Болмыстың субстанциялық концепцияларын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
Автор: bagashar • Февраль 20, 2021 • Лекция • 595 Слов (3 Страниц) • 5,699 Просмотры
4 практикалық сабақ
Болмыстың субстанциялық концепцияларын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау
Болмыс-бар болып отырғанның,өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын және олардың ең маңызды қасиетін-бар болу,нақты өмір сүруді білдіретін категория.Оған мағынасы жақын ұғымдар:космос,дүние,табиғат ұғымдарын атауға болады.Болмысты жалпы түрде реалды және идеалды деп бөлуге болады.Реалды болмасты өмір сүру,бар болу деп ал идеалды болмысты мән деп атайды.Реалды болмыс кеңістіктік-уақыттық сипатқа ие,қайталанбайтын,индивидуалды заттардың,үрдіс-процестердің,адамдардың нақты өмір сүруі.Ал идеалды болмыс мәңгі,уақытқа тәуелсіз,өзгермейтін.Құндылықтар,идеялар,ұғымдар идеалды болмысқа жатады.
Болмыстың осылайша жалпы бөлінуін одан әрі жіктеуге болады,оның мынандай түрлерін атауға болады:тірі және өлі табиғаттың заттары,қасиеттері және қатынастары болмысы,адам болмысы,әлеуметтік болмыс,рухани болмыс,материалдық заттар мен олардың түсінігі,ұғымы,теория түрінде бейнеленетін идeалдық образдар болмысы.
Тірі және өлі табиғаттаң заттары,қасиеттері және қатынастары болмысын қоршаған орта деген ұғым арқылы көрсетуге болады.Қоршаған орта бірінші және екінші табиғат деп бөлінеді.Бірінші табиғат-адамнан бұрын пайда болған,оған дейін өмір сүргеннің бәрі.Табиғат кеңістік пен уақытта шексіз,табиғат болмысы өзгермелі,объективті реалды.Онсыз адам өмірі мүмкін емес,бірақ табиғатқа мән-мағына беретін,оны қабылдайтын-ол адам.Екінші табиғат-адам бірінші табиғат материалдарын өз еңбегі мен білімінің көмегімен өңдеуінің нәтижесінде жасаған заттар дүниесі,ол табиғи материал мен нақты индивидтердің рухани қызметінің және бұл заттардың әлеуметтік қызметтері мен міндеттерінің ажырамас бірлігі.
Адам-табиғаттың бөлшегі,сондықтам адам денесінің болмысына да болмау,пайда болу,қалыптасу,күйреу және басқа күйге көшу тән.Бұл фактор адамды өз денесін күтуге мәжбүр етеді,онсыз адам болмысы мүмкін емес.Жеке адамның болмысы оның тек физикалық денемен шектелмейді,сонымен қатар оның рухани болмысын,жан дүниесін қамтиды.Адам болмысы әлеуметтік болмыс арқылы мәнді.
Болмысты жан-жақты түрде философияның саласы онтология зерттейді.Болмыс,оны құрайтын заттар,құбылыстар,процесстер сантүрлі болғанымен,осының бәрін біріктіретін бір бастау болуы мүмкін деген мәселе философтарды ерте заманнан ойландрды және бұл мәселе бойынша пайымдаушыларды-плюрализм,дуализм,монизм ілімдерінің өкілдері ретінде бөлуге болады.Дүниенің өзгермейтін,жойылмайтын бір бастауын,негізін бейнелейтін философиялық категория субстанция деп аталады.
1. Плюрализм-дүниенің көптүрлілігін,бұл түрлердің бір-бірінен тәуелсіздігін мойындайды.
2. Дуализм-дүниенің екі,материалдық және идеалдық бастауы бар дейді.
3. Монизм-Бір ғана бастау туралы тұжырымдайды.
Монизм идеалистік және материалстик монизм болып бөлінеді.Алғашқысы дүниенің негізі ретінде идеалдықты таниды.Ортағасырлық христиан және мұсылман ойшылдарының да басым көпшілігі осы монистік көзқарасты ұстанды,бірақ дүниенің негізі құдай деп паймдады.Материалисік монизм дүниенің бастауы материалды дейді.Ғылымның дамуы дүниенің бір,материалдық негізі бар екендігін дәлелдеді деуге болады.
Антика философтары материя ретінде барлық нәрселер одан пайда болып,кейін
...