылықтар жүйесін өзгертуі тиіс, және, ең алдымен, бұл бағалау жүйесіне қатысты болуы тиіс. Тек аспаптардың әртүрлілігі, шкалалардың икемділігі мен сезімталдығы, өлшемдік және жинақтаушы бағалау құралдарын қолдану заманауи мұғалімнің пәндік, сонымен қатар тұлғалық нәтижелерді әділ бағалауына мүмкіндік береді.

Оқу нәтижелерін бағалау оқу үдерісінің бір жақты сипаты болып табылады:

баға қоюда қолданылатын меже;

баға қою мерзімділігі;

білім беру үдерісі субъектілері арасындағы байланыс механизмі;

оқушылардың қаншалықты табысты оқитындығын өз бетімен анықтау механизмі.

Бағалау жүйесі – бұл білім беру үдерісін өз бетімен реттеудің табиғи ішкі механизмі; субъектілік оқу үдерісінің сәттілігіне барынша кері әсерін тигізеді.

Көптеген онжылдықтар бойы 5 балддық бағалау оқушылардың жетістіктерін басқа оқушылардың жетістіктерімен салыстырудан тұрды, және бағалаудың осындай тәсілінің бірқатар кемшіліктері де жоқ емес:

Оқытудың жоспарлы нәтижелеріне жетуді бағалаудың оқушыларға, ата-аналарға және педагогтерге түсінікті нақты критерийлері жоқ.  Педагог бірыңғай критерийлер бойынша әр оқушының жетістіктеріне емес, керісінше сыныптағы білімнің жалпы орташа деңгейіне бағдарлана отырып баға қояды.

Оқушыларға қойылатын бағалар оқу бағдарламасының жеке бөлімдері бойынша білімнің, машықтардың, қабілеттердің нақты элементтерін меңгеру туралы түсінік қалыптастырмайды, ол әрбір оқушыны оқытудың жеке траекториясын анықтауға мүмкіндік бермейді.

Оқу барысында оқушы мен мұғалім арасында жедел байланыс жоқ, ол оқушылардың оқуға деген ынтасын көтеруге ықпал етпейді.

1. БІЛІМ БЕРУ САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ. БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ МЕН САПАСЫН БАҒАЛАУ.

Қоғамның білім беру жүйесіне деген қатынасы бір мәнді емес: қанағаттанушылық кезеңдері оқыту сапасы, білім беру мазмұны, қолда бар мамандардың кәсіби шеберлік деңгейі және оларды дайындау сапасы мәселелері көтерілген сын кезеңдерімен ауыстырылады. Бүгінгі күні мамандарды даярлау сапасын түсінуде және түсіндіруде елеулі айырмашылықтар бар, мұны социумның, бастауыш мұғалімдердің, бітірушілердің және т. б. бағалаулары мысалында көрсетуге болады. Білім сапасын бағалау: студенттердің академиялық табыстары, мемлекеттік емтихандардың нәтижелері, оқушылардың жетістіктері және т.б. болуы мүмкін. Дегенмен, білім сапасын бағалау кезінде кем дегенде үш көзқарасты ескеру қажет: тұлғаның көзқарасы, мемлекеттің көзқарасы, социумның көзқарасы.

...

Скачать:   txt (59.9 Kb)   pdf (159.7 Kb)   docx (47.8 Kb)  
Продолжить читать еще 15 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club