Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жылжымайтын мүліктің нарықтық құнын бағалауда қолданылатын тәсілдер мен қағидалар

Автор:   •  Июнь 9, 2018  •  Курсовая работа  •  10,471 Слов (42 Страниц)  •  1,314 Просмотры

Страница 1 из 42

Мазмұны

КІРІСПЕ ….....................................................................................................................3

1.  ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ НЕГІЗГІ

1.1 Жылжымайтын  мүлік ұғымы және негізгі түрлері...................................5

1.2 Жылжымайтын  мүлік нарығы және оның даму  жолдары.....................12

1.3  Жылжымайтын  мүлік құнын бағалау және оған  әсер ететін факторлар................................................................................................15 

2.  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК- НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ

2.1 Жылжымайтын  мүліктің нарықтық құнын бағалауда қолданылатын тәсілдер мен қағидалар.....................................................................................21

2.2 Қазақстандағы жылжымайтын мүлікті басқару және жылжымайтын мүлік объектісін, пәтерді, бағалау және сараптау ..................................................23

2.3 Бағалау кезінде  туындайтын мәселелер және оларды  шешу жолдары...........................................................................................................38 

3.  ШЕТЕЛДІК ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

3.1  Шетелдік  мүлікті бағалау тәжірибесі және шетелдегі мүлік құнын бағалау барысында туындайтын мәселелер....................................................40

3.2  Мәселерді  шешу жолдары және мүлікті  жетілдіру жолдары..............44

3.3 Қазақстан  Республикасындағы жылжымайтын мүліктің нарықтағы алатын орны және оның жетілдірілуі..............................................................46 

ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................................33

ПАЙДАЛАНҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................35

КІРІСПЕ

Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауында тұрғын үй құрылысымен қатар жылжымайтын  мүлік нарығын дамыту мәселелері сөз болды.

Президент   еліміздің    өңірлеріндегі   жылжымайтын    мүлік   жөніндегі

орталқтардың жұмысын жандандыру мақсатында біздің алдымызға нақты міндеттер қойды. Бүгінде қазақстандық жылжымайтын мүліктің бағасы шарықтауын қойып, төмендеуге түзету еңгізу кезеңіне келгенде банктік бизнесте, ипотекаға қарағанда тұтынушылық несие сенімдірек бола бастады.

Егер экономикалық даму төмендесе, немесе жаппай шегінушілік белең алса, ол өз кезегінде жалпы халықтың қаржы түсімін төмендетіп, тұтыну несиесінің де бүгінгі қызығушылығы мен сенімділігін жоғалтуы ғажап емес. Бір сөзбен айтқанда, банктердің өздері белгілі бір қорытынды жасап,экономика секторының несиелік саясатын теңестіруге келулері керек. Егер турасын айтсақ, банк секторының соңғы жылдардағы өсімі, қазақстандық құрылысты қаржыландыру мен сырттан алынған қарызды тұтынушылық несиеге беруге байланысты болып келді.Жылжымайтын мүлік, оның ішінде тұрғын үй проблемасы тек Қазақстанда ғана емес дүниенің алпауыт, дамыған мемлекеттерінде де жетіп артылады. Баспанаға зәрулік, оның бағасының қусаң жеткізбейтіндігі бүгінде ертегі емес.

Қаншалықты биіктен құласаң соншалықты қатерлі болатындығы таяу уақытта Еуропа рыногы мен жылжымайтын мүлікке инвестиция салған инвесторларға қатты сезілетін сыңайлы. Бұл әлем сарапшыларының жылжымайтын мүлік рыногына ұзақ жылдар жүргізген зерттеулері мен талдауларының қорытындысы. Жылжымайтын мүлік,яғни тұрғын үй қаржы салудың тиімді көзі екенін материалдық жағдайыңды көтеріп алудың бірден-бір жолы екенін жалпақ жұрт ендігі түсіне бастағандай.Өйткені нарықтың алғашқы жылдары бірінші орынға баю емес,«ел қатарлы күн көру» ғана шықты. Ол уақытта заман ауыртпалығы басқаға мойын бұрғызбады. Сол кездері Шымкенттегі үйлердің өзі 3-4 мың көк қағаздан аспайтын. Бағаның көтерілгені соңғы төрт-бес жылдың көлемінде. Қазір әлгі үйлердің құны «күйіп» тұр.

Осынау экономикалық өлара тұсты пайдаланып, пәтер сатып алғандардың жолы болды.Ақша санай алатын адамның өзі соңғы 5 жылдың ішінде пәтерлер бағасы 9-10 есе көтерілгенінен хабардар. Бұл бағаға ең мақтаулы деген банктердің салым депозиттері де ілесе алмайды. Яғни, жылжымайтын мүлікке салынған капитал бүгінгі күні ең өсімтал салым. [1] 
 
 
 
 
 
 

1 ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІҢ  НЕГІЗГІ

1.1 Жылжымайтын мүлік  ұғымы және негізгі  түрлері 

Жылжымайтын мүлік  түсінігі  адам алғаш рет үй салып  өнім өндіру үшін жер алудан басталады. Ол  жер жыртып егін егіп өнім алу  болып табылады, бұл еңбектің ерекшелігі-ол өзінің жеріне тікелей байланысты.

...

Скачать:   txt (136.3 Kb)   pdf (385.5 Kb)   docx (62.8 Kb)  
Продолжить читать еще 41 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club