Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ауыл шаруашылық жануарларын генотип бойынша бағалау және іріктеу

Автор:   •  Июнь 5, 2018  •  Курсовая работа  •  10,713 Слов (43 Страниц)  •  2,036 Просмотры

Страница 1 из 43

Мазмұны

Кіріспе

3

1

1.1

Әдебиетке шолу

Ауыл шаруашылық малдарын фенотипі бойынша сұрыптау және бағалау

5

7

1.2

Жануарларды конституциясы, экстерьер, интерьер және өнім бергіштігіне байланысты сұрыптау мен бағалау  

10

1.3

Ауыл шаруашылық малдарының өнімділігі бойынша бағалау

13

1.4

Сүт өнімділігі бойынша бағалау

14

1.5

1.6

1.7

1.8

2

Ет өнімділігі бойынша бағалау

Жүн өнімділігі бойынша бағалау

Жануарлардың жұмыс өнімділігі бойынша бағалау

Жұмыртқа өнімділігі бойынша бағалау

Ауыл шаруашылық жануарларын генотип бойынша бағалау және іріктеу

15

17

19

20

21

2.1

Шығу тегі бойынша бағалау мен сұрыптау

24

2.2

Ұрпақ сапасы бойынша жануарды бағалау мен іріктеу

25

Қорытынды

30

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі        

32

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Мал шаруашылығы – кез келген мемлекеттің аграрлық секторының маңызды салаларының бірі. Оның халықтық-шаруашылық міндеті – халықты өмірге қажетті азық-түліктер: ет, сүт, жұмыртқамен және т.б.; ал өнеркәсіпте қажетті шикізат: жүн, былғары, тері, қыл, қылшық, қауырсын, түбітпен және т.б.; құнды органикалық тыңайтқышпен: көң, құс саңғырығымен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, жылқы, өгіз, қодас, бұғы, есек сияқты жануарларды механикалық құралдарға қоса, ауыл шаруашылық және транспорттық жұмыстарға қолдану.

Ауыл шаруашылық малдарын сұрыптау мен бағалауға малдың эволюциясын басқару, бар тұқымдардың өнімділігін жетілдіру және экономикалық өнімділігі жоғары, экономикалық жағынан тиімді малдың жаңа тұқымдарын және типтерін шығару жатады.

Соңғы он жылда селекцияның көптеген әдістері даму үшін, эксперименталды дәлелдемелер және жаңа перспективалар алынды. Генетиканың қарқынды дамуына және оның мал шаруашылығының тәжірибесіне ену идеясына байланысты селекцияның көптеген күрделі сұрақтары өз шешімдерін тапты. Мұнда шаруашылыққа пайдалы – сандық, сапалық және селекцияланатын белгілердің тұқым қуалау ерекшеліктері, жұптау кезіндегі түрлі генотиптердің үйлесімділігі, инбридинг пен гетерозистің биологиялық мәні, селекцияның әсерін (эффект) алдын ала болжау, малдың генотиптерін бағалау әдістерін жетілдіру және т.б.

Малды фенотипі бойынша бағалау мен сұрыптау – оның шаруашылыққа пайдалы басқа негізгі белгілер арасындағы байланыстарға негізделген. Малдың дене бітімі мен экстерьеріне берілген бағаны пайдаланып, денсаулығы жақсы, қалыпты көбейетін, жоғары өнімді жануарларды іріктеп алу қиынға түспейді. Дене бітімі мен экстерьерінің белгілері мамандардың жануарларды бір-бірінен жақсы айыруына, сыртқы ерекшеліктері бойынша тани білуге, олардың аттарын немесе нөмірлерін есте сақтауға жәрдемдеседі. Малдың дене бітімі мен экстерьеріндегі әр түрлі белгілердің маңызы түрліше. Экстерьердің жануарлардың негізгі өнімділігі тығыз байланысы бар мүшелері сұрыптауда маңызды рөл атқарады. Малдың басына, кеудесіне, бөксесіне, желініне, терісіне, алдыңғы және артқы аяқтарына – жалпы дене бітіміне қарап, оның өнімділік бағытын анықтауға болады. Демек, дене бітімі мен экстерьері бойынша сұрыптаудың міндеті табындағы малдың дене бітімінің мықтылығын, керекті ірілігін, белгілі бір өнімділік бағытына сай келетін дене құрылымының үйлесімділігін, өнімділігімен тығыз байланысты кейбір дене мүшелерінің дамуын нығайта түсу болып табылады.

...

Скачать:   txt (139.5 Kb)   pdf (370.6 Kb)   docx (54.2 Kb)  
Продолжить читать еще 42 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club